Жалағаштың жыл қорытындысы

Жаңалықтар
1441



Өткен жыл еліміз үшін бірлік пен берекенің, ынтымақ пен татулықтың, тарихи және саяси оқиғаларға толы жыл болғаны баршамызға белгілі. Ел жаңғыруының бастамасы ретінде 5 маусым күні елімізде Ата Заңымыз Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өткізілді. Сонымен қатар, ел өміріндегі ең маңызды саяси оқиға – Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтті.

Елдік қасиеті сынға түскен сындарлы шақ Ел Президентін сайлау кезінде Жалағаш халқы да үлкен ауызбіршілік танытып, саяси додада өз үлестерін қосты.

2022 жыл еліміздегі экономикалық даму мен қалыптасқан саяси тұрақтылықтың арқасында аудан халқы үшін ірі серпінді жобалардың жүзеге асуымен табысты жыл болып, киелі Жалағаш жерінде толайым тірліктер атқарылды. 

«Алтын дән-2022» мерекесі кең көлемде аталып өтті. Мерейтой аясында еңбек озаттары мен Жалағаш ауданының «Құрметті азаматтары» марапатталып, республикалық ақындар айтысы өткізілді. 

Республика, облыс көлемінде болып жатқан оң өзгерістермен бірге ауданымызда да бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды.

Ауылдарды дамыту жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Ауылдардың инфрақұрылымы дамып, өндіріс орындары ашылып, көркейту-абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 

Ауылдық округтердің ішкі көшелері жөндеуден өткізіліп, жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.

Атқарылған жұмыстар негізінен әлеуметтік саланы дамытуға, әлеуметтік міндеттемелерді уақытылы орындауға, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және аудан экономикасын әртараптандыруға бағытталған.

2022 жылдың қорытындысымен ауданда жоспарланған макроэкономикалық көрсеткіштертің барлығында өсім қалыптасты.



Атап айтқанда:

Өнеркәсіп өнімдерін өндіру 166,7 пайызды құрап, 24 млрд. 912 млн. теңгенің өнімі өндірілді («Көлжан» ЖШС - 12 949 381 мың теңге шикі мұнайды өндіру, «Nomad Solar» ЖШС - 1 934 507 мың теңге және «Шиелі жарығы» ЖШС - 607 251 мың теңге электр энергиясымен жабдықтау, «Арал» ОДСП - 347 389 сумен жабдықтау, «Сыр Арна» ЖШС - 9 156 мың теңге зиясыз қалдықтарды жинау).

Оның ішінде, Өңдеу өнеркәсібі шаруашылықтардың күріш ақтау есебінен 100,1 пайызға орындалып, 9 млрд. 74 млн. теңгенің өнімдері өндірілді («Агро холдинг Қызылорда» ЖШС - 393 780,0 мың теңге, «Мақпалкөл» ЖШС - 8 480 мың теңге, «Таң ЛТД» ЖШС - 366 960 мың теңге, «Аққұм Жер» ЖШС - 340 760 мың теңге ақталған күріш, «Өркен Әлем» ЖШС - 3 833 038 мың теңге және «Талапкер» ЖШС - 3 606 мың теңге жеңіл өнеркәсіп, «Агрохимсервис-С» ЖШС - 2 550 000 мың теңге тыңайтқыш өндірісі, «Аrman COM» ЖШС - 2 120 мың теңгешлакоблок өнімдері). 

Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 115,0 пайызды құрап, ауданға 11 млрд. 839 млн. теңге инвестиция тартылды.

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 26 млрд. 315 млн. теңгеге орындалып 100,1 пайызға орындалды. 

19 716 шаршы метр болатын 136 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 112,4 пайызды құрады.

Бөлшек сауда көлемі 3 млрд. 345 млн. теңгені құрап 102,4 пайызға орындалды.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 5 млрд. 577 млн. теңгеге орындалып, 110,4 пайызды құрады.

Макроэкономикалық көрсеткіштертің орындалуы бойынша аудандар арасында алдыңғы қатардан көріндік. 

Қаржы-салық саясаты 

2022 жылғы ауданның бюджеті 11 млрд. 662 млн. теңге болып бекітілген болатын. 

Жыл көлемінде қосымша бөлінген нысаналы трансферттер есебінен аудан бюджетінің жалпы көлемі 14 млрд. 291 млн. теңгеге жетті. 

Бұл ретте ауданның жалпы түсімдері 14,1 млрд. теңгені құрап, жоспар 100,3 пайызға орындалды (40,5 млн. теңге артық түскен).

Оның ішінде, өз кірістеріміз 1 млрд. 979 млн. теңгені құрап, жылдық жоспар толық орындалды (100,8% пайызды құрап, 15,4 млн. теңге артық орындалды).

Шығыстар жоспары 14 млрд. 275 млн. теңге орындалып, 99,9% құрады (16,3 млн. теңге игерілмеді, о.і. үнемделген - 9,2 млн. теңге, игерілмегені – 7,1 млн. теңге). 

2022 жылы ауданда ауыз су желілерін жүргізу мен жабдықтау, көпірлер мен жол жөндеу, әлеуметтік нысандардың құрылыстары, тұрғын үйлерді күрделі жөндеу, әлеуметтік нысандарды газдандыру, жарықтандыру, абаттандыру жұмыстарын атқаруға яғни, барлығы  30 жобаға бюджеттен (ҚР Ұлттық қоры, республикалық және облыстық бюджет) 2 млрд. 659 млн. теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылды.

Анықтама үшін:

- Ауыз су желілері - 4 жоба. Жалпы құны - 1 млрд. 23 млн. теңге.

- Жол құрылысы - 9 жоба. Жалпы құны - 760,9 млн. теңге.

- Көпірлерді жөндеу - 1 жоба. Жалпы құны - 149,5 млн. теңге. 

- Тұрғын үйлерді күрделі жөндеу - 1 жоба. Жалпы құны - 36,0 млн. теңге.

- Әлеуметтік нысандар - 3 жоба. 2022 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасымен бөлінген қаржы көлемі - 304,6 млн. теңге.

- Газдандыру - 4 жоба. Жалпы құны - 130,7 млн. теңге.

- Жарықтандыру - 4 жоба. Жалпы құны - 286,2 млн. теңге.

- Абаттандыру - 4 жоба. Жалпы құны - 42,7 млн. теңге.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша

2022 жылдың қорытындысымен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3084 бірлікті құрап, 20,7 пайызға, оның ішінде нақты жұмыс жасап тұрғаны 557 бірлікке немесе 23,8 пайызға артты.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» аясында іске асырылуда. 

Бизнесті қолдаудың негізгі құралдарының бірі - ұлттық жоба шеңберіндегі қаржылық қолдау. 

Есепті жылы аудан бойынша 3 млрд. 212 млн. теңгені құрайтын 446 жоба қаржыландырылып, 462 адам жұмыспен қамтылды. 

Сонымен қатар, қызыл мия тамырын өңдеу зауытының жұмысын жандандырып, қайта іске қосу жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі күні Қытай Халық Республикасынан қажетті газ қондырғысының жабдықтары әкелініп, нысанның  жылу жүйесі табиғи газ отынына көшірілді. Қазіргі таңда мия зауытында 15 адам тұрақты жұмыс жасауда. Жұмысты бастау үшін зауытта қажетті мия тамырының қоры бар. 

Зауыт ағымдағы жылдың ақпан айында толық іске қосылып, 60 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Атап өту қажет, 2022 жылы «Адима» жеке кәсіпкері «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында картон қалдықтары мен макулатурадан эковата шығаруды қолға алды. 

Кәсіпкер полигон құрылысы үшін берілген уақытша жер учаскесінен жер алып, жұмыс жасауда. Қазіргі уақытта цехта 2 адам жұмыспен қамтылған.

Цех сағатына 150 кг өнімді өндіреді.

/Эковата –целлюлозалық жеңіл жылу жабдықтаушы материал және оның 80 %-ы картон және қағаз макулатурасынан, 12 %-ы бор қышқылынан және 7 %-ы оттан қорғайтын антиперен (бура) қоспасынан тұрады/. 

/жеке қаражат есебінен 13 млн.теңге және «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2,0 млн.теңге грант алған/ 

Сондай-ақ, ауданда антифриз өндірісі қолға алынды. Жоба құны – 15 млн теңгені құрайды. Жеке кәсіпкер Асхат Ермекбаев 2022 жылы Ұлттық жоба аясында 5 млн. теңге қайтарымсыз грант және  6 млн. теңге жеңілдетілген несие алып, тәулігіне 1000 литр антифриз өндіріп, 5 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Жеке кәсіпкер антифриз өніміне «СТ-KZ» сертификатын да алды.

Атап өтетін келесі нысан – «ID Senim» ЖШС-нің гемодиализ орталығы (10 орынға арналған). Негізгі қызметі диализге және трансплантацияға дейінгі ауқымды қамтиды және бүйрек ауруын емдейді.

Жоба құны - 102 млн. теңгені құрайды. Бүгінгі күнге   11 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. 

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша

Аудан бойынша барлығы 330 шаруашылықтың 194-і (58,7%) егінмен және 136-сы мал шаруашылғымен (41,3%)  айналысады.

Жалпы өткен жылы барлығы 35 486 гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары егіліп, өнімдер толық жиналды. Су тапшылығына қарамастан диқандар ерен еңбектің үлгісін көрсетіп,  18 501 гектар күріштің әр гектарынан 55,8 центнер немесе 103 235 тонна өнім алынды.

Анықтама үшін: негізгі дақыл күріш 18 501 га, бидай - 720 га, қант құмайы - 73 га, арпа - 42 га, соя - 39 га, мақсары - 520 га, сүрлемдік жүгері - 445 га, сұлы - 5 га, қант қызылшасы - 2,5 га, жаңа жоңышқа - 4903 га, картоп - 646 га, көкөніс - 1108 га және бақша өнімдері - 1296 га, ескі жоңышқа - 7186 га.

Сонымен қатар, тәжірибелік мақсатта алғаш рет 73 га қант құмайы, 39 га соя, 5 га сұлы, 2,5 га қант қызылшасы дақылдары егілген.

Ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңарту мақсатында 713,8 млн. теңгеге 48 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды.

Алдағы уақытта егін саласын әртараптандыру бағытында да дақылдардың түрін арттыру жұмыстары жүргізілетін болады.

2023 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының бекітілген сызбасына сәйкес 37 052 гектарға егiс орналастыру жоспарлануда.

Анықтама үшін: негізгі дақыл күріш - 19 800 га, бидай - 750 га, қант құмайы - 70 га, арпа - 70 га, соя - 35 га, мақсары - 520 га, сүрлемдік жүгері-700 га, сұлы - 5 га, қант қызылшасы - 2 га, жаңа жоңышқа - 4850 га, ескі жоңышқа - 7200 га, картоп - 646 га, көкөніс - 1108 га және бақша өнімдері - 1296 га.

Сонымен қатар, 2022 жылы 250 гектар жер дайындалып, картоп, көкөніс, бақша дақылдарын орналастыруға 802 отбасыға бөлініп берілді.

Жаңадан дайындалған жерлдерге 146 гектар картоп, 8 гектар көкөніс және 96 гектар бақша дақылдары егілді. Орналастырылған дақылдар уақытылы, толығымен жиналып алынды.

2023 жылы осы жұмыстарды жалғастыруға 500 гектар жер дайындалып (суаруға мүмкіндігі бар бос жерлер және ескі бақша орындары), әрбір елді мекеннің егістік жер көлеміне байланысты бөлініп, бекітілді. 

Егін шаруашылығымен бірге аудан экономикасының негізгі резервінің бірі мал шаруашылығы да тұрақты дамуда. 

Аудан көлемінде барлығы 37 407 бас мүйізді ірі қара, 40 566 бас уақ мал, 19 782 бас жылқы, 690 бас түйе, 10 359 бас құс өсірілуде. 

Өткен жылмен салыстырғанда МІҚ-4,1%-ға, қой мен ешкі-0,4%-ға, жылқы 39,2%-ға, түйе 2,5%-ға, құс 2,7%-ға көбейген.

Сонымен қатар 2022 жылы 4 мың тонна ет (тірі салмақта),  11,7 мың тонна сүт және 229 мың. дана жұмыртқа (жеке тұрғындардан) өндірілді.

Аудан көлеміндегі асыл тұқымды малдың үлес салмағы  2,0 пайызға жетті.

Қазіргі таңда аудан бойынша 4 шаруашылық асыл тұқымды мүйізді ірі қара, 3 шаруашылық асыл тұқымды қой малын өсірумен айналысуда. 

- «Бақдаулет - 57» ШҚ - Аққұм ауылы. 2013 жылы Батыс Қазақстан облысынан 68 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас қашарын, 2015 жылы Ақтөбе облысынан 1000 бас асыл тұқымды қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты қойын сатып алды.

- «Боранбай» ШҚ Еңбек ауылы. 2021 жылы Арал ауданы, «Ықылас» шаруашылығынан 38 бас асыл тұқымды қазақтың ақбас сиыры мен 1 бас бұқаны сатып алды.

- «Адал» ЖК - Жаңадария ауылы. 2011 жылы РФ Алтай өлкесі, Онкудай өңірінен 50 бас қазақтың ақбас сиырының қашарлары мен 2 бас бұқасын сатып алды. 2022 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы «Жандос» ШҚ-нан қосымша 30 бас асыл тұқымды сүт бағытындағы Симментал сиырының қашарларын алды.

- «Еркебұлан» ЖК - Ақсу ауылы. 2018 жылы РФ Бурятия Республикасынан 100 бас асыл тұқымды қалмақ сиырының қашарларын сатып алды.

- «Туған жер» ШҚ - Аққыр ауылы. 2008 жылы Ақтөбе облысынан қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты қойының 420 бас ұрғашы тұсағын ,12 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды. 

- «Атамекен» ШҚ - Аққыр ауылы. 2021 жылы 1200 бас тауарлы, 400 бас асыл тұқымды ет бағытындағы қазақтың ірі қылшық жүнді құйрықты қойын 60 бас қошқарын сатып алды. 

2022 жылы Жаңадария ауылынан «Адал» шаруашылығы сүт бағытындағы фермасын ашу мақсатында Қарағанды облысынан 30 бас асыл тұқымды «Симментал» сиырының қашарларын алды. 

Сонымен қатар, Аққұм ауылынан «Бақдаулет-57» шаруа қожалығы сүт фермасын ашу мақсатында ү.ж. наурыз айында Чехия мемлекетінен асыл тұқымды сиырлар әкелуді жоспарлап отыр. 

Ауданда азық-түлік бағасының өсуіне жол бермеу, оны тұрақтандыру бағытында да біршама жұмыстар атқарылып келеді. 

Өздеріңізге белгілі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттауының негізгі себебі азық-түлік өнімдері басқа облыстардан (Қостанай, Петропавл, Түркістан, Шымкент) қымбат бағада келуінен туындап отыр. 

Ауданда нан өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-нан әлеуметтік ұн алынып, ауданда орналасқан сауда орталықтарына және наубайхана иелеріне төменгі бағада берілді.

Сондай-ақ, «Ақниет-2» сауда орталығынан «әлеуметтік бұрыш» ашылып, сөрелердегі өнімдердің бағасы нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен сатылуда.

«Ер-Әлі» ШҚ 2022 жылы егінді әртараптандыру бағытында 24 гектар жерге картоп, 5 гектар жерге сәбіз, 2,5 гектар жерге қант қызылшасы дақылдарын орналастырды.

24 гектар жерге егілген картоптың әр гектарынан 150 центнерден барлығы 3600 центнер және 5 гектар сәбіздің әр гектарынан 120 центнерден барлығы 600 центнер, 2,5 гектар қант қызылшасының әр гектарынан 160 центнерден барлығы 400 центнер өнім алды.

Аудан тұрғындарын қолжетімді бағада азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында картоптың 1 кг 120 теңгеден, сәбіздің 1 кг 125 теңгеден сатуда.

Қазіргі таңда шаруашылықтың қоймасында 30 тонна сәбіз,  25 тонна картоп қоры бар.

         «Ер-Әлі» ШҚ өнімдері Қызылорда қаласында және ауданда өткізілген жәрмеңкелерде тұрғындар тарапынан жоғары сұранысқа ие болды.

         Бұл бағыттағы жұмыстар биылғы жылы да жалғасатын болады.



Жер қатынастары саласы бойынша

Жалағаш ауданының жер қоры 2 873 640 гектарды құрайды.

Анықтама үшін:

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 284 752 га,

Елді мекен жерлері – 42 760 га, 

Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жерлері – 15 854 га, 

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - 4 га, 

Орман қоры жерлері – 769 482 га, 

Су қоры – 14 902 га, 

Босалқы жерлер - 1 745 884 гектарды құрайды. 

Жер пайдаланушылардың саны 500, оның ішінде 456 шаруа қожалығы, 25 ЖШС, 14 басқа кәсіпорындар, 3 өндірістік кооперативі мен 2 мемлекеттік заңды тұлғалар.

Ауданда ауыл шаруашылығы жерлері бойынша биылғы жылы көлемі 5148 гектар жер учаскелері конкурс арқылы айналымға енгізілді (жоспар 5 мың га).

Сонымен қатар, елді мекендердегі жер учаскелерін сатудан аудан бюджетіне 16,6 млн. теңге қаржы түсірілді.

Пайдаланбаған жайылымдық жерлерге талдау жұмыстары жүргізіліп, мақсатты пайдаланылуы қатаң бақылауда.

2022 жылы мақсаты бойынша пайдаланылмаған не заңнаманы бұза отырып пайдаланылған барлығы 9075 гектар жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. (2021 жылы 41000 гектар жер учаскелері мемлекетке қайтарылған болатын)

Оның 1 230 гектары елді мекен тұрғындарының малдары жайылу үшін қалдырылды. 

Анықтама үшін:

Шартты мал бастарын есепке алғанда аудан бойынша 11 елді мекендерде 228 900 гектар жайылым жерлер жетіспейді. (Ақсу 20100 га, Бұқарбай батыр 13100 га, Таң 4800 га, Мақпалкөл 12000 га, Жаңаталап 1500 га, М.Шәменов 5400 га, Аққұм 26800 га, Мәдениет 9900 га, Мырзабай ахун 3900 га, Аламесек 1600 га, Жалағаш кенті 129800 га)

2023 жылы ауыл шарушлығы мақсатындағы жерлер бойынша  30 мың гектар жер учаскесін қайтару жоспарлануда.

Яғни, жерді бақылау одан әрі күшейетін болады. 

Аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша 

2022 жылдың қараша айында арнайы жұмысшы тобы құрылып, кент, ауылдық округтерді тұрақты аяқ сумен қамтамасыз ету бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде, елді мекендер бойынша қайта қазуды және қайта тазартуды, су тартатын насостар қажетті аймақтар нақтыланды.

2020-2022 жылдары облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы Жалағаш кенті және 5 елді мекенге 11 су тартқыш насостар алынды.

Анықтама үшін:

2020 ж 1 насос Еңбек ауылына;

2021 ж 4 насос Аққұм-2, Жаңаталап-1, Шаменов-1;

2022 ж 6 насос Жалағаш кенті- 3, Аққыр- 2, Мақпалкөл-1.

2021 жылы Жаңадария елді мекеніндегі «Мүлкілән» каналына тазарту, қайта қазу жұмыстары жүргізілді.

Биылғы жылы Қаракеткен елді мекеніндегі «Бекбай» каналының 8,7 шақырымына тазарту жұмыстары облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы арқылы жүргізіледі.

Сонымен қатар, биылғы жылға Қаракеткен және Жаңаталап елді мекендеріне техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстарының құрылысына облыстық бюджеттен - 82,6 млн теңге қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. 

Анықтама үшін:

- Жаңаталап елді мекеніне №1-ТВ, №2-ТВ, №3-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстарының құрылысы - 49,6 млн теңге; 

- Қаракеткен елді мекеніне №1-ТВ, №2-ТВ техникалық су ұңғымасын бұрғылау жұмыстарының құрылысы-33,0 млн теңге.

Бұдан бөлек, Жалағаш кентін аяқ сумен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджет есебінен 3 жерге су тартқыш насос қондырғылары орнатылатын болады.

Автомобиль жолдары саласы бойынша 

Жалағаш ауданының автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 234,1 шақырымды құрайды.  

Оның 50 шқ республикалық, 60,6 шқ облыстық, 123,5 шқ аудандық маңызы бар автомобиль жолдары. 

2022 жылы Ұлттық қордан және облыстық бюджеттен 196,5 млн. теңге қаржы бөлініп, Бұқарбай батыр ауылына кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолының 6,33 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Жаңадария бағытындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолының 17,1 шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен 123,0 млн. теңге бөлініп, 4,5 шақырымына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы жобаны аяқтау үшін облыстық бюджеттен 196,0 млн. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында 460,8 млн. теңге бөлініп 5 елді мекеннің 16 көшесіне күрделі жөндеу (Шаменов-9 көше, Еңбек-3 көше, Мырзабай ахун-2 көше, Жаңадария-1 көше, Аққыр-1 көше) және Жалағаш кентіндегі 2 көшеге (Конституция, Н.Әпрезов көшелері) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

2021 жылы құрылысы басталған Есет батыр ауылы бағытындағы оңтүстік коллектор көпірінің қайта жаңғырту жұмыстарын 2022 жылы толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Құрылыс жұмыстарына барлығы 134,4 млн. теңге бөлінді.  (2021 жылы ұлттық қордан 59,7 млн. теңге, 2022 жылы облыстық бюджеттен 74,7 млн. теңге) 

Бұдан бөлек, биылғы жылы облыстық бюджеттен 1 млрд.  584,7 млн. теңге бөлініп, «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2 елді мекеннің (Жаңаталап-Аққыр ауылдарының аралығындағы аудандық маңызы бар автомобиль жолының 20,6 шақырымын күрделі жөндеу - 664,8 млн. теңге, Ақсу ауылына кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолының 2,3 шақырымын орташа жөндеу -76,6 млн. теңге) кіреберіс жолдарына және «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында 4 елді мекеннің 12 ішкі көшелеріне (Жалағаш кенті - 5 көше, Бұқарбай батыр - 3 көше, Еңбек - 3 көше, М.Шәменов - 1 көше) жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. 

Жалағаш кенті Дәуімбай елді мекені тұрғындарының көтеріп жүрген мәселесі темір жол арқылы жаяу жүргіншілер өтуге арналған аспалы көпір құрылысы. 2023 жылға облыстық бюджет есебінен 184,8 млн. теңге қаржыландыруға қолдау тапты.

Бүгінгі күні мемлекеттік сатып алу жұмыстарының қорытындысымен мердігер мекеме («Гүлнур МК» ЖШС) анықталды. Құрылыс жұмыстары биылғы жылы басталады.

Газдандыру бойынша

Жалағаш кентінде орталықтандырылған газ желісі 2021 жылдың шілде айында пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда Жалағаш кентіндегі 2520 тұрғын үй (79,6 пайызы) және 9 әлеуметтік, 108 кәсіпкерлік нысандары орталықтандырылған газ желісіне қосылған (Жалағаш кентіндегі тұрғын үй саны - 3164).

Бұл аудан халқының 39,5 пайызын құрайды. 

Қазіргі таңда, Ақсу және М.Шаменов елді мекенін газдандыруға жоба - сметалық құжаттар әзірленіп, қаржыландыруға бюджеттік өтінім тапсырылды (Ақсу жоба құны - 545 млн теңге, М.Шаменов жоба құны - 684 млн теңге).

Аудандық бюджеттен Таң, Жаңақоныс, Аққұм, Бұқарбай батыр, Қаракеткен, Далдабай елді мекендеріне газ желісін тартуға жоба - сметалық құжаттарын әзірлеп, сараптамадан өткізу үшін  38,0 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» учаскесіндегі жаңа тұрғын ауданның инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымының газбен жабдықтау жүйесінің құрылысына биылғы жылға республикалық бюджет есебінен 603 млн. теңге қаржы бөлінді.

2022 жылы 6 бюджеттік және әлеуметтік нысандардың (Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйі, Мәдениет және өнерді дамыту орталығы, Аудандық қаржы бөлімі, «Ақмаржан», «Күншуақ», №19 санаториялық балабақшалары)  жылу жүйелерін газ отынына көшіруге 135,7 млн. теңге қаржы қаралып, бүгінгі күнге барлық нысанның құрылысы аяқталып, жылу жүйелері табиғи газға ауыстырылды.

Сонымен қатар, кент орталығында орналасқан 5 әлеуметтік нысанның қазандықтарын газға ауыстыру бойынша жоба - сметалық құжаттары әзірлеп, оның 4-уі респуликалық бюджеттің нақтылауына ұсынылды.

Көппәтерлі тұрғын үйлерді жөндеу

Аудан орталығындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ.

2022 жылы реуспубликалық бюджеттік кредит есебінен 36 млн. теңге қаржы бөлініп, Жалағаш кентіндегі 5 көппәтерлі (Желтоқсан №2, Шаменов №76, Шаменов №78, Қазыбек би №34, Қазыбек би №46) тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Т.Үркімбаев көшесінде орналасқан №1-ші және №2-ші көппәтерлі тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары дайындалып, тиісті министрлікке бюджеттік өтінім тапсырылды. 

Бұдан бөлек, Жалағаш кентінің Дәуімбай елді мекенінде 3 бөлмелі 20 тұрғын үйлердің құрылысына 410,2 млн. теңгеге жоба дайындалып, қаржыландыруға ұсынылды.

Елді мекендердің электр желілерін дамыту бойынша

Жалағаш ауданы бойынша электр желілерінің жалпы ұзындығы 457,5 шақырым (ВЛ-0,4 кВ – 259,7 шқ, ВЛ-10 кВ – 197,8 шқ), электр жүйелерінің орташа тозу деңгейі 45,2 пайызды құрайды.

Алдағы уақытта аудан бойынша 5 елді мекеннің электр желілерін жаңарту жұмыстарын жүргізу қолға алынады.

Ағымдағы жылы Ақсу (184,7 млн. теңге), Қаракеткен (95,6 млн. теңге) елді мекендерінде тұрғын үйлер секторының электр желілері құрылысына республикалық бюджеттен 270,3 млн. теңге бөлінді.

Аталған жобалар іске асырылған жағдайда аудан бойынша электр желілерінің тозу деңгейі 45,2 пайыздан 32,9 пайызға дейін төмендеуі күтілуде. 

Сондай-ақ, қазіргі таңда Мырзабай ахун (жоба құны - 141,2 млн. теңге), Т.Жүргенов (жоба құны - 435,1 млн. теңге), Есет батыр (жоба құны - 338,7 млн. теңге) елді мекендерінде тұрғын үйлер секторының электр желілері құрылысына жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, 2023 жылы республикалық бюджеттен 915,0 млн. теңгеге қаржыландыруға бюджеттік өтінімдер ұсынылды.

Сонымен қатар, 2022 жылы республикалық бюджеттен 273,1 млн. теңге бөлініп Жалағаш кентіндегі «Ақтерек» учаскесін электрмен жабдықтау жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Сонымен бірге, «Ақтерек» учаскесінен подстанция құрылысын салуға жоба-сметалық құжаттар әзірлеп, мемлекеттік сараптамадан өткізуге облыстық бюджеттен 18,1 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Жарықтандыру бойынша 

2022 жылы М.Шәменов ауылына кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолын жарықтандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 17,2 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толық аяқталды. 

Сонымен қатар, Жалағаш кентіндегі Қазыбек би көшесінің көше жарықшамдарын қайта жаңғыртуға облыстық бюджеттен 22,9 млн. теңге бөлініп, қазіргі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталды.

Сондай-ақ, Қаракеткен, Аламесек, Аққұм елді мекендерінің ішкі көшелерін жарықтандыру жұмыстарына аудандық бюджеттен қаржы бөлініп, жаңадан жарықшамдар орнатылды.

2023 жылы аудандық бюджет есебінен Жалағаш кентіндегі Тоғанас батыр, Б.Сопбеков, А.Бисенов көшелеріне жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Бұдан бөлек, Бұқарбай батыр елді мекенінің 16 көшесін жарықтандыру жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірленіп, 170,2 млн. теңгеге бюджеттік өтінім ұсынылды. 

Сондай-ақ, аудандық бюджеттен Қаракеткен елді мекеніне кіреберіс аудандық маңызы бар автомобиль жолын жарықтандыру жұмыстарына жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге 3,6 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету туралы

Халықты таза, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету-басты назарда тұрған міндеттердің бірі.  

Қазіргі таңда аудан тұрғындары 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.

2022 жылы Қазақстан Республикасының ұлттық қорынан Аққұм, Мәдениет елді мекендерінің ауыз су жүйесін кеңейту жұмыстарына, «Ақтерек» учаскесінің су ұңғымалары және су жинау-тарату кешенінің құрылысы мен сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына барлығы 1 млрд. 23 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар жүргізілді. Бұл жобалар өтпелі. 

Жобаларды толық аяқтауға 2023 жылға 149,1 млн. теңге бөлінді. Нысандар ағымдағы жылдың І тоқсанында пайдалануға берілетін болады.

Сонымен қатар, Есет батыр елді мекенінің ауыз су жүйесінің кеңейту жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттар әзірлеуге аудандық бюджеттен 4,2 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Әлеуметтік сала 

Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейін өсірмеу мақсатында жаңа жұмыс орындарын құру бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіліп келеді.

Бүгінгі күнге жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды, жастар арасында жұмыссыздық деңгейі 4,5 пайызды құрайды.

2022 жылы 2173 жаңа жұмыс орны ашылды (жоспар - 2420, о.і. тұрақтысы - 1342, уақытша - 1078). Оның ішінде 860-ы тұрақты, 1313-і уақытша жұмыс орындары. 

Есепті кезеңге 3581 адам халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласып, оның ішінде 1740 адам немесе 49 пайызы «Ұлттық жоба» бағдарламасына қатысушылар құрамына енгізілді. 

Сонымен қатар, 2022 жылы «Ұлттық жоба» аясында 13 жобаға 82 жұмыс орындары жарияланып, 70 адам жұмыспен қамтылды.

Білім беру саласы

Ауданда 34 (31 балабақша, 3 шағын орталық №115, 124, 203 мектептерде) мектепке дейінгі білім беру ұйымдары жұмыс жасайды, онда 2833 бала (МАД сыныптарында-589 баланы қосқанда) тәрбиеленуде. 

31 балабақшаның 10-ы мемлекеттік, 21-і жекеменшік балабақша. 

Мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 100%-ы қамтылған. Қазіргі таңда 1-6 жастағы балалардың қамтылуы 83,5 пайызды құрайды.

Балаларды 2 жастан бастап балабақшамен қамтылу міндеті тұр.  

Жалағаш ауданында 20 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді (қазақ тілінде оқытатындар - 19, аралас оқытатындар-1).

2022-2023 оқу жылында мектеп оқушыларының контингенті барлығы 7044 оқушыны құрады.

Былтырғы оқу жылында мектепті 358 оқушы бітіріп, ҰБТ-ға 323 бітіруші қатысты. Жалпы орташа балы 81,2-ні құрады. Алтын белгіні 24, үздік аттестатты 31 бітіруші иеленді.

Білім саласын цифрландыру бағытында атқарылған жұмыстарға келер болсақ, мектептердің барлығы 100% интернет желісіне қосылып, компьютерлер паркі 100%-ға жаңартылған. 

Бүгінгі күнге мектептердің 85 пайызы жаңа модификациялық кабинеттермен қамтамасыз етілген. Былтырғы жылы 40,8 млн. теңгеге 5 мектеп жаңа модификациялық кабинеттермен қамтылса, биылғы жылы 4 мектепті қамту жоспарланған.

Сонымен қатар, 2022 жылдың қазан айында «Ауыл - Ел бесігі» жобасы аясында жалпы құны 571,5 млн. теңгені құрайтын Жалағаш кентіндегі 200 орындық оқушылар үйі мен 50 орындық өнер мектебінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

2023 жылы жоба-сметалық құжаттары дайын №123 мектеп-лицейге қосымша ғимарат салу, №31 және №33 мектептерді күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарын жүргізетін боламыз.

Бұдан бөлек, «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында Жалағаш кенті орталығынан 300 орындық жаңа мектеп құрылысын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда 1,3 га жер телімі бекітіліп берілді. 2023 жылы жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, 2024 жылы мектеп құрылысы басталатын болады.

Мәдениет саласы

Ауданның мәдениет ұйымдары 2022 жылы ұлттық мәдениетті ілгерілетуге және дәстүрлерді жаңғыртуға, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған түрлі форматтағы 799 іс-шара, театр қойылымдары, шығармашылық конкурстар, фестивальдер, конференциялар, акциялар ұйымдастырып өткізді. 

Оның ішінде, Өнер және мәдениет қайраткері, аудан руханиятының көшбасшысы Комвуз Әбдрашитұлы Бердәулетовтың туғанына 90 жыл толуына арналған «Жаны жарқын жан еді» атты еске алу кеші, «Көктем нұры» атты мектеп оқушылары арасында дәстүрлі облыстық оқушылар айтысы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын, сазгер Айкүміс Орынбаеваның «Көктемді сендермен қарсы алам» атты жыр жинағының тұсаукесері, ақын Жақсыбай Сарбалаевтың туылғанына 80 жыл толуына орай «Жыр жұлдыз» атты жыр кеші, мәдениет қайраткері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақ журналистикасының қайраткері, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы Бейбітбек Бүркітбайұлының 70 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеші, Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері, Жалағаш ауданының Құрметті азаматы, режиссер Тынымбай Мәдиевті еске алуға арналған «Өшпес тұлға жолымен» атты облыстық театрлар байқауы өткізіліп, Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің жанындағы Халық театры Ерсайын Төлеубайдың «Жеңгетай» комедиясын сахналады. 

Ауданның мәдениет саласы өткен жылы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтқанда, Аққұм ауылдық кітапханасы «Рухани қазына - 2022» республикалық фестивалінде «Үздік ауылдық маңызы бар кітапхана» және Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйінің қызметкері Руслан Бурабай «Үздік аудандық мәдениет үйі қызметкері» номинацияларын иеленді. 

Сонымен бірге ауылдық, аудандық, қалалық, мектептердің және жоғарғы оқу орындары кітапханалары арасында өткізілген «Jana kitaphana - 2022» республикалық онлайн байқауына Мәдениет ауылдық кітапханасы қатысып, «Заманауи кітапхана» номинациясы бойынша «Қазақстан Республикасының Үздік кітапханасы» атағына ие болды. 

Мәдениет саласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында М.Шәменов ауылындағы мәдениет үйі ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді.

Қ.Қазантаев атындағы мәдениет үйі мен мәдениет және өнерді дамыту орталығы ғимараттарының жылу жүйелері табиғи газға ауыстырылды.

Сондай-ақ, Мырзабай ахун және Аққыр елді мекендерінен клуб ғимараттарының құрылысын жүргізу үшін әзірленген жоба-сметалық құжаттары мемлекеттік сараптамадан өткізіліп, қаржыландыруға ұсынылды. Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Сонымен қатар, Жаңаталап ауылынан 100 орындық клуб және Қаракеткен ауылынана 150 орындық клуб ғимараттарын салуға және Т.Жүргенов ауылдық мәдениет үйі ғимаратына күрделі жөндеу үшін аудандық бюджеттен жоба-сметалық құжаттарын әзірлеуге 15,9 млн. теңге бөлінді. 

Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Спорт саласы

Бүгінгі таңда 14 мыңға жуық аудан тұрғындары бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысады. Бұл жалпы тұрғындардың 38 пайызын құрайды. 

2022 жылы спортшыларымыз республикалық және халықаралық жарыстарға қатысып, ҚР чемпионаттарынан, Әлем және Азия чемпионаттарынан жоғары жетістіктерге қол жеткізді. 

Атап айтсақ, Гір спортынан Төлеген Қайсар - ҚР спорт шебері, Азия чемпионы, әлем қола жүлдегері, Мажиев Ислам спорт шеберіне үміткер - Азияның күміс жүлдегері, Сейтенов Абдулхасан жаттықтырушы - спорт шеберіне үміткер, Азия чемпионы.

Сонымен қатар қол добынан Жұмабек Альсина спорт шебері - Азия күміс жүлдегері, Алтынбек Қарлығаш спорт шебері - ҚР супер лигасының чемпионы, Жарбол Сандуғаш, Сейтмұрат Элизат - спорт шеберіне үміткерлер. 

Белбеу күресінен жерлесіміз Руслан Теміржан Астана қаласында өткен әлем чемпионатының жеңімпазы - спорт шебері атанды. 

2022 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында «Ауыл алаңынан - олимпиада тұғырына» атты республикалық байқауда «Наркескен» спорт клубының спорт нұсқаушысы Зәуребаев Азамат Таңсықбайұлы «Ең үздік спорт нұсқаушы» номинациясымен Мәдениет және спорт министрінің марапатын алды. 

2022 жылы спортшыларымыз 8 спорт шебері, 54 спорт шеберіне үміткер нормативтерін орындады. 

«Алтын күз - 2022» облыстық 35-ші ауыл спортшыларының спартакиадасында Жалағаш ауданы командалық есепте 3 орынды жеңіп алды. 

Бұдан бөлек, 2022 жылдың қорытындысымен облыстық рейтинг бойынша Жалағаш ауданы спорттық жетістіктермен 3 орынды иеленді.

Ауданның спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2022 жылы Жалағаш кентінде жаттығу және стритбол алаңының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы ағымдағы жылы аяқталып, ел игілігіне берілетін болады. 

Бұдан бөлек, Жалағаш кенті орталығында орналасқан орталық стадионды қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу үшін аудандық бюджеттен 6,3 млн. теңге бөлініп, жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілуде (Сараптамаға дейінгі құны 565,6 млн теңге).

Денсаулық сақтау саласы

2022 жылдың 12 айында аудан бойынша 778 (2021 жылы-921) бала дүниеге келіп, туу көрсеткіші 23,6 промильді (2021 жылы-27,1) құраса, сәби өлімінің 4 жағдайы тіркеліп, 5,1 промильді құрады. Ана өлімі тіркелмеген.

Аурулардың негізгі себептерінен болатын өлім-жітімнің өсу қарқынын төмендету бойынша жұмыс алдағы жылы да жалғасатын болады. 

Сонымен қатар, бірінші кезекте, біз халықтың медициналық көмектің нақты түрлеріне сұранысын ескере отырып, денсаулық сақтау инфрақұрылымын жетілдіруді жалғастыратын боламыз. 

Өздеріңізге белгілі, өткен жылы аймақ басшысының қатысуымен Таң елді мекенінен дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Мырзабай ахун және Аламесек елді мекендерінен дәрігерлік амбулатория құрылысына облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, жоба-сметалық құжаттары әзірленді. 2023 жылы нысандардың құрылыстарын «Денсаулық нысандарын қайта модернизациялау» жобасы аясында жүргізу жоспарлануда. Жобалардың жалпы құны 841 млн. теңге.

2022 жылы демеушілердің көмегімен жоба құны 42 млн. теңгені құрайтын 6 ойын алаңдары пайдалануға берілді. 

Сондай-ақ, өткен жылдың шілде айында ауа райының қолайсыздығына байланысты Қазыбек би көшесіндегі көппәтерлі тұрғын үйдің шатыры құлап, «Сәт Сервис» ЖШС-нің демеушілігімен 12 млн. теңгеге қайта шатырлау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, Жалағаш кентіндегі тұрмысы төмен  10 отбасыға газ кіргізуге көмек көрсетілді (4,5 млн теңге). 

Бұдан бөлек, 8 млн. теңгеге бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандардың жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары демеушілер есебінен жүргізілді. 

Атап айтқанда, Ақсу, Қаракеткен, Мырзабай ахун, Т.Жүргенов, Есет батыр елді мекендеріндегі тұрғын үй секторларының электр желілерін жүргізуге және Жалағаш кентіндегі 2 көппәтерлі тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жобалары әзірленді.

2022 жылы аудан көлемінде атқарылған жұмыстардың барысын және алдағы міндеттердің ретін қысқаша баяндадым.

Атқарылар жұмыстар ауқымды, мақсат – міндеттер де жоғары, жоспарланған жұмыстарды іске асыруға аймақ басшысы тарапынан үлкен қолдаулар жасалуда.

2023 жылы ауданда 3,2 млрд. теңгені құрайтын 25 жоба жүзеге асырылатын болады. Қазіргі таңда, бұл жобаларды жүзеге асыру үшін Республикалық бюджеттен 884,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен 2,2 млрд. теңге және аудандық бюджеттен 107,8 млн. теңге бөлініп, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.

Анықтама үшін:

- Жол құрылысы - 8 жоба. Жалпы құны - 1 млрд. 781,0 млн. теңге.

- Аяқ су -  2 жоба. Жалпы құны - 82,6 млн. теңге.

- Көпірлерді жөндеу - 1 жоба. Жалпы құны - 184,9 млн. теңге. 

- ИКИ - 5 жоба. Жалпы құны -  964,8 млн. теңге.

- Ауыз су - 3 жоба. Жалпы құны - 39,5 млн. теңге.

- Абаттандыру - 6 жоба. Жалпы құны - 107,8 млн. теңге.

Сонымен қатар, аудан бойынша 14,1 млрд. теңгені құрайтын 39 жобаның құжаттары дайын. Оның ішінде Республикалық бюджеттің қаңтар айында өтетін нақтылануына жалпы құны 2 млрд. 708 млн. теңгені құрайтын 13 жоба ұсынылды.

Анықтама үшін:

Ақсу елді мекенін газдандыру – 545,2 млн теңге;

М.Шәменов елді мекенін газдандыру – 684,0 млн теңге;

Есет батыр ауылының тұрғын үй секторының электр желілері құрылысы – 357,0 млн теңге;

Т.Жүргенов  ауылының тұрғын үй секторының электр желілері құрылысы – 423,9 млн теңге;

Мырзабай ахун ауылының тұрғын үй секторының электр желілері құрылысы – 148,4 млн теңге;

М.Шәменов ауылдық округінің 2 көшесінің (оң жақ жағалау, сол жақ жағалау) құрылыс жұмыстары – 86,5 млн теңге;

Бұқарбай батыр ауылдық округінің 11 көшесінің құрылысы – 403,2 млн теңге;

Жалағаш кентіндегі Т.Үркімбаев №1 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу – 2,9 млн теңге;

Жалағаш кентіндегі Т.Үркімбаев №2 көппәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеу – 2,9 млн теңге;

Аудандық «Наркескен» спорт клубының жылу жүйесін газге ауыстыру - 16,0 млн теңге;

Аудандық ішкі саясат бөлімінің жылу жүйесін газге ауыстыру - 6,5 млн. теңге;

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің жылу жүйесін газге ауыстыру - 12,3 млн. теңге;

Аудандық орталықтандырылған кітапхананың жылу жүйесін газге ауыстыру - 19,4 млн. теңге.

Бұдан бөлек, 1 млрд. 253,0 млн. теңгені құрайтын 3 нысанның жоба-сметалық құжаттары әзірленіп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Анықтама үшін:

- Жалағаш кентіндегі орталық стадионды қайта жаңғырту. Сараптамаға дейінгі жоба құны 565,6 млн. теңге;

- Жалағаш кентінде қоқыс полигонын (сұрыптау алаңы) салу. Сараптамаға дейінгі жоба құны 526,0 млн. теңге;

-        Бұқарбай батыр ауылдық мәдениет үйі ғимаратының күрделі жөндеу. Сараптамаға дейінгі жоба құны 161,3 млн. теңге.

         Сонымен қатар, облыстық және аудандық бюджеттен  24 нысанға жоба-сметалық құжаттарын дайындауға 134,8 млн. теңге қаржы бөлінді.

         - Жолдар, ішкі көшелерді жөндеу - 12 жоба 42,2 млн. теңге;

         - Газбен қамту - 5 жоба 42,0 млн. теңге;

         - Көпір - 1 жоба 8,8 млн. теңге;

         - Ауыз су - 1 жоба 4,2 млн. теңге;

         - Жарықтандыру - 1 жоба 3,6 млн. теңге;

         - ИКИ - 1жоба 18,1 млн. теңге;

         - Мәдениет саласы 3 жоба 15,9 млн. теңге;

Биылғы жылы да ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту бойынша міндеттер тұр. Оның ішінде салықтық түсімдер көздерін, кәсіпкерлік пен ауылшаруашылық өнімдерін өндіруді ұлғайту. Ең маңыздысы тұрақтылықты нығайту болып қала бермек.

Өздеріңіз таныс болғандай, ауданда атқарылып жатқан жұмыстар қатары аз емес. 

2023 жылдың қоғамдық-саяси маңызды шараларының күнтізбелік тізіліміне енгізілген мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына, Социалистік Еңбек ері, ауыл шаруашылығы саласының майталманы Ысқақ Жолмырзаевтың 125 жылдығына, қоғам қайраткері Әбдірашит Бердаулетовтың 125 жылдығына, елімізге белгілі ақын Төлеубай Үркімбаевтың 125 жылдығына, ауыл шаурашылығының көрнекті ұйымдастырушысы Камал Бердаулетовтың 100 жылдығына, мемлекет және қоғам қайраткері Исатай Әбдікәрімовтің 100 жылдығына арналған шаралар өткізілетін болады.

Алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында жоспарланған және іске асырылып жатқан жұмыстар БАҚ өкілдеріне мерзімінде ақпараттандырылатын болады. 


Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...