Мартин Хайдеггер
ФИЛОСОФХайдеггер (1889-1976) ой машығы Батыс Еуропа ойының ең мағыналы және маңызды пайымдауларының бірі болып табылады. Хайдеггер діншілдігі Беме және пиетизм ауасымен терең тыныстауда. Ең ғажабы, Хайдеггердің ойлауы Шлейермахердің тегеурінді ықпалы арқасында өзінің спинозалық және гегельшіл ықпалын күйреткен Шеллингтің берліндік дәрістерімен ұқсас. Хайдеггерге арналған кез келген кіріспеде ол ойшылдың неміс ойының Лютерден Беме арқылы романтизм және витализмге жеткен ерекше табиғатының құдыретті ықпалын сезінгенін міндетті түрде атап өту керек. Осыған қарамастан, Хайдеггер ой шебі дарашыл және бұл түсіндірілуге тиіс дарашылдық. "Философия дегеніміз не?" еңбегінің аудармасы Хайдеггердің философиялық ойды тиімдірек бағыттарға қайта бағыттау талпынысын анықтайды. Оны философияның Болмысқа елгезектігін жоғалтқаны алаңдатады. Басқа созбен айтқанда, бізге болмыс немесе оның көріністері жөнінде түрлі мағынадағы сауалдар қоюға мүмкіндік беретін Болмыстың негізсіз негізіне философия енді талпынбайды. Хайдеггер "Болмыс" атамасын бізге сол арқылы біздің тірлігіміздің мәнісі және тірліктің өзі айқындала бастайтын "ішкі сәулені" белгілеу үшін қолданады. Сәуле бізге біздің тірі жан екенімізді тануға мүмкіндік береді. Ол осы танымды мүмкін еткізетін негізді сәулелендіреді. Біз сол арқылы өз-өзімізді тани бастайтын а еі, адам болмысы ретінде тірлік ете бастаймыз. Хайдеггер аяңы бізді қайта оралуға мәжбүр етеді және осы оралу жолы барлық тіршіліктің, Болмыстың бастауы және ежелгі тәртібімен сәйкестікке жетелейді. Адам өз өзін өмір негізінен, негізсіздіктен, Болмыстан іздеуге тиіс, Адамды іздеу және оның Болмыс табиғатын түсінуі арқылы оның пайымдауының тәртібі және адам болмысының табиғаты айқындалады. Адам дегеніміз — Болмысын шығармашылығы мен дарашылдығына бастау ететін тірі мақұлық, a еі ретінде сезілетін құрылым. Оны экономика, рацио, саясат арқылы түсініктеуге болмайды, оның мәні оның шынайылығының тірлік құрылымында.
Бұл шығармасында Хайдеггер философияға қалай келу мүмкіндігін таразылайды. Философияға историография мен биологияға келгендей келуге бола ма? Хайдеггер: "Жоқ!" — деп айтқан болар еді. Философия сезімталдықты немесе көңіл хошын талап етеді. Және тек қана сезімталдықты емес, сонымен қатар сезімталдық ахуалында орнығуды. Ол биязы болумен қатар, елгезек ахуалдылықты талап етеді. Философия естілген нәрсе; ол адамға сөйлейді. Сөйтіп, философия дегеніміз — Болмыс пен болмыс, негізсіз негіз бен адам арасындағы өзара әңгіме. Сократтан бұрынғылар дәл осы мағынадағы философтар және бұл арада Хайдеггер Гераклит пен Парменидке ерекше сүйенеді. Себебі тек солардың тілі ғана ашылудағы философиялық шынайылықты ашып береді. Жалпы, Хайдеггер Гуссерль мектебінен өткен. Ол оның ең сүйікті шәкірті және кейін қарсыласы болған.
Адам тәуелсіздігі сын есімге, ол саяси немесе экономикалық болсын адам шынайылығы өз ішінде сіңіріп кетуге мүмкіндік беру нәтижесі арқылы туындайды, сөйтіп, ол ібілістікке айналады. Марксизм ол ібіліс ісі және сондықтан ол күйретуші құбылыс, себебі экономикалық сын есім өз ішінде зат есім — адамды, сіңіріп кетеді. Тәуелділік соның нәтижесі. Хайдеггер ой шебі түпкілікті еріктілікті осындай ібілістік ауытқулардан құтқарудың жанкешті амалы.
Хайдеггердің ең маңызды еңбектерінің ішінде "Болмыс пен Мезгіл" (1927 ж.) — негіз қалаушы. Хайдеггердің философиялық еңбектерінің көбісі кейін жарияланған дәрістер түрінде жасалған. Біз ұсынып отырған "Философия дегеніміз не?" жұмысы да 1955 жылдың тамызында Нормандияда өткізілген дәріс.
ЖасыруМартин Хайдеггер ХХ ғасырдағы аса беделді философтардың бірі есептеледі. Тіпті оның онтологиялық тал...
Мартин ХайдеггерХайдеггер (1889-1976) ой машығы Батыс Еуропа ойының ең мағыналы және маңызды пайымда...