Бір әңгімеден өрбіген бүтін ой

ӘДЕБИЕТ
1932

 Мо ЯнПенде боп жарық дүние есігін аштың екен, енді сол пенде атаулыға тиесілі ащы-тұщыны да бастан кешуің ләзім іс. Есейіп, ес жинаған соң отбасы құрасың, сосын жарық дүниеге ұрпақ әкелесің! Сол ұрпағыңнан үлкен де ұлы үміт күтіп жүріп, өзің де қалай қартайғаныңды сезбей қаласың... Өмір деген, міне, осы! Біздің әңгіме басын бұлай өрбітуімізге себеп – қытай қаламгері Мо Янның «Бала үшін» деген шағын әңгімесі болып отыр. 

Әбдіғазы Зақанұлы деген азамат қазақшаға аударыпты, «Жас Алаш» газетінің 2018 жылғы 31 шілдедегі нөміріне басылыпты. Аударма сапасы туралы сөз бөлек әңгіме, бұл жерде бізді ойландырғаны- көркем дүниенің қарапайым ғана тіршілік суретін бере отырып, астарымен көп ойды аңғарта білгені. Көрші тұратын екі кісінің екі ұлы әуелі шекіседі, сол екі арада олардың шешелері де бұл айқайға ат қосып жібереді, арты әжептәуір талас-тартысқа жол ашады. Әйелдер енді күйеулерінен көмек күтеді – қысқасы, күнделікті өмірде болып жататын шағын «драма»! Екі баланың шекісуінен басталған дау-дамай әрі қарай шиеленіске, таусылмас тартыстарға ( сыншылардың көп айтатын сөзі) жол ашар ма екен десең, жоқ, артынан оп-оңай табысып кетеді. Әлгі балалардың бірі шанамен сырғанап ойнап жүріп, мұз ойығына түсіп кетіп, соны құтқару жолында кешегі өкпенің ізі де қалмайды, бәрі де ұмыт болады. Су жұтып қойып, әзер деп аман қалған бала, жылаған әйел, «болды, жетер енді, әйелдердің-ақ көз жасы сарқылмайды екен» деп жұбату сөзін сыздықтап айтқан еркек... Өмірдің өзі ме? Өзі! Сол қалпында көшіре салған ба? Әлбетте! Оқыла ма? Әрине! Әлем оқып жатыр осы әңгімені! Оқисың да, ойға қаласың! 

Осындай көркем әңгіме бізде жоқ па екен? Неге болмасын! Ал, біз, өкінішке орай, қандай ойды да қасаң теорияға салып, басымызды қатырып, ананы іздеп, мынаны талап етіп, «жеткізе алмай жатырсың» деп, шаужайға жармасып, шаршаймыз да жүреміз? Жаңалық жоқ, ізденіс байқалмайды деуге аузымыз әбден үйренген. Мұндай сөзді оп-оңай, жеңіл-желпі айта салу да қиын емес болып кетті. Кімді оқысақ та, мақтауға барынша шорқақпыз, есесіне «тырнақ астынан» кір іздеп әлектенеміз. «Жап-жақсы әңгіме емес пе?» десең, пікір айтушы «онда неге қалың ел мақтамайды» деп сылтауратады. Осы өтірік пе?...

Жолтай Әлмашұлы

author

Жолтай Жұмат-Әлмашұлы

ҒАЛЫМ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...