Грекия полициясы осыдан 9 жыл бұрын ұлттық галереядан ұрланған Пабло Пикассоның картинасын тап...
Суретші Гүлнар Омарова жазған 7 картина
Әлемнің үмітіне үрей туғызып, көңіліне қаяу түсіріп, жан әлемін құлазытып тұрған осынау пандемия кезінде "Мәдениет порталы" кішкене болсын жүректерге жылу сыйлағысы келеді. Осы мақсатпен портал ұжымы елге белгілі, өзіндік орыны бар суретшілерге сауын айтып, өздерінің көңілінен шығатын 7 картинасын сұрап, жариялап отырмақ. Еске сала кетейік, бұған дейін бір топ суретші жазған 7 картинаны ұсынған болатынбыз! Бүгінгі суретші - Гүлнар Омарова! Мархабат!
Гүлнар Омарова 1962 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1984 жылы Н. Гоголь атындағы көркемсурет училищесiн бiтiрген.1989 жылы Т. Жүргенов атындағы Алматы театр және көркемсурет институтын бiтiрген.
Қазақстан Республикасының қолөнершілер одағының мүшесі. Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясында ұстаздық еткен. Көптеген республикалық және халықаралық көрмелердiң қатусышысы. Жұмыстары Жапония, Франция, Германия, АКШ, Англия, Түркия жане т.б. елдердің жеке коллекцияларында
Көптеген халықаралық фестивальдар мен байқаулардың қатысушысы.
1
"Ескі шаһар" графика 85 х 70
2
"Қозы Көрпеш Баян Сұлу эпосына иллюстрация" графика 75 х 60
3
"Оралу" гобелен 135х 88
4
"Сағым" графика 85 х 60
5
"Телторы" гобелен 68 х 105
6
"Ғажап өмір" 85 х 68
7
"Айлы түн" гобелен 95 х 80