Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кез...
Суретші Қанағат Кодеков жазған 7 картина
3690
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Кодеков Қанағат Қалиұлы! Мархабат!
Кодеков Қанағат Қалиұлы 1976 жылы 29 наурызда Алматы облысы Кетпен ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Алматы қаласына Орал Таңсықбаев атындағы Көркемсурет колледжіне түсіп, 1995 жылы тамамдаған. 1995 жылы Алматы қаласында Алматы мемлекеттік Абай атындағы педагогикалық университетінің Бейнелеу өнері және сызу мамамындығын 2002 жылы бітірген.2014 жылдан бері Қазақстан суретшілер одағының мүшесі.
2015 жылдан бері Алматы қаласы экономика және консолтинг университетінің гуманитарлық пәндер кафедрасының профессоры.
2018 жылы Ыбырай Алтынсарин медалімен марапатталды. 2018 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының 85-жылдығына орай өткізілген мүсіншілер көрмесінде сертефикат иегері.
2014 жылдан бері Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің жанынан құрылған эксперттік комиссия мүшесі.
Қалалық көркем өнер оқулығы бойынша өткізілген көптеген іс-шаралармен көрмелердің төрағасы болған. Жаңа бағдарплама бойынша өткізілген сараптама комиссия мүшесі. 2019 жылығы Қазақстан Республикасы Әбілхан Қастеев мұражай ұйымдастырып жатқан республикалық акварелшілер көрмесінде туындылары іріктеліп, котологқа жолдама алып, мамыр айында өтетін көрмеге қатыстырылады. Абылайханға 300 жыл толуына орай Абылайхан 300 жылдық алтын медаль иегері. Халықаралық ұстаздар одағының мүшесі. Ұлт азаттық көтерілісіне 100 жыл толуына орай өткізілген ғылыми тарих конференциясында көрме жасап «Естелік» медалінің иегері. 2014 жылы 28 тамызда Әбілхан Қастеев бейнелеу өнері мұражайында «Жаңғырық» атты жеке көрмесі өтті.Көрмеге кескіндеме және мүсін жанрлары бойынша жұмыстар қойылды. Алматы қаласы №148 мектеп-гимназияның бейнелеу өнері пәнінің 20- жыл еңбек өтілімі бар ұстаздық етеді. Қазақстан Республикасысының Министрлігі ҚР мемлекеттік Ә Қастеев атындағы өнер музейі Визуалды түрлендірүлер шаршы көрмесіне қатысып кытапшаға жұмыстары енді. Қазіргі таңда көптеген мәдени іс-шараларға белсене қатысып тұрады. Көркем еңбек пәнінің авторы.1
"Шегінуге жол жоқ" 160Х120 акрил,кенеп.2019 ж.
2
"Жер ана" 40х50 майлыбояу, кенеп. 2016 ж.
3
"Мейірім" 40х30 түрлі-түсті карындаш, қағаз. 2019 ж.
4
"Ақиқат қақпасы" 60х40 майлы бояу, кенеп 2011 ж.
5
"Бірігу" 130х160 акрил, кенеп.2019 ж.
6
"Наурыз" 120х100 майлы бояу, кенеп. 2011 ж.
7
"Бабалар жолы" 160х120 акрил, кенеп.2019 ж.