Бішкекте «Айылдан чыккан миллионер» кітабы оқырманға жол тартты

ӘДЕБИЕТ
2176


Бішкектегі Ұлттық тарихи музейде белгілі жазушы Сәуле Досжанның қырғыз тіліне аударылған «Айылдан чыккан миллионер» кітабының тұсаукесері өтті.

Бұл іс-шараны Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі ұйымдастырды. 

Іс-шараға Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, ақын-жазушылары, әдебиет сыншылары, өнер саласының белгілі өкілдері, сол сияқты, екі елдің мәдениет саласын дамытуға үлес қосып жүрген жергілікті мемлекеттік мекемелердің өкілдері де қатысты.


Бұл сияқты әдеби-рухани шаралар екі елдің ынтымақтастығын нығайта түседі, - деді еліміздің Қырғызстан Республикасындағы елшісі Рәпіл Жошыбаев. 

Қырғызстан Республикасының Мәдениет, мағлұмат, спорт және жаңа жастар саясаты министрі А.Максутов авторды «Алғыс хатпен» марапаттады. 

«Қырғыз және қазақ елдері арасындағы әдеби байланысқа үлкен үлес қосқаныңыз үшін ырзашылық білдіреміз»  делінген «Алғыс хатты» министр орынбасары Тумонбай Колдошев табыстады.

Жазушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Абдыкерим Муратовтың айтуынша, қазақ-қырғыз халықтарының мінезінде, тұрмыс-салтында, тілдерінде де ұқсастық мол. 

«Хикаяттың жоғары деңгейде аударылғаны сонша, құдды қырғыз жазушысы жазып шыққан ба деп қаласың»  деді ол.

«Ауылдан шыққан миллионер» хикаятын қырғыз тіліне аударған белгілі қырғыз ғалымы,  педагогика ғылымдарының докторы, аудармашы Кыялбак Акматов кітап жайында былай дейді.


Қырғыз елінде балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармалар өте аз болғандықтан, мен өзімнің қазақстандық әріптесім әрі досым, белгілі қаламгер Саят Қамшыгерден аударуға лайық шығарма ұсынуын өтінген едім. Балаларға мотивация беретін, еңбекқорлыққа баулитын «Ауылдан шыққан миллионер» шығармасы аударуға әбден лайық шығарма болды. Қырғыз балалары жаңа кітапты ә дегеннен ұнатты, - деді аудармашы.

Бұл сапарында жазушы Бішкектегі «Маариф» білім беру комплексінің оқушыларымен де кездесті. «Айылдан чыккан миллионер» кітабы туралы өз пікірлерін білдіріп, шығарма бойынша толғандырған сұрақтарын жаудырған қырғыз балалары мен кітап авторы арасында мағыналы диалог өрбіді.

Кітап Бішкектегі «Таалим» баспасынан жарық көрген. 

Сәуле Мағазбекқызы Досжан— ақын, жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері, Қазақстан Жазушылар Одағының, Журналистер Одағының және Халықаралық жазушы әйелдер гильдиясының мүшесі. Халықаралық «АЛАШ» әдеби сыйлығының иегері атағын алған.

Автордың «Ауылдан шыққан миллионер» кітабы қазір башқұрт тіліне аударылып жатыр. 

baq.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...