Асантемір Қаршығаұлының «Шідерлі шер» атты жаңа кітабы жарық көрді

ӘДЕБИЕТ
1943

Оралдағы Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында ақын Асантемір Қаршығаұлының «ДАЛА – кеуде» атты шығармашылық кеші өтті. Кеште ақынның «Шідерлі шер» атты үш бөлімді жаңа кітабының тұсауы кесілді. Ақынның өлеңдері туған ел-атақоныс, адамгершілік тақырыбында сыр шерткен.



 Әдеби кеште кітаптың таспасын Ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов пен жазушы Қуандық Түменбаев қиды.  Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов пен Қазақстан Жазушылар Одағы БҚО филиалының директоры Бауыржан Халиолла т.б. ел ағалары ақынға Алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.

Шығармашылық кеште облыстық халық шығармашылығы орталығы жариялаған «Шідерлі шер» атты жас ақындар мүшәйрасының да қорытынды нәтижесі шықты. Жыр бәйгесіне 12 ақын қатысып, өңірлік мүшәйраның жеңімпазы марапатталды

Айта кетейік ақынның бұған дейін «Өзімнің аспанымның астындамын» және «Тәңірге хат» атты жыр жинақтары жарық көрген.

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...

Өнер

Қазақстанның тұңғыш Халық суретшісі Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орайластырылған мере...