Бірнеше мәдени ұйымдардың шығындарын субсидиялау көлемі ұлғаймақ

ЖАҢАЛЫҚТАР
3054

Қазақстандағы 4 мәдени ұйымның шығындарын мемлекет тарапынан субсидиялау көлемі артуы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Туризм индустриясы комитеті төрағасының бұйрығында көрсетілген. 

«Наталия Сац атындағы Орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына бөлінетін субсидия 85-тен 86%-ға өседі. Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының шығыстарын субсидиялау 91-ден 92%-ға артады. Ал Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры мен ҚР Ұлттық музейіне бөлінетін субсидия 94,8-ден 95%-ға ұлғаяды», - деп жазылған құжатта.

Бұйрықты ашық талқылау 3 ақпанға дейін жалғасады.

ҚазАқпарат


ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...