Төрт күнге созылған «Құрманғазы және ұлы дала сазы» атты халықаралық фестивалін Алматы ж...
Жезқазғанда ақбөкендер ауыл арасын емін-еркін аралап жүр (ВИДЕО)
коллаж: madeniportal.kz
Жезқазған мен Сәтпаев қалаларының ортасында ақбөкендер көптеп жайылып жүргенін тұрғындар байқаған, деп хабарлады Мadeniportal.kz.
Әлеуметтік желідегі dauletten парақшасында тұрғындардың ауыл ішінде емін еркін жайылған ақбөкендер бейнесі жарияланған.
«Жаз бойы егістігі тапталған талай шаруа шырылдады. Ал мына видеода Жезқазғанда елді мекен маңында жүр. Саны геометриялық прогрессиямен өсіп жатыр. Қазақстанда киік, яғни ақбөкен саны соңғы жылдары айтарлықтай өсті. 2024 жылғы деректерге сәйкес, олардың саны шамамен 4,1 миллион басқа жетті, бұл әлемдік популяцияның 99%-ын құрайды. Бұл көрсеткіштер киіктердің санының тұрақты өсімін көрсетеді, себебі 2019 жылы олардың саны 334 мың ғана болған», делінген парақшадағы жазбада.
Айта кететіні алдағы жылдары киіктердің саны бұдан да өседі деген болжам бар екен.
«Алдағы екі жылда киіктердің саны 5 миллионнан асуы мүмкін деген болжам бар. Бұл өсім ауыл шаруашылығына белгілі бір қиындықтар туғызуы ықтимал. Даламыздың киесі десек те, қайтпек керек? Бұлай кете берсе ауыр зияны киесінен емес тап өздерінен болғалы тұр», делінген жазбада.