Шығармашылық талантын әлем мойындаған суреткер Василь Быковтың қаламынан шыққан туындыларды білмейті...
Кембридж университеті қазақ әдебиетінің антологиясын ағылшын тілінде шығарады
Кембриджде (Ұлыбритания) «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссия мен Кембридж университеті баспаханасы арасында ынтымақтастық жөнінде меморундамға қол қойылды.
Келісім бойынша ұлыбританиялық баспахана қазіргі заманғы қазақ әдебиетінің ағылшын тіліндегі антологиясын аудару, басып шығару мен тарату жұмысын қолға алатын болды.Белгілі болғандай, қазіргі заманғы қазақ әдебиеті үлгісінің жинағын БҰҰ-ның алты тіліне аудару жұмысы «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы аясында жүзеге асырылуда. Жоба Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бір бөлігі болып табылады. «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасының мақсаты - Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі біздің әдебиеттің, музыка және бейнелеу өнерінің, хореография, кино мен театрдың жетістіктерін әлемге паш ету болып табылады. Қазақстандық тараптан меморандумға «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның хатшысы Аида Балаева қол қойды.
«Британдық Кеңес жақтан қолдаудың болуы, сонымен бірге Сambridge University Press секілді белді ұйыммен ынтымақтастық пен оның 500 жылдық тарихы, талассыз абыройы біздің жобаның сәттілігіне негіз болар деген сенімдеміз. Бұл аударма жұмысының жоғары сапасына оң әсер етіп, басылымның Ұлыбританияда ғана емес, жалпы ағылшын тілді әлемге таралуына мүмкіндік берер деген сенімдеміз. Дәл осындай аударма жұмыстарын испан, француз, орыс, қытай және араб тілдеріне аударып, антология ретінде шығару үшін келссіөздерді жүргізіп жатқанымызды атап өткім келеді. Әлеуетті серіктестерге талап та жоғары. Алдымен тәжірибеге, абырой мен баспахананың мүмкіндіктеріне басымдық беріледі», - деді Айда Балаева меморандумға қол қою рәсімінде сөйлеген сөзінде.
Өз кезегінде Сambridge University Press ұйымының реформа және білім жөніндегі директоры Джейн Манн Қазақстанмен мәдени жоба бағытындағы ынтымақтасыққа қуанатындарын жеткізді. «Қазақстандық авторлардың прозасы мен поэзиясын ағылшын тілді әлемнің оқырмандарына таныстыру үшін барлық күш-жігерімізді саламыз. Сambridge University Press бұл ретте жұмыс жүргізу мүмкіндігіне ие болып отырғаны үшін алғысын білдіреді», - дейді ол. Айта кетсек, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының маңызды бөлігі саналатын «Жаһандық әлемдегі қазіргі қазақстандық мәдениет» жобасы бойынша қазіргі уақытта екі антология бойынша қызу жұмыстар жүріп жатыр. Олар «Қазақстанның қазіргі поэзиясының антологиясы» мен «Қазақстанның қазіргі прозасының антологиясы». Әрбір антология бес жүз беттен тұрады. Әрбір антологияға 30 қазақстандық автордың еңбектері енеді. Антологиялардың құрылымы мен мазмұны Қазақстан Жазушылар одағының арнайы отырысында бекітілген болатын.