Министр мұғалімдерге ескерту жасады

Ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
2549

«Жаңа жыл мерекесіне орай мұғалімдерге сыйлыққа ақша жинауға бола ма?» деген сұраққа оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жауап берді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Министрдің айтуынша, мектептерде ақша жинау деген болмауы керек. Оған министрліктің бұйрығымен тыйым салынған. Қазір іс-шаралар мемлекеттік бағдарлама аясында жоспарланған. Қандай да бір түлектердің мектеппен қоштасу кештері болсын, тіпті ол жаңа жыл кеші болсын, ақша жинауға болмайды.

“Мұғалімдерге беретін сыйлықтар жайлы айтар болсақ. Рұқсат етілген мөлшерде ғана болады. Бірақ меніңше, мұғалімдер ешкімнен сыйлық күтпейді. Біз, ұстаздар қауымы, ешқандай материалдық ынталандыруды күтпестен, балаларға білім береміз. Егер кейбір жекелеген ұйымдарда бұған жол берілсе, онда бізге хабарлай аласыздар және тиісті шаралар қолданамыз. Мектеп – сапалы білім мен тәлім-тәрбие беретін жер. Сондықтан жаңа жылдық мерекені қосымша шығындарсыз өткізуге болады”,- деді Ғани Бейсембаев.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбиялық әнші Шакира жер сілкінісінен зардап шеккен Чоко департаментіне кенеттен келіп, бүлінген...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстік-батысында толассыз жауған нөсер жаңбыр ауыр зардаптарға әкелді. Қатты жауын салдар...