- Қасқыр ішігімді қағып- сілкіп, жолға дайындап қойшы- деп, әйеліне әмір еткен Аспанқұл, ескі...
Дидар Амантай. БОРХЕС ЖӘНЕ МЕН
“Слава, как и слепота,ко мне пришла постепенно”
"Мәдениет порталы" Хорхе Луис Борхестің қос туындысын жариялаған екен.
Біз, тоқсаныншы жылдардың басында, ұлы Борхестің шығармаларымен енді дендеп таныса бастаған сәтте, Қиыр Шығыстан, Қызыл әскер қатарынан жаңа оралған, пәлсапа факультетінің білімге құштар жас дәріскері едік, бірден таңсық кітаптың мөлдір бастауы, таза қайнарына бас қойдық, Қанат Джүкешев екеуміз оңаша отырып, әр кез орнықты түйіні жоқ, құбылмалы шығармалары туралы пікір таластыратынбыз, кейін ортамызға Әмірхан Балқыбек қосылды.
Ертеде Федор Достоевский адам өзгере беретіні жайлы айтқан еді, яғни, пікірі тұрақты емес, бүгін бір нәрсеге кәміл сеніп отырса, ертеңіне онысын оп-оңай жоққа шығара салады, себебі, сана ағысын ашқан Уильям Джеймс жазғандай, пенде үнемі бірде бір-біріне қайшы, бірде бір-біріне тең, ағылып келіп жатқан ойлар легінде, пайым тасқынында жүреді.
Борхес түрлі сипатта оқылатын күрделі мәтін табиғатын ашты. Сондықтан, текст ашық емес, жабық болуы тиіс. Мұратына жеткен мәтіндерді әр буын, әр ұрпақ өкілі өз түсінігі бойынша оқиды. Демек, өзінше түсінеді. Ол бөлек-бөлек танымға, оқшау-оқшау пікірге, түрлі-түрлі тұжырымға, жалпы, өмір сүруге, мүмкіндік беретін, жағдай жасайтын, шарт қалыптастыратын, қабілет танытатын сан мағыналы кітапты классикалық туындылар қатарына жатқызды.
Бір желілі қилы-қилы аңыздар сияқты.
Әлемді үлкен кітапхана бейнесінде елестеткен Борхес сол кітапхана кітаптарын толық оқып тауысқан дүниежүзілік жалғыз оқырман тәрізді еді. Ол Фердинанд де Соссюр, Жиль Делез, Ролан Барт, Мишель Фуко, Юрген Хабермас секілді ойшылдардан бұрын, әлде бірге, дүниені текст деп жариялаған авторлардың бірі болды.
Қазақ тіліне тәржімеленген екі нұсқада Борхес өзінің түпнұсқалардағы өрелі пайымдауларын жоғалтып алмаған екен, десек те, көркемдік тұрғыдан селкеуліктер бар секілді көрінді. Келесі жарияланымында немесе кезекті басылымында түзеп жіберер тұстары жоқ емес.
Бірақ, аудармашы еңбегін бағалай кеткен жөн, “Ажалсыз” да, “Қаскүнем әйел” де – күрделі әңгімелер. Екінші туындысы бойынша Әмір Қарақұлов “Разлучница” атты толықметражды көркем фильм түсірген болатын.
Елге қош келіпсіз, Борхес мырза, дегіміз келеді.
БОРХЕС ЖӘНЕ МЕН
“Слава, как и слепота,
ко мне пришла постепенно”

17.02.2019