Бәріміз де қолға қалам ұстап, атымыз дардай жазушы атанып, шалқақтап жүретініміз ып-рас! Өз жазғаным...
«Адырнаның» «Алтын жебесі» үшін күресіңіз!
«Адырна» республикалық әдеби-көркем журналының редакция алқасы өткен жылы жариялаған «Алтын жебе» бәйгесінің қорытындыларын шығарып, жүлдегерлерді анықтау мерзімін биылғы, 2019 жылдың 25-қазанына дейін созып отыр.
2019 жылғы Наурыз мерекесіне деп белгіленген «Алтын жебе» сыйлықтарының қорытындысын шығарудың мерзімін ұзарту редакцияға түсіп жатқан шығармалардың тым аздығына, әсіресе, сол шығармалардың кәсіби деңгейінің сыйлық аларлық дәрежеде болмауына, қазіргі қазақ әдебиетінің елеулі биікке көтерілгенінің лайықты көрінісі деуге тұрарлық шығармалардың тым аздығына байланысты болып отыр.
Алайда, журнал уәдесіне берік. Редакция барлық талапкерлерге әдеби орта мен оқырманды дүр сілкінтерлік шығармашылық табыс тілейді. Іске сәт, қадірлі қаламгер!
Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ,
«Адырна» журналының бас редакторы