Орхан Памуктың «Оба түндері» келе жатыр...

ӘДЕБИЕТ
2835

Орхан Памук 2016 жылы ақпан айында басылып шыққан «Жирен шашты әйел» романынан кейін, араға 5 жыл салып, «Оба түндері» (Veba Geceleri) атты су жаңа романы оқырман қауымға жол тартпақ, деп хабарлайды Мәдениет порталының тілшісі, Түркиялық  Cumhuriyet газеті.

Орхан Памук

Орхан Памуктың "Оба түндері" тарихи романы, Түркиялық Yapı Kredi Yayınları баспаханасынан 2021 жылдың наурыз айында, яғни бірнеше аптадан кейін, кітап дүкендерінің сөрелерінде пайда болады.  

1901 жылы Османлы Империясының Мингер аралында орын алған оба індеті жайлы жазылған роман, шықпай жатып-ақ оқырмандар мен әдебиет зерттеушілерінің назарын өзіне аудартып үлгерді. Бірнеше жыл бұрын жаңа романын жазуды бастаған Орхан Памук, бұл шығармасының қазіргі пандемия уақытына тұспа-тұс келетінін сезбесе керек-ті. 

"Оба түндері" - саяси және махаббат романы, сонымен қатар пандемия, карантин, мемлекет пен индивидуалды тұлға мәселелерін талқылайтын шығарма.

madeniportal.kz

author

Орхан Памук

ЖАЗУШЫ

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Президентінің орталығында 23-27 сәуір күндері «Ast...

Шоу-бизнес

«Астарлы ақиқат» бағдарламасының жүргізушісі Асхат Садырбай бұрынғы жұбайы Айғаным Қораб...