Маржан Ершу. Сыра туралы ертегі

ӘДЕБИЕТ
2151

(фин халық ертегісінің желісімен)


Ерте, ерте, ертеде,

Сонау алыс өлкеде.

Бір паң мырза болыпты.

Бар дәулетін тер төге

Еңбегімен тауыпты.

Үйі де бір кең сарай

Байлығы да көп екен.

Басындағы бір кемдік

Тек әйелі жоқ екен.

Содан мырза ойланып,

Қыз іздейді маңайдан.

Әрі сұлу, ақылды

Қалыңдық табу оңай ма?

Жолға шығар қамданып,

Сол арманын ойға алып.

Ат терлетіп, ел кезді

Уақыт зырғыр айналып.

Өзі де әбден шаршады,

Аты да әбден шаршады.

«Тынығып алған дұрыс» дер

Болғанынша таңсәрі.

Болу үшін жайдары,

Демалған сірә, пайдалы.

Көрінген үйдің тұсына

Атын енді байлады.

Ой бөлініп сан-саққа,

Мырза жүдеу күйге енген.

Қыздар да көп жан жақта

Жігіт те көп үйленген.

Көкейіндегі бір арман

Мұң, қуаныш, бағы ма?

Кезіктірді алдынан

Сұлу қызды тағы да.

Мұртын сипап жымиды,

Көздерінде күлкі ойнап.

Кезіккені-ай бұл үйдің

Мені күткен қандай бақ?

Кесіп-пішіп өз ойын,

Айналаға қарады.

Ал сұлу қыз ырғала басып

Суға кетіп барады.

Аққу сынды өзі аппақ,

Ал көздері қап-қара.

Қолындағы құмырасы

Тал бойына шақ қана.

Өң мен түстің арасында,

Тұрды мырза теңселіп.

Қарсы тұрған кемпір-шалды

Көзі құрғыр  көрсе еді.

Екі беті оттай жанып,

Бір қызарып, бозарды.

Жолаушы едім,

Жол іздеген - , деп енді ол 

Қолын қолға созар-ды.

Бұл мырзаның бар жағдайын,

Шал мен кемпір білетін.

«Жол іздеген жолаушының»

Қалай табар ретін?

«Мырза, мырзам» деп иіле,

Шақырады төріне.

Бар жақсысын үстіне іліп

Кемпір қарайды еріне.

Шал байғұс та бүгежектеп,

Сақал-мұртын қырады.

Судан қайтқан сол сұлу қыз

Қонақ барын ұғады.

Кемпір қызын шақырып ап,

Бар ақылын төгеді.

Қыз ұмтылып терезеден

Мырзаны анық көреді.

Үшеуінің есі кетіп,

Қуаныштан күбінер.

Паң мырзаны ұйқы жеңген

Көз ілмеген түнімен.

Дастарханын толтырады,

Таппағанын қарызға ап.

Енді неден тартынады

Күйеу жігіт! Мырзаны айт!

Мида жүзді жорамал мың,

Оған қалай  ұнамақ ?!

Әдемі орындық, орамалды 

Көршілерден сұрамақ.

Үй жайнады , үстел үсті

Тіпті ғажап, тамаша!

Үшеуі де сыланып ап

Жүгіреді балаша.

Мырза ұйқыдан көзін ашты,

Дәмді тамақ, сұлу қыз!

Жайнаған үй , сезім-тасқын

Жылуың болса жылынғыз.

Мырза төрде жүзі жайнар,

Үміті енді жанған ба?

Шал бір кезде қызын жұмсар

Сыра толы подвалға.

Қыз ыңылдап әнін айтып,

Сатымен төмен түседі.

Құмырасына сыра құйып

Өзі де ептеп ішеді.

Ақ жүзіне қан жүгіріп,

Құмырасын құшақтап:

Өзі қандай өңді жігіт!

Өзі түсті-ау тұзаққа.

Көңілі де жайдарланып,

Жоғарыға ұмтылды.

Көзі кенет төбедегі

Балтаны көрді-

Көрді-дағы жүрегіне мұң тұнды.

Құмырасын жерге қойып,

Отыра қап жылады.

Әр нәрсені ойлай-ойлай

Түк естімес құлағы.

Уақыт өтті. Шай қайнатым,

Қыз әлі жоқ, қайда екен?

Үстел басында айқайлайтын

Кемпірдің даусы жай ма екен?!

Әрі айқайлап, бері айқайлап,

Дауыстап та шақырды.

Шал мен кемпір қысылғаннан

Мақтай берді батырды.

Қыз әлі жоқ,

Кемпір іздеп соңынан қыздың  кетеді.

Сатыменен төменге түсті

Желп-желп етіп етегі.

Төменге түссе,

Қызы жылап

Иығы селк-селк етеді.

Шешесі енді жүгіріп, құлап

Жанына жылдам жетеді.

Өксігін де баса алмаған,

Жылауын да үзбеген. 

Құпиясын ашар ма адам

Қандай жылауық қыз деген?

Бір уақытта шешесіне ,

Мұын шақты қыз енді.

Төбеге сол қадалған балта

Үміттерін үзер -ді.

Көрдің ба ?- деп сол балтаны

Қызы өксіп жылады.

Түк түсінбей шешесі де

Бетін қызына бұрады.

  • Білесің бе?

Шешеке-ау,- дер,

Одан әрмен жылады.

Сол балтаның әңгімесі

Соңы немен тынады?

Қыз сөйледі сырын ашты,

Шешесіне көз салып.

Сөйлегенде сөзі ащы

Шымшылайды өз санын.

Білесің бе? Шешеке-ау дер,

Мырза мені сүйіп қалса,

Тойын қылып үйленсе,

Содан бір күн ұлды болса,

Үй ержетіп үйге келсе,

Сыра ішем деп төменге түссе,

Төмен түссе, төмен түссе,

Сосын жоғары өрмелесе,

Анау балта , анау балта

Оның басын жарады ғой,

Ай- ай- ай ай- ай-,

Деп сұңқылдап жылай берді.

Қызының сол уәжді сөзі

Көңіліне ұнай берді.

«Мұны неғып ойламағам» 

Деп кемпір де отыра қап

Жылайды енді, жылайды енді.

Қызы да жоқ, кемпір де жоқ,

Уақыттың жоқ жазасы.

Е, е, бұларға не болды деп

Шалдың кетті мазасы.

Қонақ бойын үрей билеп,

Сырын түйді ішіне.

Шал орнынан қозғалады

Подвалға өзі түсуге.

Ішке енсе ебіл-себіл

Қыз бен кемпір жылап отыр

Жылағанда не тұрыс бар,

«Не болды» деп сұрар енді.

Көзден аққан жасын сүртіп,

Көрсетті кемпір балтаны.

Шал қарайды аңтарылып

Одан нені байқады?

Кемпір жылар еңк-еңк етіп,

Шал-ау,-деді –не білдің?

Сол балтаға тіреліп тұр өмірім.

Біздей нәзік жандарға

Тастай батар темірің!

Ойлансаңшы, шал-ау деймін,

Ойланбапсың соған дейін.

Мына мырза қызымызды алса,

Одан бір күн ұл туса,

Ұл ержетіп үйге келсе,

Сыра ішем деп төменге түссе,

Сатыменен жоғары шықса, 

Жоқ, шыға алмай,

Жоқ, шыға алмай,

Анау балта басына түссе,

Сол жерде - ақ өледі ғой,

Сосын жерге көмеді ғой.

Ойбай, ойбай, ойбай-ай,

Деп ойбайлап жылағаны.

Шал да сондай боркемік пе?

Кемпірдің сөзін құп алады:

Сорлы балта-ау! Нең бар бізде?

Не айтасың жазған көзге?

Немеремді, қызымды ды, 

Кемпірімді, өзімді де,

Мырзамды да сақтай гөр !-

Деп еңіреп жылағаны.

Мұндайда не амал бар?

Сақалынан жас тамып.

Үшеуі жер сабалар

Қосылғасын бастары.

Зымырады уақыт талай,

Тамақ қалды суып та.

Әрі-бері отырғаны ай

Мырза сырды ұғып па?

Бір уақытта өзі түсті ,

сатыменен төменге,

Бебеулеген үш мұңлықты көрер де.

Құлаған сол құмырадан 

Сыра төгілген еденге.

Көпіршігі айғыз -айғыз

Бүлдіріпті бәрін де.

Түк түсінбей қарай берді

Түрлері әлем -жәлемге.

Шал қолымен төбедегі,

Балтаны көрсетіп ымдады.

Одан әрі сөйлей алмай

Жылай берді тынбады.

Бір уақытта есін жиды,

Көзден жасы саудырап.

Сөйлей алмай булығады

Дауысы қалтырап.

-Мырза-ау -,  деді байқағаным,

Мына балта пәле әкелер,

Қызым солай ойлағаны.

Пәле әкелер!

 Әне келер, міне келер!

-Мырза, мырза-ау, мырзам-ау,

Сен менің қызымды алсаң,

Одан бір күн ұлды болсаң,

Ұл ержетіп үйге келсе, 

Төменге түсіп, сыра ішсе,

Енді шығам дегенінде

Анау балта басына түссе,

Өледі ғой, 

Молаға апарып көмеді ғой.

Бай, бай, бай, Бай-бай ай!-

Деп өкіріп жылағаны,

Жерге қайта құлағаны.

Қосылып алып үшеуі,

Көздің жасын ішеді.

Сатымен өрлеп жоғары,

Мырза төбеге қарады.

Бар күшін енді  салады

Балтаны жұлып алады.

Жерге қойып балтаны,

Жанындағыларды байқады.

Қолымен басып қыз бетін

Жылай берді шайқалып.

Орамалын бетіне,

Кемпір жауып алыпты.

Екі иығы селкілдер

Өзі құсап –айыпты.

Кемпірдің ұзын етегін,

Шал көзіне басыпты.

Еңіреген даусынан

Мырза үркіп қашыпты.

Кей жалтырақ алыстан,

Өзін сірә, танытпас.

Ақылсыз қыз бұл неткен

Әйел болып жарытпас!

Деген оймен мырзамыз,

Атына тез жетіпті.

Әрі сұлу, ақылды

Бақытын іздеп кетіпті.

Ақылы асқан сұлуын,

Мырза мүмкін тапты ма?

Таппай әлі іздеп жүр ме

Қарай-қарай артына...

Мәдениет порталы

author

Маржан (Айек) Ершу

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...