Амангелді Кеңшілікұлы. Драматургиядағы бәсекелестер

ӘДЕБИЕТ
1170
Эжен Ионеско мен Бертольт Брехттің драматургиядағы төңкерістік өзгерістері өнерді жаңа форма іздеуге итермелеген еуропа театрының дамуындағы белес болды.  Француз және неміс қаламгерінің туындыларында айырмашылықтардың көп болғанына қарамастан, шығармашылық ізденістерінде ортақ белгілер де бар. Әйткенмен,  Брехт драматургиясындағы рационализмнің Ионеско поэтикасының эстетикасына қайшы келетін тұстары жеткілікті. 


Эжен Ионеско


Өнердегі әріптесін жиі сынаған Ионесконың  тақырыбын айғайлатып «Мен Брехтты ұнатпаймын» деген мақала да жазғаны да белгілі. Алайда, Ионесконың өз наразылығын осындай сипатта танытып, эпикалық театрға деген көзқарасын білдіруі сыннан гөрі өнердегі бәсекелесіне қарсы мінез көрсеткен күреске көбірек ұқсайды. Шындығында да Брехтың эпикалық театры мен Ионесконың абсурд театры бір-біріне өткел бергісі келмеген өнердегі бәсекелестер болды. 
Эжен Ионеско 1960 жылы жүргізген күнделігінде былай деп жазады. «Мен өз пьесаларымды тарихты әңгімелеп беру үшін жазбаймын. Театр эпикалық бола алмайды.. Мен үшін театр пьесасы қандай да бір болған оқиғаны сипаттап беруден тұрмайды; ол үшін роман жазуға немесе фильм түсіруге болады».   


Бертольт Брехт


Күнделіктегі сөздердің Брехтқа қарсы бағытталғаны айтпаса да түсінікті. Әрине, бұл жердегі әңгіменің түйіні театр «тарихты әңгімелеп берумен» айналыспауы тиіс деген мәселеге ғана тіреліп тұрған жоқ. Ионеско театр үшін тарих емес, түрлі жағдайдағы сананың көрінісі, олардың дағдарысы маңызды болуы тиіс деп есептейді. Бұл көзқарас - субьективтік театрдың концепциясы, онда суреткердің ерікті қиялы  ешқандай заңдылыққа бағынбайтын өзінің абсурдтық  әлемін туғызады. 
Міне сондықтан да Ионеско эпикалық театрдан өнердегі қауіпті бәсекелесін көргендей тыжырынып Брехтпен ашықтан-ашық жауласудың жолына көшті. Брехтке қарсы шабуылдап, пьесаларының драматургиялық құрылымын, поэтикасы мен философиясын сынауды  үдеткен үстіне үдете түсті.  Өйткені, көрерменнің қызығушылығын туғызып, талғамына әсер етіп жатқан Брехттің эпикалық театры Ионесконың модернистік ізденістерін жоққа шығарғандай болған еді.


Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...