Мартин Хайдеггер туралы

ТАНЫМ
3975

Мартин ХайдеггерМартин Хайдеггер


Хайдеггер (1889-1976) ой машығы Батыс Еуропа ойының ең мағыналы және маңызды пайымдауларының бірі болып табылады. Хайдеггер діншілдігі Беме және пиетизм ауасымен терең тыныстауда. Ең ғажабы, Хайдеггердің ойлауы Шлейермахердің тегеурінді ықпалы арқасында өзінің спинозалық және гегельшіл ықпалын күйреткен Шеллингтің берліндік дәрістерімен ұқсас. Хайдеггерге арналған кез келген кіріспеде ол ойшылдың неміс ойының Лютерден Беме арқылы романтизм және витализмге жеткен ерекше табиғатының құдыретті ықпалын сезінгенін міндетті түрде атап өту керек. Осыған қарамастан, Хайдеггер ой шебі дарашыл және бұл түсіндірілуге тиіс дарашылдық. "Философия дегеніміз не?" еңбегінің аудармасы Хайдеггердің философиялық ойды тиімдірек бағыттарға қайта бағыттау талпынысын анықтайды. Оны философияның Болмысқа елгезектігін жоғалтқаны алаңдатады. Басқа созбен айтқанда, бізге болмыс немесе оның көріністері жөнінде түрлі мағынадағы сауалдар қоюға мүмкіндік беретін Болмыстың негізсіз негізіне философия енді талпынбайды. Хайдеггер "Болмыс" атамасын бізге сол арқылы біздің тірлігіміздің мәнісі және тірліктің өзі айқындала бастайтын "ішкі сәулені" белгілеу үшін қолданады. Сәуле бізге біздің тірі жан екенімізді тануға мүмкіндік береді. Ол осы танымды мүмкін еткізетін негізді сәулелендіреді. Біз сол арқылы өз-өзімізді тани бастайтын а еі, адам болмысы ретінде тірлік ете бастаймыз. Хайдеггер аяңы бізді қайта оралуға мәжбүр етеді және осы оралу жолы барлық тіршіліктің, Болмыстың бастауы және ежелгі тәртібімен сәйкестікке жетелейді. Адам өз өзін өмір негізінен, негізсіздіктен, Болмыстан іздеуге тиіс, Адамды іздеу және оның Болмыс табиғатын түсінуі арқылы оның пайымдауының тәртібі және адам болмысының табиғаты айқындалады. Адам дегеніміз — Болмысын шығармашылығы мен дарашылдығына бастау ететін тірі мақұлық, a еі ретінде сезілетін құрылым. Оны экономика, рацио, саясат арқылы түсініктеуге болмайды, оның мәні оның шынайылығының тірлік құрылымында.

Бұл шығармасында Хайдеггер философияға қалай келу мүмкіндігін таразылайды. Философияға историография мен биологияға келгендей келуге бола ма? Хайдеггер: "Жоқ!" — деп айтқан болар еді. Философия сезімталдықты немесе көңіл хошын талап етеді. Және тек қана сезімталдықты емес, сонымен қатар сезімталдық ахуалында орнығуды. Ол биязы болумен қатар, елгезек ахуалдылықты талап етеді. Философия естілген нәрсе; ол адамға сөйлейді. Сөйтіп, философия дегеніміз — Болмыс пен болмыс, негізсіз негіз бен адам арасындағы өзара әңгіме. Сократтан бұрынғылар дәл осы мағынадағы философтар және бұл арада Хайдеггер Гераклит пен Парменидке ерекше сүйенеді. Себебі тек солардың тілі ғана ашылудағы философиялық шынайылықты ашып береді. Жалпы, Хайдеггер Гуссерль мектебінен өткен. Ол оның ең сүйікті шәкірті және кейін қарсыласы болған.

Адам тәуелсіздігі сын есімге, ол саяси немесе экономикалық болсын адам шынайылығы өз ішінде сіңіріп кетуге мүмкіндік беру нәтижесі арқылы туындайды, сөйтіп, ол ібілістікке айналады. Марксизм ол ібіліс ісі және сондықтан ол күйретуші құбылыс, себебі экономикалық сын есім өз ішінде зат есім — адамды, сіңіріп кетеді. Тәуелділік соның нәтижесі. Хайдеггер ой шебі түпкілікті еріктілікті осындай ібілістік ауытқулардан құтқарудың жанкешті амалы.

Хайдеггердің ең маңызды еңбектерінің ішінде "Болмыс пен Мезгіл" (1927 ж.) — негіз қалаушы. Хайдеггердің философиялық еңбектерінің көбісі кейін жарияланған дәрістер түрінде жасалған. Біз ұсынып отырған "Философия дегеніміз не?" жұмысы да 1955 жылдың тамызында Нормандияда өткізілген дәріс.


ФИЛОСОФИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Мартин Хайдеггер

... Бағытты бізге грек сөзі philosophia нұсқайды.

Осы арада түбегейлі түзету енгізген жөн. Қазір және кейін грек сөздеріне құлақ асқанда, біз ерекше аймаққа баса көктеп кіреміз. Бірте-бірте біздің пайымдауымызға грек тілі бізге белгілі еуропа тілдерінің жәй ғана бір бөлігі емес екені айқындала бастайды. Грек тілі және жалғыз ғана сол — логос. Біздің әңгімемізде біз мұны мұнан да нақтырақ зерделеуіміз керек. Бастама үшін, грек тілінің бір ерекше қасиетін нұсқасақ та жеткілікті: онда айтылған сөз өзінің атаған нәрсесінен ажырамайды. Егер грек сөзін грекше тыңдаса, онда оның legein-іне, оның тікелей баяндауышына бағынасың. Оның баяндайтыны — көз алдындағы. Грекше тыңдалған сөз арқылы, біз сөздің жалаң мағынасы емес, көз алдымыздағы заттың өзіне еншіленеміз. Philosophia грек сөзінің түбірі philosophos сөзінен нәр алады. О баста бұл сөз "күмісқұмар", "атаққұмар" сияқты сын есімі еді. Сірә, philosophia сөзі Гераклит нақыштауынан өткен. Демек, Гераклит үшін ешқандай philosophia болған емес. Aner philosophos ол "пәлсәпәшіл" адам емес. "Пәлсәпәшіл" — philosophique сын есіміне қарағанда philosophos деген грек сын есімінің айтары мүлдем басқа. Aner philosophos дегеніміз sophon os philei to sophon-ды сүюші. Гераклит түсінігінше philein — сүю дегеніміз logos айтқанымен сөйлеу (homologein), яғни logos-қа сәйкес болу. Бұл сәйкестік sophon сөзімен үндес. Үндестік дегеніміз һагmоnіа. Бір жанның басқа жанмен арақатынасы, олардың бір-біріне иелік етіп, бір-бірімен ежелден бірігуі — осы harmonia Гераклит түсінігіндегі сүю ерекшелігі, немесе жоғарыда sophon-ды сүюші Aner philosophos дегеніміз міне осы. Гераклитке бұл сөз не айтатынын тәржімәлау қиын. Бірақ біз мұны Гераклиттің өз түсініктемесінен анықтай аламыз. To sophon-ның оған айтқаны: En panta — "Бір (арқылы) бәрі", бұл арада мұның мағынасы: барлық бір нәрсенің біртұтастығы, бұл арада мұның мағынасы: жалғыз ғана бір өзі ғана бүкіл бәрін біріктіруші. Әйтседе бүкіл тірлік дегеніміздің мағынасы: бір болмысты. Sophon айтады: бүкіл тірлік — болмыста, анығырақ айтқанда, болмыс дегеніміз тірлік, бар болу. Сонымен бірге тірлік ара құбылыс арқылы сөйлейді және сөйлегені жинақтаумен тең. Болмыс дегеніміз жинақтау, яғни logos. Бүкіл тірлік — бол¬мыста. Мұндай нәрсені есту біздің құлағымызды елең еткізе қоймайды, керісінше, мезі қылуы мүмкін. Себебі: тірліктің болмыста жататыны ешкімді алаңдатпайды. Бүкіл әлем біледі: тірлік дегеніміз — бар нәрсе. Тірлік бар болмағанда не қылушы еді? Дегенмен, гректер бірінші болып, және жалғыз ғана солар тірліктің бол¬мыста жинақыланатынын, тірліктің тек болмыс көрінісінде паш етілетінін таңырқай жорамалдады. Тірлік болмыста: бүл гректер үшін өте таңғажайып көрінеді. Дегенмен, гректердің өзі осы таңғажайыптың ғажаптығын барлық құбылыстарға әркімге түсінікті түсініктемесі дайын софистикалық ақыл-естің тықсыруынан құтқарып және сақтап қалуға мәжбүр болды. Тірлік — болмыста деген таңғажайыптың құтқарылуы кейбіреулердің осы таңғажайып бағытына, яғни sophon-ғa беттеп, жолға шығуы арқылы жүзеге асты. Осылайша олар sophon-ға қызығып және өзінің әуестігі арқылы, басқа адамдарда да sophon-ғa деген зарығу оятатындарға айналды. Сонымен, philein to sophon бұл енді бұрын аталған sophon, harmonia-мен үндестікке orexis-кe, немесе sophon-ғa әуестікке айналады. Sophon — болмыстағы тірлік — іздеуге айналады. Ал егер енді philein sophon-мен ежелгі үндестікте болмайтын болса, бірақ sophon-ғa деген ерекше әуестік ретінде көрінсе, philein to sophon philisophia-ғa айналады. Оның әуестігі Эрос арқылы анықталады. Sophon-ның En panta-ның, болмыстағы тірліктің осы әуестегі тергелуі енді сауалға айналады. Тірлік бар болу арқылы көрінгендіктен, ол не? Міне, осыдан бастап ой машығы алғаш рет "философияға" айналады. Гераклит пен Парменид әлі "философ" болған жоқ еді. Неге десеңіз, олар ұлы ойшылдар еді. Мұнда "ұлы" дегеніміз қайраткерліктің бағасын белгілеу емес, ой машығының басқа өлшеміне нұсқау. Гераклит пен Парменидтің ұлылығының мәнісі — олар logos, немесе En-мен әлі үндестікке еді, Софистер арқылы дайындалған "философияға" адымды алғаш рет

... Философия дегеніміз тірлікті назарға қабылдауға, атап айтқанда, ол тірлік болғандықтан, оның не екеніне зейінді үңілуге жарамды тәуелсіздіктің түрі.

"Философия дегеніміз не?" сауалына жауап қандай жағдайда философиялау ісіне айналады? Біз қандай жағдайда философиямен шұғылданамыз? Әрине, философтармен әңгімеге кіріскенімізде ғана. Біз олардың сөйлегендерін сөз етсек, әңгімеге кіріскеніміз. Философтарға ғана Өзі ретінде ғана ұдайы қатысты нәрсені біріккен күйде әуездесек, ол legein мағынасындағы dialegeisthai әуездеу немесе диалог ретіндегі әуездеу. Диалогтың диалектика болу қажеттілігін және қандай жағдайда, — мұны біз ашық қалдырамыз. Философтардың пікірлеріне тексеруден өткізіп, сипаттау — бір басқа.

Олардың өздерінің айтқанын өздерімен бірге әуездеу — мүлдем басқа. Және бұл олардың не жөнінде айтқанынан сыр береді.

Сонымен, философтардың тірілік болмысына, тірлік бар болу арқылы көрінсе, ол не дегенді айту үшін тартылғанын пайымдай отыра, біздің философтармен әңгімеміздің өзі де тірлік болмысына тартылуы тиіс. Философияға сапарлас нәрсеге біз өзіміз қарсы алдынан шығуымыз керек. Біздің әуездеуіміз философияның тартылған нәрсесіне жауаптас болуға тиіс. Біз жауаптастыққа қол жеткізгенде ғана "Философия дегеніміз не?" сауалына шынайы түрде жауап береміз. Неміс тілінде "жауап беру" деген сөзі "сәйкес болу" сөзімен бір мағына береді. Біздің сауалымызға жауап философия ұғымы арқылы не түсінілуге тиіс нәрсеге айқын қарсылық білдіретін тұжырыммен тәмәмдалмайды. Жауап — қарсылаушы тұжырым емес, n'est pas une к \ponsе одан бұрын ол — тірлік болмысына сәйкестік (la correspondance). Алайда, біз сауалға тән нәрсенің сәйкестік ретінде не шешетінін бірден білгіміз келеді. Бірақ мәселенің бәрі — біз сәйкестікке ол туралы теория жасаудан бұрын жетуімізде.

"Философия дегеніміз не?" сауалына жауап — біздің . философия беттеп бара жатқан нәрсеге сәйкес болуында. Ал ол — тірлік болмысы. Осы сәйкестікке біз ежелден философияның, яғни pyilosophia грек ұғымындағы философияның айтып үлгірген нәрсесін естиміз. Біздің сәйкестікке немесе сауалымыздың жауабына тек былай ғана жететініміздің себебі, біз философия аңызының бізді қайда тапсыратын немесе азат ететін нәрсесімен әңгіме үстіндеміз. Біз "Философия дегеніміз не?" сауалының жауабын философия анықтамалары жөніндегі тарихи тұжырымдар арқылы емес, бізге тірлік болмысы ретінде тапсырылған нәрсемен әңгіме арқылы табамыз.

Біздің сауалымыздың жауабына апаратын осы жолды тарихтан безіну деуге болады. Бірақ ол тарихты жоққа шығару емес, керісінше, тапсырылған нәрсені айыру және өзге күйге ауыстыру. Тарихтың осылайша 'зерделенуі "диструкция" ұғымына саяды. Осы сөздің мәні "Sein und Zeit" кітабында анық әуезденген.

Деструкция дегеніміз — философия тарихы жөніндегі историяграфиялық тұжырымдарды күйрету емес, бірақ күй-қаланысын бұзу, талан-таражға түсіру, бейтарап қалыпқа қою. Деструкция дегеніміз — бізге тірлік болмысы ретінде атой салып жатқан нәрсеге құлағымызды түру немесе босату. Осы атойды есту арқылы біз сәйкестікке жетеміз.

Алайда осыны айтқанымыздың өзінде белгілі бір күмән сарыны байқалады. Ол былай естіледі: біз жалпы тірлік болмысына сәйкестікке жетуіміз жөнінде әрекет жасауға тиістіміз бе? Біз, адамдар, жалғыз "де факто" ғана емес, сонымен қатар өзіміздің негізіміз бойынша осы сәйкестікте емеспіз бе? Осы сәйкестік біздің негізіміздің ең басты белгісі емес пе?

Оның солай екені рас-ақ? Әйтсе де, олай болса, біз ең алдымен осы тепе-теңдікке жетуімізге тиісті екеніміз жөнінде енді айта алмаймыз. Дегенмен, біз бұл жөнінде хұқықты түрде айтамыз. Себебі біз әрқашан және барлық жерде тірлік болмысына сәйкестікте дамылдасақ та, болмыс атойына өте сирек құлақ түреміз. Бірақ тірлік болмысына сәйкестік әрдайым біздің тұрақ орнымыз боп қала береді. Дегенмен, тек кейде ғана ол біздің кейбіріміздің қабылдауымыз арқылы өрістеуші қағидаға айналады. Тек осындай оқиға барысында ғана біз тірлік болмысына беттеудегі философияға қатысты нәрсеге өз мәнісінде сәйкес келеміз. Тірлік болмысына сәйкестік философия екені рас, бірақ ол сәйкестік орындалғанда ғана және тек қана сонда жүзеге асады, сол арқылы өрістеп, осы өрістеуін зерделейді. Болмыс атойының қалай сөйлеуіне, оның қалай естіліп немесе тыңдалғанына, естілген нәрсенің қалай айтылуына байланысты бұл сәйкестік әртүрлі көрініс береді. Біздің әңгіме осы туралы ойлануға мүмкіндік беруі мүмкін.

Мен қазір осы әңгімеге белгілі бір кіріспе айтуға ғана тырысудамын. Енді осы уаққа дейін баяндалғанның бәрін мен біз Андре Жидтің "аса сұлу сезімдер" сөзіне байланысты қозғаған нәрсемізге қайтарғым келіп отыр. Pilosophia дегеніміз тірлік болмысының атойына қандай мөлшерде құлақ түретінін айтушы орындалған сәйкестік. Сәйкестік атойдың әуезін тыңдайды. Бізге болмыс әуезі ретінде қатынасатын нәрсе біздің сәйкестігімізді жайғастырады. Онда — сәйкестік — тірлік болмысымен жайғастырылған немесе etre dispose деп аталады. Бұл арада Dis-pose-нің сөзбе-сөз мағынасы: шеп-шепке жайғастырылған, зерделенген және сол арқылы бір нәрсеге қатынасты қайта жайғастырылған. Тірлік тірлік болғасын әуездеуді, қалай екені белгісіз, тірлік болмысына дауыс беретін қылып (accorder) жайғастырады. Сәйкестік қажетті түрде және әрдайым (тек қана кездейсоқ немесе аракідік емес) жайғастырылған нәрсе. Ол жайғасқан күйде тұр. Және, атап айтқанда, жайғасу негізінде ғана (dispositon) сәйкестіктің әуездеуі өз дәлдігіне, өз айқындығына енеді. Сәйкестік жайғасқан және жайлы нәрсе ретінде бар болмысымен белгілі бір күйде тұр. Осы арқылы біздің тәртібіміз белгілі түрде байланысады. Осылайша ұғынылған көңіл күйі сәйкестікті тек сүйемелдеуші тана кенеттен атып шыққан сезімдердің жұмбақ әуезі емес.

Философияны ниеттенген сәйкестік деп сипаттағанда, біз ешқашанда ой машығын кездейсоқ нәрсе ретінде алаңдыққа немесе көңіл-күй босаңдығына тапсырғымыз келмейді. Одан бұрын біздің айтайын дегеніміз: әуездеудің қандай да болсын дәлдігі сәйкестіктің тұрақ орнына негізделеді, нақтырақ айтқанда, атойға құлақ түрік correspondance, сәйкестіктің.

Ең алдымен мынаны нұсқайық: сәйкестіктің ниеттенуге байланысты екені тіпті де қазір ашылған жаңалық емес. Грек ойшылдары Платон мен Аристотелдің өздері философияның, философиялаудың көңіл-күйі деп атайтын ниеттестік пен бекемділік мағынасындағы өлшемге жататынына назар аударған еді. Платон айтады (Теэтет, 1955): Mala gar philosophon toyto to pathos, to thaymazein oy gar allehyilosophias he ayte. "Осы pathos — философқа тән таңырқау, одан басқа философияның ешбір Қайданы (шығу тегі) жоқ"

Pathos ретіндегі таңырқау — философияның arkheсі. Агкһз грек сөзін біз толық мағынасында түсінуге тиіспіз. Ол белгілі нәрсенің қайдан шыққанын айтады. Бірақ бұл "Қайдан?" дегеніміз шығу тегі ретінде қалып қоймайды, одан бұрын ол агкһз бастаушы мағынасындағы агкһеіп-ге айналады. Таңырқауды" pathos-ы операция алдындағы хирургтың қолын жуғандай қарапайым түрде философия бастамасында тұрмайды. Таңырқау философияны алға бастайды және басқарады.

Аристотель де солай дейді: (Met A 2 982 b 12 Sd) dia gar to traymazein oi anthropoi rai nyn kai nyn rai to proton rxanto philosophtein. "Таңырқау арқылы адамдар бастапқы кезде де, қазір де философиялаудың өктем шығу тегіне, немесе, философиялардың қайдан шыққанына және философияның адымын анықтайтын нәрсенің негізіне қол жеткізеді".

Егер біз Платон мен Аристотель осы арада таңырқауды философия себебі деп отыр деген ойға түссек, ол өте атүсті және, ең бастысы, ойлануымыз грекше емес болар еді. Олар осы пікірде болса, онда одан мынандай мағына туындайды: бір кездері адамдар тірлікке, оның бар екендігіне және оның бар екендігі арқылы жасайтынына таңырқау білдірген. Осы таңырқаудың түрткілеуімен олар философиялай бастайды. Ал философия жолға шығарылғасын таңырқау түрткі ретінде керек болмай қалады және осылайша жоқ боп кетуге тиіс. Ол тек қана түрткі болса, жоқ боп кетуі мүмкін еді. Бірақ таңырқау дегеніміз arkhe, ол философияның әрбір адымына билік етеді. Таңырқау дегеніміз pathos азаптану, жәбірлену, төзіп шыдау, шыдап шығу, бір нәрсеге ұшырау, өз-өзіне иелік ете алмау мағынадағы paskhein түсінігіне байланысты. Егер біз көңіл күйі дегеніміз ниеттілік және бекемділік екенін есте сақтасақ, pathos- ты көңіл күйі арқылы аудару, осындай жағдайдағы барлық кездегідей-ақ, қауіпті. Дегенмен осылайша аударуға біздің батылымыз жетуге тиіс, себебі бізді pathos-ты жаңа-еуропашыл психологиялық мәнінде түсінуден сақтайтын тек қана сол. Pathos-ты көңіл күй ретінде түсінгенде ғана, біз thaymazein таңырқауды дәлірек сипаттай алар едік. Таңырқауда біз қатып қаламыз (etre en arret). Біз тірлік алдында, оның басқа түрде емес, тек осылайша ғана барысынан жалт беріп, кейін шегінеміз. Алайда таңырқау тірлік болмысы алдындағы ол жалт берумен тәмәмдалмайды, сонымен қатар, ол жалт беру және сіресу ретінде жалт бергізетін нәрсеге ұмтылып, соның қолына түседі. Осылайша таңырқау дегеніміз тірлік болмысы ашылатын тұрақ орны (dis-pozition). Таңырқау дегеніміз грек философтары үшін тірлік болмысына сәйкестік сақтаған көңіл күйі. Ой машығымыз тірлік болмысы бар болу арқылы көрінсе, ол не деген дәстүрлі сұрақты жаңаша қойғызуды көздеп, сол арқылы философиялық жаңа кезеңіне бастама берген көңіл күйінің тегі мүлдем басқаша болды. Өзінің "Пайымдауларында" Декарт тек қана және ең алдымен ti to on "тірлік болмысы бар болу арқылы көрінсе, ол не" деп сауалдамайды. Декарт ens certum мағынасындағы шынайы тірліктегі тірлік дегеніміз не деп сауалдайды.

Ал certitudo-ның мағынасы Декарт үшін өзгерген еді. Себебі: орта ғасырда certitudo шынайылық туралы емес, тірліктің оның бар нәрсесінде айқын шектелуі жөнінде айтты. Бұл арада certitudo essentia-мeн мағыналас. Декарт үшін, керісінше, шынайы бар нәрсе өзге тәсілмен бағаланады. Ол үшін күмәндану ens certum шынайылықтағы тірлікке ниеттілік арқылы елестейтін көңіл күйіне айналады. Ego үшін certitudo cogito (ergo) sum күмәнсыздығынан алынатын ens qua ens-тың бекілуіне айналады. Осы арқылы ego ерекше subjectum-re айналады және адам негізі осылайша — эгоизм мәнісіндегі субъектілік аймағына алғаш рет аяқ басады. Осы certitudo-ға ниеттену арқылы Декарттың әуездеуі clare et distincte percipere айқындығын шығарады. Күмәндану ниеті — шынайылыққа сенімді түрде шақыру. Осыдан бері шынайылық өлшем беруші ақиқат түріне айналады. Әр уақытта жететін танымның толық шынайылығынан туындаған сенімділік көңіл күйі жаңа дәуір философияның pasthos-ы болуымен қатар агкһз-сі да болып қалады.

Алайда осы туралы әңгіме қозғай қойған екенбіз, мынаған жауап іздейік: жаңа дәуір философиясының telos-ның тәмәмдалуын неден іздеп табамыз? Осы тәмәмдалу өзге көңіл-күймен анықтала ма? Жаңа дәуір философиясының тәмәмдалуын қайдан іздеуіміз керек. Гегельден бе, жоқ әлде Шеллингтің кемел күйіндегі философиясынан ба? Ал Маркс пен Ницше қалай? Мүмкін, олар философия жолынан шығып тынған шығар? Егер олай болмаса, олардың орнын қалай анықтаймыз? Біз тек қана тарихи сауалдар қойып жатқанға ұқсаймыз. Бірақ біз шынымен философияның болашақ негізін ойластырудамыз. Біз болмыс әуезін естуге тырысудамыз. Қазіргі ой машығын ол қай көңіл күйіне бастайды? Бұл сауалға бір мазмұнды жауап беру мүмкін емес сияқты. Сірә, қайсыбір түпкілікті көңіл-күйі билеп-төстеуде шығар. Бірақ біз үшін ол жұмбақ түрінде қалуда. Мүмкін ол, біздің қазіргі ой машығымыздың өзінің бір мазмұнды жолын әлі таба алмай келе жатқанын нұсқап отырған шығар. Біздің кездестіретініміз мынау тана: әртүрлі мазмұндағы ой машығының көңіл күйлері. Бір жағынан, күмәндану мен үміт үзу, екінші жағынан, дәлелденбеген қағидаладың көзсіз екіленуі бір біріне қарсы келіп тұр. Қорқыныш пен сүреңсіз үрей үміт және сеніммен араласуда.

Ақылданған түсінік және есеп бағытындағы ой машығы көбінесе барлық көңіл күйден тыс көрінеді. Әйтседе, есептеу суықтығы да, жоспарлаудың кәдуілгі салқынқандылығы да қайсыбір ниеттенудің сипаттары емес пе? Тіпті, өзін сезімдер ықпалынан мейлінше бос санайтын ақылдың өзі, ақыл ретінде, қисындық-есептеу көрегендігінің қағидалары мен ережелерінің сенімділігіне ниеттенген.

Осы түпкілікті қабылданушы және өрістеуші тірлік болмысының атойына сәйкес сәйкестік — философияның нақ өзі. Біз философиямен тек қана оның қалай, қандай тәсілмен философия болғанын түсінгенде тана танысып, байыбына жетеміз. Ол — тірлік болмысының атойына дауыс беруші сәйкестік тәсілінде. Ол сәйкестік әуездеу арқылы орындалады. Әуездеу тілге қызмет етеді. Бізге бүтін мұның мағынасын түсіну қиын, себебі біздің тіл туралы қазіргі түсінігіміз қызық өзгеріске түскен. Осыған байланысты тіл пікір білдіру құралына айналады. Осыған сәйкес дұрысырақ айтуға болады: тіл — ой машығына қызмет етеді деп, — ой машығы сәйкестік ретінде тілге қызмет етеді деудің орнына. Алайда, ең алдымен, тіл туралы қазіргі түсінік гректің тіл тәжірибесінен өте-мөте қашық. Тіл негізі гректерге legein ретінде ашылып еді. Алайда, logos пен legein дегеніміз не? Біз бүгін logos-тың көптеген түсініктемелері арқылы оның ежелгі грек болмысын ажыратуға енді ғана бірте-бірте кірісеміз. Дегенмен, бізге тілдің бұл негізіне оралуымыз да, оны қабылдап алуымыз да мүмкін емес. Бірақ оның орнына logos ретіндегі гректік тіл тәжірибесімен әңгімеге кірісуге тиіспіз. Себебі: тілді қанағаттанарлық түрде пайымдай тұрып, біз философияны әуездеудің ерекше тәсілі ретінде не екенін ешқашанда біле алмаймыз.

Ал поэзия, егер оны ой машығымен теңестірсек тіл қызметінде мүлдем басқа және өзгеше тәсілмен тұратындықтан, біздің философияны пайымдаушы әңгімеміз міндетті түрде ой машығы мен поэзияның қатынасын қарастыру қажеттігіне келтіріледі. Олар екеуі де тіл үшін тіл қызметін мақұлдап, пейілденіп жатса, ол арасындағы жасырын туыстықтың айғағы. Алайда екеуінің арасында түбі жоқ шыңырау да бар, себебі, олар шалғай шыңдарда орналасқан.

Енді бізге біздің әңгімеміздің философия жөніндегі сауалға дейін тұйықталуын талап етуімізге толық негіз болар еді. Ондай пікір тек әңгімеде философияның тірлік болмысының атойын тілге келтіретін сәйкестік екенін анықтағанымызда ғана мүмкін және тіпті қажет болар еді.

Басқа сөзбен айтқанда, біздің әңгімеміз өз алдына нақты бағдарлама дамыту мәселесін қоймайды.

Алайда, тірлік болмысының атойы деп аталатын нәрсе арқылы шақырылатын жинақылыққа әңгіме ауқымдағылардың бәрі дайын болуын көксейді. Осыны атай отырып, біз Аристотельдің айтқанын пайымдаудамыз: "Тірліктің болмысы алуан түрлі әйгіленеді". "То on legetai pollakhos".

Тексте кездесетін грек және латын атамалары

Рацио — ақыл

Философиа — философия

Ти эстин — мынау не?

Квиддитас — бір нәрсенің қасиеті

Идеа — идея

Анэр философос — даналық сүйгіш

Логос — сөйлеу

Хомологейн — логосқа сәйкес сөйлеу

Хармания — үндестік

Панта та онта — бүкіл тірлік

Софон — даналық

Усия — мәніс

Энергия — энергия (Аристотель атамасы)

Эпистеме — ахуалдылық

Эпистаменос — ахуалды адам

Архай қай айтиай — негіздер мен себептер

Патос — құмарту, сезім сілкінісі, азап

Таумазейн — таңырқау

Диспозицион — жайғасу

Энс цертум — шынайы тірлік

Цертитудо — тірліктің бар болуымен шектелуі

Эссенция — түп-түбірі

Энс юза энс — сенімді түрде бар тірлік

Субъектум — адамдық эго

Тэлос — мақсатқа жету, тәмәмдау

Карэ эг дистинктэ пэрципэрэ — анық және айқын қабылдау

Когито эрго сум — ойлаймын, демек, тірлік етемін.

author

Мартин Хайдеггер

ФИЛОСОФ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...