Француз актері Жан Поль Бельмондо өмірден озды. Бұл туралы оның адвокаты ресми мәлімдеме таратты, де...
"БАЙТАҚ ЕЛДІҢ БАЛПЫҚ БИІ" атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасы өтеді
"БАЙТАҚ ЕЛДІҢ БАЛПЫҚ БИІ" атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасының ережесі
Алматы облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы, Қазақстан Жазушылар одағының Алматы облыстық бөлімшесі мен "Үш Бәйтерек" қоғамдық қоры өз заманында ел бірлігін ұйытып, рухын асқақтатқан, көсемдігі мен шешендігі, ерлігі мен әулиелігі көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған бәйтерек бейнелі Балпық бидің данагөйлік мұрасы мен тарихтағы орнын поэзияның құдіреті арқылы кеңінен паш ету мақсатында Республикалық "Байтақ елдің Балпық биі" атты жазба ақындар мүшәйрасын өткізеді.
Байқауға қатысатын ақындардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды.
Байқау шарты:
– Мүшәйраға қатысушылар екі өлең жолдауы шарт. Әрбір өлең он беттен аспауы тиіс.
1. Балпық биге арнау;
2. Еркін тақырыптағы өлең.
– өлеңдер бұрын жарияланбаған болуы керек, әр өлеңнің жазылған мерзімі көрсетілуі тиіс;
– өлеңді компьютерге Times New Roman қарпімен, 14-кегльмен теру керек;
– сайысқа барлық шарттарға сай (техникалық, мазмұндық, т.б.) жазылған өлеңдер ғана қабылданады;
– қазылар алқасының шешімі өзгертілмейді.
Мүшәйраның жүлде қоры:
Бас жүлде – 500 000 (бес жүз мың теңге).
І орын – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге.
ІІ орын (екеу) – 200 000 (екі жүз мың) теңгеден.
ІІІ орын (үшеу) – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден.
Ынталандыру сыйлығы (бесеу) – 50 000 (елу мың) теңгеден.
Қатысушылар өлеңдері мен өздері туралы мәліметті (жеке куәлігінің көшірмесі мен кестені толтырып) 2019 жылғы 2 қыркүйекке дейін a.kenzhegulova@zhetysu.gov.kz электронды поштасына жолдауы қажет. Жеңімпаздарды марапаттау мерзімі қосымша хабарланады.
Біздің мекенжайымыз:
Талдықорған қаласы, Тіл сарайы, І. Жансүгіров көшесі, 36/б.
Алматы облыстық тілдерді дамыту басқармасы
Байланыс телефондары: 8 (7282) 40-01-65, 40-01-67
Факс: 8 (7282) 30-59-50