Ким КИ Дук
АКТЕР"Адамды табиғаттан бөліп қарастыруға болмайды"
Ким Ки Дук (Гидок)
Бүгінгі таныстырылым шығыс-азияның "Ломоносовы" атанған әйгілі режиссер Ким Ки Дук жайында болмақ. Балалық шағында "ұсқынсыз" есімінен именген жас таланттан "аққу" дарын иесі шығады деп ешкім ойламаса керек.
Ескерту: Ким аттас бұл елде екі режиссер бар (бірінші Ким 2017 жылы рак ауыруынан дүние салған).
Қазіргі аты әлемге әйгілі режиссер 1960 жылы оңтүстік кореяның шағын қыстағында дүниеге келген. Ата-анасы қарапайым шаруа адамдары болғанымен болашақ кинофестиваль жүлдегері оқуға зейінсіз, бұзық боп өседі. Ол кездегі корей дәстүрі үшін бұл тым шектен шығу болса керек. Гидоктың (әрі қарай осылай аталады) ата-анасы астанаға қоныс аударысымен ұлдарын жергілікті ауыл-шаруашылық мамандарын даярлаушы мектепке оқуға береді. Бірақ Гидок оқуын тастап, заводта жұмыс істейді. Кейбір деректер осы кезеңде Гидоктың мектептен қашып кеткенін айтады( біреуінде 17 жасында, кейбіреуінде 15 жасында). Дей тұрғанмен болашақ таланттың талайы әлі алда болатын. Балалық шағының белгісіздеу жағы туралы режиссер өзі де көп тіс жара бермейді.
Осылайша келесі өмір баспалдағы 5-жылдық теңіз әскери барлау қызметімен жалғасады. Бойының ұзындығы бар болғаны 160см болғанына қарамастан Гидоктың толымды пішімі нағыз теңізшінің "рөліне" сай келетін дейді достары. Әскерде көрген қиындықтарын режиссер "Жағалау күзетшісі" (2002 жыл) триллерінде бейнелі ашқан.
80-жылдары совет армиясына лагерде кино көрсету-саяси дайындық элементі болып саналатын. Режиссер сол тұстарда осынау астыртын көзқарастағы фильмерді көргенін де жасырмайды (не үшін көргенін де түсінбейді). Бірақ нағыз киномен 32 жасымда, Парижде таныстым дейді.
Франция астанасына Ким мырза сурет өнерінің қыр-сырын меңгеру үшін барған болатын. Бірақ суретпен кейінірек, шіркеуде қызмет атқарып жүргенде ауырғанын айтады. 1993 жылы өзінің арзан картиналарын сатып күн көрген "байғұс суретші" үш жыл өтер-өтпестен алғашқы туындысы "Қолтырауынды" (1993 жыл) жарыққа шығарады.
Оған "бонжурда" ерекше әсер еткен бір фильмде Энтони Хопкинс пен Джоржи Фостер басты рөлді сомдаған. Шамасы бұл кино-картина- "Мылқау қозылар" болса керек. Алғашқы режиссерлік идеяға арқау болған туындының қанпезерлік-аяусыз көріністері Кимнің дебюттік фильмінде бой көрсетіп жатты. Бірақ режиссер өзі айтқандай "осынау жауыздықтан да сұлулық көруге болатын еді".
Фильмдері жайында
Өз шығармашылығында режиссер киноның сценарииін жазуға киноны түсіргенннен де көп уақыт кететінін айтады. Ал, идеясы күнделікті қауырт тірліктен алынады. Мысалы, "Бос үй" 2010 жвлы) лентасы Ким өзінің үйіндегі жарнама қағаздарын жұлып жүргенде туындаған.
Корей шеберінің фильмографиясындағы мінездемелер;
- сюжетте және фильм атауларында буддалық, христиандық және ежелгі-грекиялық аңыздарды арқау етуі;
- ұзақ монолог-диалогтардың аз болуы (кейбіреуінде мүлдем "мылқау кейіпкерлер" сөйлейді). Өзінің ағылшын тілін түсінбегендіктен европада фильмдерді "мылқау" көргенін айтады. Сондағы түйгені, фильмде сөздер мүлде қажет емес деп табады;
- кейіпкерлерінің көзсіз принциіптері мен даралығы. Ким Ки Дук кейіпкерлері "қараңғы мінез ашушылар". Жезөкше, жезөкше сатушы, қанышер, транс, маняк. Әрине бейбіт ел тұрғындары да бар;
- бірлескен операторлық жұмыс(көп жағдайда фильмге пейзаждық көңіл беру үшін Ким өзі түсіру тобында қызмет атқарады). Бұл суретшінің "таң" жасарлық натурасының болуы;
- киноматографияда аз бюджеттік фильм жасауы;
- триллер мен мысалды қара комедиямен бірлестіруі;
- көп фильмінде режиссер қос кореяның (Оңтүстік және Солтүстік) шиеленіскен ара-қатынасын сынға алады;
Сондай-ақ кинорежиссер қалыптасқан қоғамдық ара-қатынас принціпін бұзуға әуес. Мысалы, "Мебиус" фильмінде көзіне шөп салған күйеуіне ызаланған әйелінің ұлымен жақын болуы немесе "Тартылған сызықтағы" 60-жасар қарттың 15-жасар қызбен төсектес болу сынды.
Ағайдың осынау мэтро фильмдері отанынан гөрі Европа мен Ресейде әлдеқайда танымал. Есіңізде ме, өлімге кесілген жігіт пен тұрмыстағы әйел оқиғасын баяндайтын "Тыныс" кинокартинасы Кан кинофестивалінде "Алтын пальма бұтағын" жеңіп алған болатын. Бір қызығы, европалықтар та Ким Ки Дук мырзаның фильмдерін әлі қабылдауға дайын болмай шыққан. Оны Венеция кинофестиваліндегі (2012 жыл) "Арал" фильмінің ашық көрсетілімінен-ақ аңғаруға болады. Бірақ режиссердің дауға көп ұшыраған туындысы "Көктем, жаз, күз, қыс және тағы да көктем" фильмі (2003 жыл). Ал, ең танымалысы- сүйіктісін қайта өзіне қарату үшін бетіне пластикалық ота жасататын әйел туралы фильмі. "Уақыт" деп аталады.
Жеке өмірі туралы
Режиссердің айтуынша оның өмірі садизм және масохизм мазмұнымен тығыз байланыста. Сондықтан суреткер жеке өмірін баспасөз беттерінен жасырын ұстайды. Көлденең көздер танымал кинорежиссердің әйелі мен балалары жоқ екенін айтады. Ал, фотолары Ким мырзаның сәнқой емес, қарапайымдылықты сүйетінін көрсетеді. Пресске берген сұхбатында; "сәнді киімдерге әуестеніп, өз жасымнан әлдеқайда жас көрінгім келмейді" деген. Жұлдыз қазірдің өзінде де қол еңбегімен айналысқанды құптайды; теңізге тасталған жаңқалардан әлі күнге дейін көшірме сувенир жасайды.
2008 жылы Ким режиссердің кезекті түсірілімінде бір әртіс қыз қолапайсыз жағдай кесірінен өлім аузынан аман қалады. Аталмыш оқиға салдарынан режиссер өзін киноматографиядан 3 жылға шектейді . Кейін білесіздер, жағдайдан шығуға "Арирен" туындысы мол септігін тигізген болатын.
Қазіргі Ким Ки Дук
2017 жылы үш әртіс шеберді зорлық, арандатушы, ұрлық фактісі бойынша кінәлап сотқа береді . Аталған кінә тағулардан Ким амалсыз "рөл сомдау үшін" деген желекпен тек зорлық фактісін ғана мойынына алады. Сеул соты киноматогрифисті кінәлі деп тауып, 5 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл салады.
Кимнің жаны идеяға толы, ол осы жылы Алматы қаласында (Қазақстан) "Дин" (жұмыстық атауы) атты жаңа мелодрама жұмысымен айналысып жатыр. Әзірге белгілісі фильм Қазақстандық әртіс құрамымен толыққан және осы жолғы шедевр де артхаус жанрында түсірілмек. "Алтын арыстан" иегерінің 2019 жылғы ресей жұртшылығына ұсынып отырған фильмі "Адам, орын, уақыт және тағы адам" (2017 жыл) триллері. Фильмді барлық кинотеатрдан тамашалай аласыздар.
Өзі жетекшілік еткен фильмография;
1. "Қолтырауын" (1996 жыл)
2. "Жабайы аңдар" (1997 жыл)
3. "Құс торы" атты қонақ үй" (1998 жыл)
4. "Арал" (2000 жыл)
5."Мекен-жайы белгісіз" (2001 жыл)
6. "Жаман жігіт" (2001 жыл)
7. "Көктем, жаз, күз және тағы көктем" (2003 жыл)
8. "Самариялық" (2004 жыл)
9."Уақыт" ( 2006 жыл)
10. "Тыныс" (2007 жыл)
11. "Арман" (2008 жыл)
12. "Арирен" (2011 жыл)
13. "Pheteo" (2012 жыл)
14. "Миебус" (2013 жыл)
15. "Желі" (2016 жыл)
16. "Құдай кім (не)?" (2018 жыл)
17."Адам, орын, уақыт және тағы адам" (2018 жыл)
Аударған: Еркін Жантас
Жасыру1960 жылдың 20 желтоқсанында (Оңтүстік Корея) Собенни ауылында бүгінгі таңдағы күллі әлемге танымал...
Заманауи артхаус шебері кореялық кинорежиссер Ким Ки Дук коронавирустан қайтыс болды деп хабарлайды...
Иесіз үй (Пустой дом)Ким Ки Дук бұл дүниенің жүзінде жауыздық жоқ деп ойлайды. Бірақ, ада...
«Шырақшы» фильмі Ресейде өткен Sochi International Film Festival and Awards кинофестивал...