Жарылыс қаупі бар аумаққа енді роботтар жіберіледі

Фото: ТЖМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1438

Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілердің жеке құрамымен практикалық сабақтар ұйымдастырылды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жаттығудың басты ерекшелігі – өрт сөндіруге арналған заманауи робот-құтқарушыны қолдану болды.

Сабақ барысында мамандар роботтың жұмыс істеу тетіктерін, басқару қағидаттарын түсіндіріп, оның нақты мүмкіндіктерін көрсетті. Әсіресе қашықтықтан басқару пульті арқылы лафеттік оқпаннан су беру тәсіліне баса назар аударылды.

Бұл робот төтенше жағдайларда адам өміріне төнетін қауіп-қатерді азайтуға бағытталған. Ол жарылыс қаупі бар немесе зиянды заттары шоғырланған аумақтарда тиімді қолданылады. Роботтың басты артықшылығы – өрт сөндіру жұмыстарын қауіпсіз қашықтықтан жүргізе отырып, мамандардың өмірін қорғау мүмкіндігі. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...