“Слава, как и слепота,ко мне пришла постепенно”"Мәдениет порталы" Хорхе Луис Б...
Әбіш Кекілбайұлы атындағы жаңа оқу залы ашылды
Бүгін ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы атындағы жаңа оқу залының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
«Ұлт руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Әбіш Кекілбайұлының есімі, шын мәнінде халқымыздың ең жоғары құрметіне лайық. Сондықтан осындай игі бастамалардың маңызы ерекше екені сөзсіз. Жаңа жылдан бастап бұл жұмыстарға барлығымыз кірісуіміз керек. Үкімет, тиісті әкімдіктер қажетті жоспарларды дайындап, тиісті іс-шараларды қолға алады деп ойлаймын», - деді жиында сөз алған мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Жиынға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, ғалым Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбайұылының жұбайы Клара Жұмабайқызы, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар қатысты.
Іс-шара барысында Ә.Кекілбайұлы атындағы жаңа оқу залы таныстырылып, «Қаламгер қолтаңбасы» кітабының тұсауы кесілді.
Ә.Кекілбайұлы кітапханасы – ең бай кітапханалардың бірі болып саналады. Әбіш Кекілбайұлы атындағы оқу залының қоры жазушының кітапхана коллекциясынан іріктелген жеке кітапханасының каталогы бойынша мынадай әдебиеттерді ұсынады: бұл – адамзат тарихына арналған мәдениет және өнер тарихы туралы басылымдар, планетаның ұлы тұлғалары туралы кітаптар, Қазақстанның ақындары мен жазушыларының кітаптары, альбомдар мен атластар, Қазақстанның географиясы мен тарихы және оның Шағын Отаны – Маңғыстаудағы алманахтар мен көптеген қызықты басылымдар.
Коллекцияда барлығы 6019 басылым ұсынылған. Оның ішінде 5 883-і дана кітап, CD және DVD дискілеріндегі бейнефильмдер мен аудио кітаптар 134 дана және 2 библиографиялық брошюралар бар.
Қазіргі таңда оқырмандардың сұранысына бойынша ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы жазушының «Аңыздың ақыры» шығармасын француз және қытай тілдеріне аударуда.