«Айдың аппақ жүрегі» жыр кешіне шақырамыз

ӘДЕБИЕТ
571

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада 23 қараша күні, сағат 17:00-де, белгілі ақын, аудармашы, тележурналист Алпамыс Файзолланың «Айдың аппақ жүрегі» атты шығармашылық кеші өтеді.

Кеш барысында қаламгердің «Жүрек-аспанымның жұлдызы» жыр жинағы мен «Аудармалар мен сұхбаттар» тәржіме кітабының тұсауы кесіліп, әдеби таныстырылымы жасалады. Астаналықтар мен қала қонақтарын, ақынның оқырмандарын рухани-мәдени кештің куәсі болуға шақырамыз.

Алпамыс Файзолла. 1995 жылы 6 наурызда Орал қаласында туған. 2012 жылы туған жеріндегі дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 мектеп-гимназияны бітірген. 2012-2016 жылдарда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінде бакалаврде, ал 2016-2018 жылдарда Л. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетінде магистратурада оқыды. Ол – республикалық әдеби байқаулар мен мүшәйралардың жүлдегері, Қадыр Мырза Әлі атындағы медальдің иегері. «Ақ сезімге ескерткіш» (2021), «Жүрек-аспанымның жұлдызы» (2022) жыр жинақтарының және «Аудармалар мен сұхбаттар» (2023) тәржіме кітабының авторы. Өлеңдері шет тілдерге аударылып, Ұлыбритания, Түркия, Әзербайжан, Үндістан, Жаңа Зеландия әдеби басылымдарында жарияланған.

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...