Әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты анықталды

ӘДЕБИЕТ
1749

Ұлыбритания жазушысы тегі танзаниялық Абдулразак Гурна әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Бұл туралы Швеция корольдік ғылым академиясының Нобель комитеті хабарлады.

Нобель комитеті аталмыш қаламгерге "отаршылдықтың салдары мен босқын тағдырын мәдениеттер мен құрлықтар арасындағы шыңырауда ымырасыз және жанашырлықпен зерттегеп жүргені үшін берілді" деп атап өтті.

Гурна 1948 жылы Занзибар аралында араб ұлтынан шыққан мұсылман отбасында дүниеге келген. 1968 жылы Ұлыбританияға көшіп келіп, Кент университетінде докторлық диссертациясын қорғады.

Гурна – қазіргі постколониалист жазушылардың зерттеулерінің авторы (Видиадхара Сураджпрасада Найпаул, Салман Рушди, Зо Уикомб).

Нобель апталығы 4 қазанда басталды және 11 қазанға дейін жалғасады. Халықаралық беделді марапаттардың  жеңімпаздары Стокгольм мен Ослода жарияланады.

Айта кетейік, 4 қазаннан бастап осы жылғы Нобель сыйлығының лауреаттарын жариялау апталығы басталды. Оның аясында Швеция Корольдік ғылым академиясы медицина мен физика бойынша 2021 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттарын жариялады.

Медицина саласындағы беделді марапат Калифорния университетінің профессоры Дэвид Джлиус пен АҚШ -тағы Scrips зерттеу институтының ғылыми қызметкері Ардем Патапутянға берілді.

5 қазанда Джорджио Паризи, Клаус Хассельман және Сюкуро Манабе 2021 жылғы физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаттары атанды.

6 қазанда Бенджамин Лист пен Дэвид Макмиллан химия бойынша асимметриялық органокатализаторды дамытқаны үшін 2021 жылғы Нобель сыйлығының лауреаттары атанды.

Нобель комитеті жеңімпаздарды тағы 2 бағыт бойынша марапаттайды. Атап айтқанда, 8 қазанда Норвегияның Осло қаласында бейбітшілік саласы бойынша сыйлықтың иегері жарияланады. Оған 329 үміткер қатысқан. Ал, 11 қазанда экономика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты  белгілі болады.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...