«Бір апта бұрын ұрып-соққан»: Қызылордада 14 жастағы баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
139

Қызылордада 14 жастағы Нұрисламбек есімді жасөспірімнің қазасына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Марқұмның туыстары қайғылы оқиғадан бір апта бұрын болған жанжал мен оның өлімі арасында байланыс болуы мүмкін деп күдіктенеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Туыстарының әлеуметтік желідегі жазбасына сүйенсек, Нұрисламбек қаладағы Тұрар Рысқұлов атындағы №222 мектепте оқыған. Ол сабақтан бос уақытында анасына көмектесіп, орталық алаңда ойыншық көліктерді жалға беру ісіне қолғабыс еткен.

Отбасының айтуынша, қайғылы оқиғадан шамамен бір апта бұрын сол жерде жұмыс істейтін жасөспірімдер арасында клиентке талас салдарынан жанжал туындаған. Туыстары сол кезде Нұрисламбекті жұмыс беруші әйел ұрып-соққанын мәлімдеді.

«Ең өкініштісі – бауырым оған ешқандай қарсылық көрсетпеген, қолының ұшын да тигізбеген. Нұрисламбек ешкімге күш көрсетпей, сабыр сақтаған», – делінген туысының жазбасында.

Сондай-ақ марқұмның жақындары жариялаған бейнежазбада жанжалдан кейін әйелдің қалтасынан бұрауыш түсіп қалғанын алға тартады. Олар тергеу барысында бұл жайттың да назардан тыс қалмауын сұрап отыр.

Қазіргі уақытта жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Туыстары оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты тексеріп, кінәлілер болса, заң аясында жауапқа тартуды талап етеді.

Айта кетейік, отбасы айтқан деректер әзірге тергеу қорытындысымен расталған жоқ.

Шоу-бизнес

Қазақстандық танымал әнші Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде жариялаған кезекті жазбасымен көпшілікт...

СПОРТ

Қазақстандық кәсіпкер, «Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранб...