Рюноскэ АкутагаваАударған Б.ҚожабековаӘйелдер колледжінде оқып жүрген сонау кезінен бастап жұрт Нобу...
Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі мемлекет қарауына алынды
Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсыновтың мұражай-үйі мемлекет қарауына алынды. Бұл туралы Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы, ақын Ұлықбек Есдәулет өзінің Facebook парақшасында бөлісті, деп хабарлайды «Мәдениет порталы».
«Кеше қала әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев мырза 28 жылдан бері шешілмей келе жатқан осы мәселеге нүкте қойған тарихи қаулыны музейге табыс етті.
Осыдан екі жарым жыл бұрын ол Қазақстан Жазушылар одағына келіп, кездесу өткізгенде қаламгер қауымның ұсыныс-тілегінің бірі осы музейдің тағдыры туралы болған еді. Әкім сондағы берген уәдесінде тұра білді!
Ұлт ұстазы, халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсыновтың музей-үйінің бұдан былай жаңа тынысы ашылады деп сенеміз.
Мың болғыр азамат әкімнің бұл шапағатты шешімі Алаш алыбының алдағы жылғы 150 жылдық мерейтойына лайықты тарту болды деп санаймын»,- деп жазады ақын Ұлықбек Есдәулет.
Айта кетейік, аталған мұражай-үйі қоғам қайраткері, ақын, ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашалық жолына арналған, мәдени-ғылыми мекенжай. Мұражай Алматы қаласындағы А.Байтұрсынов пен Жамбыл көшелерінің қиылысында орналасқан. Онда Байтұрсынов өміріне байланысты мұрағаттық материалдар, түрлі құжаттар, қолжазба мұралары, фотосуреттер, сирек кездесетін кітаптар қойылған.