ӘБІЛҚАЙЫР ХАН, ТӨЛЕ БИ, АБАЙ АТАУЛАРЫ ӨЗГЕРТІЛМЕЙТІН БОЛДЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР
9928

Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның отырысы болып өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылғы 20 наурызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның отырысы болып өтті, онда бірқатар жергілікті мәслихаттардың облыстық қалалардың орталық көшелерін қайта атау туралы шешімдері қаралды.

Атап айтқанда, Комиссия бірқатар облыс орталықтарының көшелерін ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаевтың құрметіне қайта атау туралы шешімдері қолдау тапты.

Сонымен бірге, Республикалық ономастикалық комиссия Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Жамбыл облыстарының әкімшілік орталықтарындағы қайта атау үшін ұсынылған көшелер мен өзге объектілерді анықтай отырып, қайта қарауды ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, 20 наурызда ҚР Президенті Қ.К.Тоқаев заманымыздың ұлы тұлғасы және тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Қазақстанның ірі қалаларының орталық көшелерін қайта атау жолымен мәңгілік есте қалдыруды ұсынған болатын.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Петропавлда құрамында алкоголь болуы мүмкін белгісіз сұйықтықтан уланған үш ер адамның барлығы қайты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада жол қозғалысы ережелері мен қоғамдық тәртіпті бұзған екі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікк...