Ләззат Танысбай «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы болып тағайындалды

ЖАҢАЛЫҚТАР
7704

Белгілі журналист Ләззат Танысбай «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Фейсбуктегі парақшасында хабарлады.

«Қымбатты достар! Бүгін «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ ұжымына жаңа басшы - Ләззат Танысбайды таныстырдым. Ләззат Мұратқызы белгілі журналист, телевизия саласының білікті маманы әрі табысты топ-менеджер екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Л. Танысбай қазіргі уақытқа дейін қолға алынған іргелі шараларды одан әрі жалғастырып, корпорацияны жаңа деңгейге көтереді деп сенемін» делінген хабарламада. Сондай-ақ, Дәурен Абаев жазбада бұған дейін «QAZAQSTAN» РТРК» АҚ төрағасы қызметін абыройлы атқарған Ерлан Тынымбайұлы Қаринге алғыс айтып, жаңа қызметінде табыс тіледі.

madeniportal.kz

author

Ләззат Мұратқызы Танысбай

ЖУРНАЛИСТ

PESTEL

Иранның жаңа Жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи денсаулық жағдайына байланысты және қауіпсіздік мақ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...