Мәртебелі оқырман, құрметті достар!Қазақ интернет кеңістігі тағы бір әдеби порталмен толығып жатыр....
«Ералы ертегілері» оқырманға жол тартты
Ералы Пазылбекұлы Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, «Д.Қонаев» атындағы орта мектебінің 4-сынып оқушысы. 4 жасынан бастап әріп танып, кітап оқи бастаған. Республикалық, облыстық сайыстардың жеңімпазы. Жуықта «Ералының ертегілері» атты алғашқы кітабы жарық көрді. Қазақстанның ең жас жазушы Ералының қаламы ұштала берсін, шабыт, шығармашылық табыс тілейміз!
Авторы – 9 жасар Ералы Пазылбекұлы. Ол төрт жасында кітап оқып, алты жасында көптеген қазақ халық ертегілерін оқып шығады. Кішкентай таланттың қатысып, жеңімпаз атанған алғашқы шығармашылық байқауы – туған мектебінің қабырғасында өткен «Екі жұлдыз» әншілер байқауы болды. Бұдан кейін – «Республикалық балалар оқулары» байқауында ІІІ орынды иеленді.
Облыстық әдеби және шығармашылық байқаулардағы жеңістері: қазақстандағы «Балалар жылы» мен «Балалар әдебиеті» жылының аясында өткен «Оқу көшбасшысы-2021», Пушкин кітапханасының «Super Б'АЛАҚАЙ» жобасы, Ералы алғаш рет өзінің ертегілерін таныстырған «Ертегілер – ғажап әлем» атты облыстық байқауы.
Ертегілер кітабы Алматы қаласындағы «Мерей» баспасында жарық көрді. Кітапта балалардың қиялынан және қоршаған әлемді түсінуден туындаған шынайы, әсерлі шығармалары көрініс тапқан. «Ғажайып саяхат», «Кітаптар мұңы», «Ғажайып қалам», «Судың да сұрауы бар», «Айымның қателігі», «Үшінші бала», «Екі дос», «Жанашырлық», «Көгершіннің балапандары», «Менің әпкем» және т. б. – бұл оның ойынан шығарылмаған керісінше өзінің балалық шағынан, отбасындағылармен болған күлкілі жағдайлардан түйген жас автордың пайымдауынан туындаған шығармалары.