Қазақстандық экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Дармшта...
Ақберен Елгезек Жастар кеңесі төрағасының орынбасары болып бекітілді
Тұңғыш рет құрылған Жастар кеңесінде жаңа тағайындаулар болды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі, Жастар кеңесінің төрағасы Арыстанбек Мұхамедиұлының 2 мамырдағы бұйрығымен Жастар Кеңесі төрағасының орынбасары болып Ақберен Елгезек, ал Кеңестің хатшысы болып Қазақстан жазушылар одағы Астана қалалық филиалының директоры Бауыржан Қарағызұлы бекітілді - деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Еске сала кетсек, Ұлттық әдебиет пен ақындық өнерді қолдау және насихаттау мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі жанынан Жастар кеңесі құрылған болатын. Министрліктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, кеңестің негізгі міндеттері - жастарға қатысты кешенді әдебиет және өнер салаларының басым бағыттарын анықтау, оны қалыптастыру және іске асыру, жеке және заңды тұлғалармен, шығармашылық одақтар, қауымдастықтар және тағы басқа қоғамдық маңызы ұйымдармен бірлесе отырып жұмыс жүргізу болып отыр. Сондай-ақ, Жастар кеңесі жастардың түрлі заманауи форумдарға, конференцияларға, жиындарға қатысып, министрліктің шешімдерін талқылау мен қабылдау кезінде жұртшылықтың пікірін ескере отырып жұмыс жүргізеді, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың жобаларын және тағы басқа да жастарға қатысты өзге де маңызды сұрақтарын талқылап, шығармашылық қайраткерлермен жұмыс барысында туындаған мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдарға консультативтік көмек көрсетеді. Жас ақын-жазушылар кеңесінің құрамына Мақсат Мәлік, Мирас Мұқаш, Мирас Асан, Айбол Исламғали, Қанат Әбілқайыр, Бақытгүл Бабаш, Дархан Бейсенбек, Ерлан Жүніс, Бауыржан Қарағызұлы, Қалқаман Сарин, Бейбіт Сарыбай және тағы біршама елімізге белгілі жас және орта буынның танымал ақын-жазушылары еніп отыр.
madeniportal.kz