Әр ата-ана өз ұлының болашақ қалыңдығын ерте ойластырады, өзінің теңін іздейді.«Анасын көріп қ...
IV «Таласбек» сыйлығына шығарма қабылдау жалғасып жатыр
Белгілі жазушы, сыншы, мифолог, кинодраматург, күйші Таласбек Әсемқұлов атындағы дәстүрлі «Таласбек» сыйлығының ережесі
Мақсаты:
Қазақ руханиятының көкжиегін кеңітіп, XXI ғасыр басындағы бейресми көшбасшысына айналған, саналы ғұмырын ұлтына қызмет етуге арнаған Таласбек Әсемқұловтің шығармашылығын нәсихаттау, жазушы есімін болашаққа жеткізу жолындағы рухани жұмыстарды жалғастыру, соңында қалған әдеби мұралардың сыры мен жұмбағын ашып, тың зерттеу салаларына өзек ету.
«Таласбек» сыйлығын өткізу тәртібі мен шарттары
Әдеби сыйлық екі аталым бойынша өтеді
I аталым «Ең үздік зерттеу мақала»
Т. Әсемқұлов рухани мұрасын зерттеу өзегі етіп алу;
Интеллектуалдық деңгейі жоғары болу;
II аталым «Ең үздік әдеби шығарма»
Бейнелеу тілінің сонылығы, стиль мен шеберлік;
Ұлттық болмыс пен мифологиялық қатпарының болуы;
Адам құқығы мен шынайы құндылықтар;
Ұлт мәдениетін күйрететін өркениеттер қақтығысы, қыршын өмірді жалмайтын соғыстың, ашаршылықтың кеспірі мен адам санасына салған сызатын, ұлт руханиятына жасаған қиянатын ашып көрсету;
Жанрлық шектеу жоқ.
Сонымен бірге белгілі әдебиеттанушылардан құралған комиссия мүшелері былтыр қыркүйек айынан бері қарай ғаламтор бетінде жарияланған, басқа додаларға қатыспаған үздік шығармаларды ұсына алады. Осы арқылы сіз «Таласбек» сыйлығына арнайы ат қоспасаңыз да жеңімпаз болуға мүмкіндігіңіз бар.
Байқауға ұсынылаған шығармалар 2023 жылдың 20 қыркүйегіне дейін talasbekasemkulov2023@gmail.com электронды поштасына жолдануы қажет. Нәтижесі 2023 жылдың 23 қыркүйегінде жарияланады. Ұсынылатын шығарманың бет санына, қатысушының жасына, тіліне шектеу жоқ. Қаріп – Times New Roman, мөлшері – 14.
#Talasbek2023
Әр аталым бойынша үздік деп танылған шығармаларға қаржылай сыйақы тағайындалған.