Фариза Оңғарсынованың жеке парақшасына өтіңіз
Николай Гоголь. Жындының жазбалары
Октябрьдің үші-е-е...
Құдай сақтасе-е-ен!.. Бүгін қызық бір іс болде-е-е! Қара басып, ұйқының көкесін танытқам білем, көзімді ашып кеп қалсам, үйдің іші жап-жарық! Мавра етігімді тазалап, ентігіп жетіп келгенде сасқанымнан «әй, сағат қанша?» дедім. Өш, қасқа! Сөйтсем сағат әлдеқашан оннан асып кеткен екен! Әтеңелет! Жалма-жан апыл-ғұпыл киіне бастадым! Шынымды айтсам бар ғой — департаментке баруға зауқым жоқ еді. Білем ғой, біле-е-ем, бастықтың аузының қалай қисаятынын! Білем! Қызталақ: «Әй, бала! Осы сенің басың бас па, әлде ашыған көже құятын қабақ па? Қашан көрсем — арсы-гүрсі! Жын куған көбелектей, қыз-з-зыңды ұрайын, ентігіп жүргенің! Шатьш-бұтьш, бас аріппен жазылатын титулды құмырсқадай кіп-кішкентай аріппен жазасың! Қолың да қол емес, сайтанның шатпағындай қиқы-жиқы бірдеме! Не айын, не күнін айырып біле алмайсың! Балдыр-батпақтың өзі. Қисық аяқ көкқұтан неме! Директордың қақ төрінде, ұлы ағзамның қаламын ұштап отырғанымды көрген сайын қызғаныштан жарылып өліп кете жаздайды. Өлсең неге өмірем қаппайсың, пәдеріңе нәлет! Сол департаментіңе менің барғым келіп жүргені де шамалы, шынымды айтсам! Маған керегі бір-ақ нәрсе ғой ол жаққа барғанда, бір-ақ нәрсе! Жалынып-жалпайып, әлгі казначей сараң жөйттен алдын ала жалақымды алсам ба деген есек дәме де, әйтпесе осы департамент дегенің дені дүрыс пенденің баратын жері деймісің. Ойбо-о-ой, ол жөйіт неменің де оңып тұрғаны шамалы, жатырыңда қисық бітіп тұған бір жылпос, қысты күні қар сұрап та ала алмайсың, өзіңе заңды тиесілі жалақы түгілім. Зарлағанда бар ғой, ақырзаманды орнатып, қос қолыңды төбеңе артып тезек теріп кеткің кеп тұрады! Өліп бара жатсаң аузыңа бір қасық су тамызбайды ғой, тамызбайды, қызталақ! Қиға май жағып жегір жөйт! Жалғанда жарып, жақсылық көрмегір жөйт! О дүниеде өгізше өкіргір жөйт!
Саған басқа айтарым жоқ, білдің бе? Бізге көз алартып едіреңдегенде бар ғой — құлды бір қаусатып кететіндей қопаңдайды көтіне қарамай, ал үйіне келгенде аспаз қатынының оқтауына жығылғанын талай көргендер де бар, өтірік айтса жаһаннамның тандыр отында тырысып, күйіп қалсын! Тозақ отына тырдай жалаңаш, әбүйірін жабарға қол таба алмай, көзі алақтап барсын! Ал... ал, мынау департамент бар ғой – кісі қызығатын қызмет емес! Бір тиын пайдасы жоқ!.. Мен сіздерге айтайын, мына-а,.. губерниялық басқарма-а... және... өкімет палатасы деген қызмет орындары бар, мәселенки. Міне кісі қызығатын орындар, қызмет дегеннің көкесі сонда! Барғанда ылғи көретінің: анадо-ой бір бұрышта біреу бүрісіп, қағаз шимайлап отырады. Түріне қарасаң, қарның ашар біреу, үстінде жағал-жағал, етек-жеңі ебедейсіз белгісіз біреудің үстінен шешіп алғандай сезікті фраксымақ, ал өзінде өң дейтін өң де жоқ, сұрықсыз біреу, көрсең құсқың келеді, немесе қақырынып тұрып бір түкіргің келеді! Ал сөйте тұрып, салып алған саяжай дачасын қара — жұтынып тұр-ау, жұтынып тұр! Құдды бір қуыршақ дерсің! Үйі толған фарфор ыдыс-аяқ, бұл, дейді, доктордың маған тартқан сыйы! Басқа сыйды, артына қарамай, өзінше менсінбейді! Әкелсең маған, пәуескеге пар қып жегер қос жорға әкел, дейді! Немесе, үш жүз теңгелік сусардың терісін сыйға тарт, дейді. Көрдің бе дәмесінің зорын! Сырт көзге — мүләйімсіген бір момын, сыпайы сызданып, ернінің ұшынан: «Бәкіңізді бере тұрыңызшы қаламымды ұштап алайын» дейді! Соңғысы — былық, соңғы жейдеңді сыпырып алмағанына шүкіршілік ете бер! Ал, біздің жұмыс па? Біздің жұмыс нағыз сал-сері, ақсүйектердің істейтін жері ғой! Бұндағы тазалықты айтсайшы! Ондай тазалықты губерниялық басқарма үш ұйықтаса түсінде көре алмас! Белме басы — қызыл ағаштан келістіріп тұрып жасаған стол! Бастық сыпайы, «сіз, сіз», деп сызылып тұрғаны! Шынымды айтсам, осы қасиеттер болмаса біздің департаментке май жағып берсең де бармас едім!
Сонымен мен ескі шинелімді кидім, қолшатырымды ала шықтым, себебі сол күні шелектеп жаңбыр ұрып тұрған! Көшеде ешкім жоқ, әуеде етектерімен басын жауып алған қатындар мен зәуде бір қолшатырмен қорғаланған орыс көпестерінің жолыққаны болмаса, ешкім кезіккен жоқ. Ақсүйектерден жалғыз ғана біздің бір әріптес шенеуініктің кезіккені! Көрген бетте-ақ сезгем қасқаның қайда ағып бара жатқанын! «Еһе, көгөршшім, сен жұмысқа бара жатырмын деп кімді алдамақсың? Сен департаментке емес, сен анау алдында бөксесін бұлтыңдатып безіп бара жатқан бикештің балтырын кенет көріп қалам ба деп, дәметіп барасың, аузынңан сілемекейің ағып!» дедім ішімнен. Байтал көрсе соңынан безетін ақымақ айғыр сықылды ғой біздің шенеуніктер! Анау-мынау офицерлерің олардың қасында жіп есе алмай қалар еді! Қайда-а-а!.. Біздің серілер қырағы ғой, қырағы — шіләпі киген келіншекті іліп түседі ғой, іліп түседі! Кайран сабаздар-ай!.. Осыны ойлауым мұң-ақ екен, дүкеннің қасынан өтіп бара жатып, бір күйменің ағып кеп, тоқтай қалғаны! Бірден тани кеттім — өзіміздің директордың күймесі. Таныдым да ойладым, ойлағаным: «Директор ғой дүкенге ешқашан бармайды! Барса баратын тек қызы! Айтқаным алдымнан шықты, — лып етіп дүкеннің қабырғасына жабысып үлгердім-ау әзер — лакей күйменің есігін ашар ашпастан зып етіп, тоты құстай директордың қызы ұшып шығып, жерге қонды! Екі жағына кезек-кезек қарағанда — қасын көрсең керілген! Жанары қандай жарқ еткен! Құда-а-ай, құрыдым, кұдайым-ау, мен біттім! Осынау дүлей жаңбыр төпеп тұрғанда сұлу сыртқа шығар ма?! Әйел заты шүберек десе ішкен асын жерге қояды-ау, шіркіндер!.. Әжеп болғанда қыз мені таныған жоқ! Оның үстіне ағал-сағал ескі шинельді желбегей жамылып алғам! Қазіргі жұрт биік жағалы етегі ұзын плащ киетін болған. Ал менікі қысқа түрі. Оның үстіне мен осындайдың екеуін қос қабаттап киіп алған едім! Ол аз десең, сөкінесі де сиыр жалағандай, дұрыс өнделмеген, плащ деген аты болмаса — құр лыпа... Сонымен қыз дүкен ішіне кіріп кетті де соңына ерткен қандені сыртта қалып қойды! Бұ қанденді мен бұрыннан білетінмін. Аты Меджи. Сол қанденге қарап тұрып, бірде талып қала жаздағаным! Өз құлағыма өзім сенбей тұрып қаппын: «Меджи, сәләматсың ба!» — дейді бір жінішке дауыс. Бір орнымда шыр айналдым, қайдан естіліп тұр деп. Құдайым-ау, бұл кім болды екен? — деймін ішімнен. Қарасам — қарсы алдымда екі әйел: қолдарында қолшатыр, қыз бен кемпір. Олар енді өзара әңгімелесіп қасымнан өтіп те кетті. Олар өте әлгі дауыс тағы да естілді: «Күнә болады, Меджи!». Өш қасқа! Сөйткенімше болған жоқ, әлгі қанден Меджи қыз бен кемпірдің соныңа ерген итпен қыңсыласа бастадым-ау, ырылдаса бастадым-ау... Құданың құдіреті, тасбақаның сүгіреті, деген осы! «Эһе-е-е, батыр!» — деймін де өзімді әзім шымшьш қоям. «Батыр-ау, құлқынсәріден ішіп алғаннан саумысың-ң? Өш, қасқа! Анда-санда болмаса, сенде бұндай жоқ еді ғой!» — деп өзімді өзім тағы шымшып алдым. «Жо-жоқ, Фидель, сен оттама, — дейді әлгі дауыс тағы да. Кәдімгі Меджидің дауысы. — «Ав, ав, ав, мен сырқат едім онда ав, ав», — дейді. О құданың құдіреті, тасбақаның сүгіреті! Ах, қаншық, қаншық! Шынымды айтсам, мен өмірімде қаншықтың адамша қақсай сөйлегенін бірінші рет естіп тұрған едім. Құлақ үйренгенше қиын екен, құлақ үйренген соң таңдануды қойдым. Бұндай-бұндай таңғажайьш оқиғалар дүниеде көп қой. Мәселенки, Англияда бір ғажап балық судан шығыпты да кісі білмес бір қызық тілде бірнеше сөз айтып кеткен екен, содан бері, міне, бақандай үш жыл өтті, дүние жүзінің әйгілі ғұлама ғалымдары сол жұмбақты әлі күнге шеше алмай бас катырып әуре! Сіз оны айтасыз, мен өз көзіммен жақында бір газеттен оқыдым: бір екі сиыр тапа тал түсте дүкенге келіп, мөңіреп, сатушыдан бір фунт шай сұрапты. Оны қой енді, бірақ мені есімнен тандыра жаздаған мынау — Меджидің сайрағаны ғой! Өш қасқа! Ұялмай, қызармай: «Мен саған хат жазғам, Фидель! Бірақ амал нешік, Полқан саған ол хатты апармапты, менде жазық жоқ,» — дейді бетсіз! Ұят та жоқ, аят та жоқ! Апыр-ау, талай сұмдықты естідік қой, бірақ бұрын-соңды ит хат жазады дегеңді кім естіген. Әдемілеп, қатесіз хат жазса, әрине, адам жазады, онда да сол адамдардың ішінде, тек тектілер, ақсүйек дворяндар ғана жазар еді, білдіңіз бе? Енді шынтуайтқа келсек, мынау кеңсе-көпестердің арасында да сауатты жігіттер кей-кейде кездесіп қалады! Бірақ расы керек, олардьң жазғаңдарының көбісі тек шимай-шатпақ кісі танығысыз, сөз буыны қайда, үтірі қайсы, нүктесі қайсы — соны айырам деп-ақ жүйкең тозады! Тіпті жындануға аз-ақ қаласың!
Сол ғой, сол мені танқалдыратын! Сол! Осы жерде мен мойындауға тура келетін бір нәрсе бар. Соңғы кездері, мен сіздерге ақ жарылып, шынымды айтайын енді... соңғы кездері қараптан қарап отырып, мен кейде бар ғой құлақ естіп, көз көрмеген таңғажайып оқиғаларға тап болып жүрмін. Бір қызық елестер кеп кенеттен есімді шығарады! Бір қызық-қызық дауыстарды естиді-ау құлақ шіркін... Қызық, ә?! Бірақ мен сіздерге айтпаған болайын, сіздер естімеген-ақ болыңыздар, келістік қой?.. Ендеше, әңгімемді жалғастырайын, жарай ма?.. Ал, ендеше, кеттік!.. Ал енді бұл қос ит не істер екен тағы да, деп мен арттарынан жөнейін, қанша дегенмен қызық қой...
Сонымен қолшатырымды қолыма ұстап, екеуінің артынан емпеңдеп еріп келем, еріп келем! Алдымен Горохов көшесінен өттік, сосын бар ғой... сөйтіп отырып, тартқаннан тартып отырып, Столярлар көшесін кесіп өтіп, акырында Кокушкин көпіріне де жеттік. Жетіп барып тоқтадық. Сол көпірдің түбіндегі үлке-е-ен үйдің түбінде... «Білем деймін ішімнен, білем ғой бұл үйді бұрыннан бұл үй, кәдімгі өзім білетін Зверковтың сұр үйі. Зәуле-е-ем үй... Эка, маш-ш-шина! Оп-па! Құдай басқа салмасын, салмасын! Бүл үйде түрлі-түрлі адамдар тұрып жатады: қаншама аспаз қатындар жүргені улап-шулап! Ал біздің шенеунік ағайындар — санасаң сан жетпейді ғой, сан жетпейді! Басындагы шаштан көп, иттен де көп десең болады, алгі қаңғыбас, көше-кезбе иттерді айтам! Бірінің үстіне бірімен-бірі ұйлығып жататын иттер бар емес пе! Құдды сол дерсің! Естімеген елде көп деген - осы-е-е! Бұл үйде, айта берсең мен жақсы танитын тағы бір жігіт тұрады. Өзі музыкант, трубада ойнағанда бар ғой — тұла бойыңды шымырлатады, ит!.. Сонымен, қысқасы, әлгі екі әйел жайлап басып, бесінші қабатқа көтерілді. Соңдарынан ере берейін деп ойлағам басында, бірақ ол ойдан тез айныдым да, көшеде қалып қойдым. «Жар-р-райды, осы да жетер енді, дедім ішімнен, келген жерлері белгілі болды ғой, бір жолға осы да жетер, ал қалғанын қанағат тұтып, ертенге қалдырайын, дедім де жұмысқа қарай жөнелдім.
Октябрьдің төрті.
Бүгін сәрсенбі. Бұл менің әдетте бастықтың кабинетіне келетін күнім. Сонсоң да ерте келдім де қақ төрде отырып ап, бастығымның барлық қарындаштарын әдемілеп, асықпай ұштап шықтым. Зады, біздің бастық басы істейтін жігіт. Тегін адам таз болмайды деген, кабинетінің ішіндегі сөрелер толған кітап. Апырай, десейші! Кейбір кітапттардың атын оқудың өзі қиын, ақырет бір — көзің сүрініп, тілің күрмеліп қалады. Француз тілінде ма-ау, неміс тілінде ме-ау, әйтеуір бас қатыратын аттарды оқып көр енді! Ал өзінің түріне қарасаң бар ғой, ә — көзің тояды, текті жігіт, текті, көзінің жайнап тұрғаны! Артық бір сөзі болсашы, шіркінің! Сабазың сырға берік екені көрініп тұр. Зәуде бір сұрайтыны бар, қолыңнан қағазды алып жатып: «Ауа райы қалай?» Бар сөзі осы. «Ауада сыз бар, ғұмыры күшті әміршім», деймін сонда мен. Бар болғаны осы. Текті ғой, текті жігіт. Біз сияқты қаратаяқ емес. Мемлекеттік адам. Әйтеуір бір байқағаным — өзі мені сыйлайды, ерекше жақсы көреді. Өзімен бірге мені қызы да жақсы керсе ғой, шірке-е-ен! Астапыралла, не деп кеттім! Тыныш, тыныш, тс-с-с!.. Жақында «Пчелка» журналын окыдым! Эхе-хе, бұл француз дегенің ақымақ халық қой! Соларға осы не керек-ей? Маған салса, бұл елді қамшымен сабап-сабап, бір етікке қуып тығар ем, амал қанша! Айтпақшы, мен сол журналдан бір Курск помешигінің балды керемет суреттеп жазғанын оқып шықтым. Жалпы осы Курск помешиктері жазғыш келеді. Сөйтіп тұрғанда есіме түскені — сағат он екі жарым болыпты, ал менің бастығым болса төргі бөлмеден шығар емес. Ал екіге жарты сағат қалғанда қызықтың көкесі болды, оны ауызбен айтып та, жазып жеткізу оңай тірлік емес! Әлгіндей әр түрлі оймен тұрғанда, кенет есік ашылсын да кетсін, мен бұл директор екен деп орнымнан атып тұрмаймын ба! Сөйтсем — кайдағы директор — қыз! Қыз деймін! Апыр-ай, үстіңдегі көйлегін суреттеудің өзі бір азап қой, суреттеп жеткізу қиын енді! Аппақ көйлек киген аққу дерсің! Кер-р-ремет! Маған бір қарағанда тұрған орнымда тұрып талып құлай жаздадым — жанары жалын атқан күнмен тең! Шарпып өтті ғой! Шарпып өтті ғой, жалын құшып көбелектей жанып кете жаздадым жалп етіп! Сәл иілді де — «папам әлі келген жоқ па?» — деді. Дауысын айтсаң ғой, даусе-е-ен! Бұлбұл дерсің тура бір! Ұлы ағзам дей жаздағаным қараптан қарап тұрып. «Ұлы ағзам, кесем десеңіз, мінеки бас дайын, кессеңіз тек өз генерал қолыңызбен кесіңіз,» — деуге аз-ақ қалдым. Бірақ тілім күрмелді де қалды. Тек қана «Ж-жоқ жо-жоқ!» деп мінгірлегенім есімде. Қыз маған тағы бір рет қарады, сосын кітаптарға қарады, сөйтіп тұрып қолынан орамалын түсіріп алғаны! Жерге түсірмей қағып алам ғой деп ышқына ұмтылғанымда паркетке тайып жығылып, мұрнымды бұзып ала жаздағаным! Бірақ құдай қолдап, құлағам жоқ, орамалды жерден лып еткізіп алдым да қолына бердім. О жасаған! Бұндай да орамал болады екен-ау, таза бәтес, өте нәзік бетестен, кестеленген орамал! Қош иісі қандай! Ақсүйек генералдың тұқымы ғана осындай хош иістің иесі! Рахметін айтты да, сәл күлім қағып, тәп-тәтті ерін ұшын көрсетті, кетіп қалды. Тағы бір сағаттай отырып, лакей: «Аксентий Иванович, үйіңізге бара беріңіз, мырза әлдеқашан кетіп қалған», дегесін мен де кеттім. Шынымды айтсам, осы лакей деген халықты суқаным сүймейді. Мырза болмаса да мырза ұқсап шіреніп жүргендері. Бірақ түбі құл қаратаяқтың аты қаратаяқ емес пе! Ең болмаса шинеліңді кигізуге де миы жетпейді. Өй, шірік неме, дедім ішімнен, сен қанша шіренгеніңмен менің тегім таза, шенеунік тұқымынанмын дедім де өзім киініп үйге қарай қайқайдым. Үйге бардым да, шалқамнан түсіп ұза-ақ жаттым. Жай жатқам жоқ, өлең жаздым. «Жаным, сені бір сағаттай көрмесем, бір жыл бойы көрмегендей боламын! Өмірімді жек көрсең, сол болар менің ажалым!» Осы өзі Пушкиннің өлеңі боп шыққпаса игі еді! Кешқұрым шинелімді қымтай киініп, құрметті мырзамның есігі алдын күзетіп ұзақ жүрдім, әттеген-ай, бірақ қызы шықпады ғой, шықпады!
Ноябрьдің алтысы.
Бөлім бастығы бұлқан-талкан, қаһарын ерттеп мініп апты. Департаментке келген бетім, мені шақыртып алды да, бетіне сідігі шапшып: «Әй, бай болғыр, айтшы, осы сен не бітіріп жүрсің?» — деді. — «Не бітіргені несі? Ештеме бітіріп жүргенім жоқ,» — дедім. — «Бай болғыр ей, бай болғыр! Қауашағыңды сәл қинап, ойланып көрші аз да болса бір мезгіл. Жасың болса ғой қырықтың қырқасына жетті — қылшылдаған қылыш кезің! Ес кіріп, ақыл толысатын кез. Қауашағыңдағы зат — ми ма, әлде қи ма? Сенің есерлікпен есің ауып жүргеніңді мен сезбей жүр деп ойлайсың ба, бәтшағар. Әй, аумасын-ақ, аумасын! Сенің директордың қызының соңынан күшікке ілесіп, сенделіп, есің кетіп жүргенін кешедегі қайыршыларға шейін біледі. Әй, өз ұсқыныңа бір зер салшы, бір сәт қарап көрсең нетті?! Сен кімсің? Білесің бе? Сен нөлсің. Кәдімгі нөлсің! Қалтаң тесік, жел улеген, жұмыртқадан қырқуға жүн іздеген тақыр кедейсің! Директордың қызында сенің не шаруаң бар-ей, оспадарсыз! Сен осы анда-санда айнаға қарап тұрмайсың ба, ей, пәдеріңе неле-е-ет-ау, пәдеріңе налет, а?! Тең — теңімен, тезек қабымен дегеңді білемісің, білмейтін саңлаусызсың ба, ойбай-й!.. — дейді бастығым. О, то-оба-а, сөйтіп тұрып, жарқыным, өзі туралы да ойлап көрсе қайтеді-ей!.. Өзінің беті де жетісіп тұрған жоқ. Соны да бет деп ойлайды-ау, есер неме! Беті бет емес, кәдімгі дәріханадағы буаз бөтелкелер бар гой. Сол буаз бөтелкелердің сіңлісі дерсің! Төбесінде үрпитіп, күздігүнгі желден жапырылған бір шоқ жынды шидей ғып қойған шашы бар, оны да мәпелеп, май жағып жылтыратып қояды өзінше, мәстек неме! Көтіне қарамай, онысын тағы бұйралатып, шошайтып қояды тағы да! Е-е, еріккен еркек осы не істейді деуші еді, а?.. Еріккен еркек... Солай!.. Сөйтіп тұрып, әтек неме, құдаймын, дейді. Құдайыңнан бұлаймын дейді. Сопиған сорлы! Маған неге қыжылы қайнап жүргенін сезбейді дейсің бе! Неге сезбейін! Көре алмайды! Қызғанады! О сорлы! Со-рынды пәленше кылайын, әтек неме! Маған айнаға қара, дейді. Өзі артына қараса қайтеді, а?.. Ұрғаным бар ма, көтіне қарамай кеңесшілін! Директордың қызының маған кет әрі емес екенін сезгеннен ғой ішінің күйіп жүргені! Ішің күйсе түз жала, әтек неме. Түкірдім мен саған, білдің бе! Түкірдім — міне! Надворный советник болсаң қайтейін! Ұрғаным бар ма! Алтындатып шынжырлы сағат салғанынды да ұрдым, адам деген көрпесіне қарай көсілсе кайтеді осы! Шірейіп, кісімсіп, әліне қарамай тағы да отыз сомға! Отыз сомға, о перуардігер, етік тіктіреді! Ұрдым онысын да! Мен не — жан баға алмай жүрген албасты разночинец деп пе едіңдер? Немесе қара жаяу қайдағы бір қаратаяқ деп пе едіндер! Мен төренің төресі, ақсүйектерден боламын! Асықтырмаңдар тек — менің де күнім туар әлі, кешеме көктем келер әлі! Дәреже деген не ол! Қызметтің көкесі алі алда-а! Қырықтың екісіне енді келдік қой, асығыс не, тәйірі! Саспа, достым! Біз де полковник боп калармыз әлі! Белкім, құдай жазса, одан да үлкен шендер де бар емес пе! Одан да үлкен мансаптар бар-р-р... Қыз-зыңды ұрайын! О несі-ей! Кісімсіп!.. Сенен басқа жан жоқтай! Сен құсап сонғы модымен ручевский фрак кисем, әсемдеп галстук тақсам, көрер едім мен сонда өуселенді! Сонсоң жел жағамнан жүріп көр-р! Әттең, қол қысқа ғой, қол қысқа!
Ноябрьдің сегізі!
Театрда болдым. Келесау Филатканы — орыс Филатканы ойынын көрсетті. Әй бір ішек-сілемнің қатып күлгенім-ай! Көптен бері бұлай күлмеп ем. Аспаздардың емірімен алған тамаша водевиль көрдік. Әсіресе ішінде коллежский репититорға арналған батыл-батыл шумақ әндер бар екен, цензураның қалай ғана жібере қойғанын! Ал көпестер жөнінде болса, олардың қара халықты қалай алдайтынын ашық әрі ащы-ащы айтып тастапты! Оның үстіне, аз дегендей, олардың балаларының араққа тойып ап жанжалдасып, дворян болуға жұлынғандары да айтылыпты! Журналистерді де жетістірмепті! Бүгінде жазғыштар көбейді ғой! Небір алаңғасар, аума-тәкпе дүниелер жазады сабазда-рың! Ерінбегеннен етікші шығады демекші, ерінбей отырсақ мен де жазушы, мына сіздер де, жаман жазушы болмас едік-ау, е! Жазсын! Жаза берсін, біздер аузына қақпақ болмай-ақ қояйық! Жалпы мен театрды жақсы көрем. Қалтама артық-ауыс тиын-тебен түсе қалса, кышымайтын жерім қышып, үйде отыра алмаймын — ентігіп театрға жетем. Ал біздің шенеунік ағайындардың ішінде не бір шошқалар бар ғой, тепкілеп театрға алып бара алмайсың! Билетті тегін берсең де кежегесі кейін тартып тұрғаны! Сосын, айтпақшы, тағы бір актриса ән шыркады... Дауысы қандай тамаша еді! Эх, шірке-е-ен!.. Жарайды! Жарайды Тс-с Деміңді шығарма! Тс-с!.. Демің ішіңде болсын.
Ноябрьдің тоғызы.
Таң атысымен сағат сегізде дедектеп жұмысқа жеттім. Бөлім нәшәлнігі мені көрсе де, көрмеген болып тұр теріс қарап. Мен де екеуміздің ортамызда ештеме болмағандай сазарып отыра бердім. Аспай-саспай қағаздарымды аударып, төңкеріп тексеріп болғасын,сағат төрттерде сыртқа шығып кеттім. Директордың үйінің тұсынан өттім, бірақ ешкім көзіме ұшыраған жоқ. Сосын үйге келдім де, нәр сызбай соно-о-оу қызыл індрге шейін кереуетке сұлап түсіп жатып алдым.
Ноябрьдің он бірі.
Бүгін директордың бөлмесінде отырып, ол үшін жиырма үш қалам ұштадым. Сосын пай-пай!.. Құрметті бикеш үшін де төрт қалам ұштадым. Бастығым алдында көбірек даяр қалам тұрғанын ұнатады. Ми көп қой басында, ми кө-өп! Ух! Көп сөйлегенді жақтырмайды — бар ой басында. Ақыл көп қой, ақыл кө-өп! Мен солай ойлаймын. Кей-кейде ойлаймын, өзінің қауашығын бір сәт жарып көрсе ғой деп, нендей ойлар бар екен сол кауашақтың ішінде, деп. Кей-кейде осы төрелермен етене араласып, тұрмысын, анасын-мұнысын көргім-ақ келіп тұрады. Бұлардың өмірі қызық қой! Бірнеше рет директорыммен ашылып бір әңгімелескім-ақ келген, бірақ тілі құрғыр күрмеліп, ананы айтып, мынаны айтып, ауа райын айтып сөз жалғастыра алмай абдырап, тұтығып тұрып қалғаным! Кейде бір үйлеріне қонаққа да барғың келіп ынтығып тұрғаның! Қайсыбір күні шала жабық есіктен көзім түскені — құдай басқа салмасын — бір есіктен соң бір есік, бірін-бірі қуалай қашқан қума-қума бөлмелері! Эх, байлықтан көзің тұнады. Айналардың көкесі, фарфорлардың көкесі сонда — лықа толы! Көздің жауын алады! Бәрін айт та бірін айт, бәрінен бұрын ана-ау ең түпкі бикеш жататын отау бөлмеге бір бас сұқсам ғой, эх, шірке-е-ен! Әгір-иісмай құйған неше түрлі құтылар дейсің бе! Хош иісі аңқыған түрлі-түрлі гүлдестелер дейсің бе, ойбо-о-ой, тыныс алуға қорқасың! Жә Жарайды, оны қой! Анау төсек үстінде шатттылып жатқан шайы көйлектерді айтсай бәрінен бұрын! Шайы емес! Мөп-мөлдір ауа дерсің! Көйлек деуге аузың бармайды! Аруларға көйлек орнына ауа кисе де жарасады гой! Сонсоң... сонсоң ару бикештің жатар бөлмесіне барсаң... — пай-пай! Ол жер — төсек емес рахат! Рахатың не — жаннат шығар е?.. Пейіш десең де болары Анау тұрған кішкентай орындықты қарап! Ол орындыққа таңертең аққудай керіліп оянып, ақ балтырын жарқ еткізіп бикеш аяғын қойды, пай! пай-пай-ой! Сонсоң асықпай сызылып ақ шұлығын киеді, есінеп, отырып — пай-пай-пай-ой! Сонда сен тұрсаң гой жанында, пах-пах! Жарайды, жарайды... демің ішіңде болсын,демің ішіңде болсын.Таңертең ұйқым шайдай ашылғаны! Нева проспектісінде естіген § екі қанденнің өзара әңгімесі есіме түсе кетті! Е-е, мақұл, дедім ішімнен, бұл екі мақұлықтың жазысқан хаттарын қалайда қолға түсіру керек! Сонсоң ар жағын көре жатармын! Шынымды айтайын, бір жолы тігггі Меджиді шақырып алып, Меджи құлақ салып, екеумізден басқа бұл жерде тірі жан жоқ, қаласаң есікті жауып қояйын, шынынды айтшы, осы сен бикеш жөнінде не білесің, түгел айт, ұялма, құдай ұрсын, ешкімге айтпаймын, екеуміздің арамызда калады, дегім келген. Бірақ қаншық неме айлакер екен, ештеме естімегендей, құйрығын бұлғандатып, тайып тұрды. Адамның иттен әлдеқайда ақылды екенін мен бұрыннан білетінмін. Тіпті қиналсаң сөйлеп те кетуі бек мүмкін бірақ қырсық мақұлық қой, қырсық. Қырсықтығын былай қойғаңда, сайыпқыран саясатшыл өздері! Іішндегіні көзіңе қарап-ақ біле қояр сезімталдығы тағы бар! Жо-жоқ, мен ертең міндетті түрде Эверковтардың үйіне барып келем. Фидельді қысып көрейін, мүмкің, шынын айтар! Тіпті болмай бара жатса, Меджи екеуі жазысқан хаттарды қалайда қолға түсіру керек! Әсіресе, Меджи жазған хаттарды жолым болса қолға түсіруге тырысармын!
Ноябрьдің он екісі.
Түс ауа сағат екіде қалайда Фидельді тауып, жауап алу керек болды да мен үйден жөнеп кеттім. Осы мен бала кезімнен капустаны иттің етінен жек көрем, ал күнде жолай Мещанский көшесімен өтерде әрбір дүкен, әрбір үйдің тесік терезесінен бұрқыраған капустаның иісі қолқамды атып, булығып, тұншығып өліп қала жаздайсын. Бұндай сасық иіс тозақта да болмас! Екі өкпемді қолыма алып, ағып бара жатырмын. Осы көшенің тағы бір жаманы — ұзыннан бойы майда-шүйде жасайтын ұстахана мен бақалт т тьт-теміршілер көп-ақ! Солардың көрінің астынан шыққан түтін мен шаңды құдай басқа салмасын! Бұл жерде жай аяңмен серуендеп жүру біз сияқты зиялыларға үлкен сын! Ол жерден де ағып өттім, жүгіріп, үйдің алтыншы қабатына жеттім де есіктегі қоңырауды шылдырлаттым.Алдымнан лып етіп бетінде аздаған секгдлі бар қыз шықты. Сол баяғы қыз. Көшеде кемпір жетектеп жүрген қыз. Лездемеде бетіне қан ойнап шыға келді. «Эһе-е», дедім ішімнен, бой жетіп, енді бай іздеп жүргеннен сау емес, дедім. Әуселең бізге түсінікті ғой, бойжеткен! «Сізге не керек еді?» — деді маған. Мен: «Мен сіздің қызыңызбен сөйлесуге келіп едім,» — дедім. Қыздың шашы ұзын, ақылы қысқа деген емес пе? И-и, айналайын, ақылы мүлдем жоқ екен. Бір мысқал да болса! Сөйтіп тұрғанда жүгіріп, құйрығын бұлғаңдатып ұшып келді қасымызға.Еркелетіп қолыма ала бергенім сол, нөкес неме, шап етіп мұрнымды тістей жаздағаны! Кенет бұрыштағы ұясын көре қойғаным! Әп, берекелде-е! Маған керегі де сол ұясы еді! Жетіп келдім де, сабандарын жалма-жан ыбырсытып, шашып жүріп бір кішкене қобдишаны тауып алдым! Әп, бәрекелде-е! Бәсе! — деп қоям анда-санда. ішінен бір бума қағаз шықты! Аңырап тұрғанымда, нөкес неме, балтырды тістеп алғаны! Сонсоң қағаздары қолыма тускенінен ызаланып, ал кеп шәуілдеп үрсін! Ал кеп үрсін! «Көгершінім, хош!» — дедім де хаттарды алып, зыттым! Әлгі секшл бет қыз мені ауыш деп ойлады юй деймін, көзі бақырайды да қалды! Үйге келе мына хаттарды оқып шығуға аңсарым ауып-ақ еді! Тек, әттең, шырақ иісінен басым ауырып, оның үстіне көзім бұлдырайтынды шығарып жүрген. Осылай дал болып отырғанымда, таңертең келіп жуатын еденді, елең-алаң іңірде кеп Мавра етегін беліне бүріп, жалма-жан жууға кірісті де кетті! Өй, осы малай қатындар кейде кіршіксіз кірпияз бола қалады! Осы едені құрғырды құдды бір әкесің құны қалғандай, өндетіп жүріп, пышақпен қырнап, ұзақ жусын-ай, жусын-ай кеп! Ызам кеп, олай жүріп, былай жүріп ойға шомдым. Әйтеуір хаттардың қолыма түскеніне қуанып тұрмын — қолға түсті деген осы! Енді уыстан тығып көріндер! Көне! Бұл ит деген халық төбесі тесік халық қой, бәрін біледі, тіпті саяси мәмлелерді де сезеді! Ақыл бар ғой, ақыл! Солар арқылы міне енді біз де кімнің кім екенін, кіммен өмпей-жәмпей екенін білетін боламыз! Тіпті маған ұнайтын әлгі бұраң бел бикеш... тс-с-с! Дымың ішіңде болсын, ішіңде болсын дымың! Қараңғы түсе үйге қайттым, келе, кереуетке сұлап түсіп, соно-о-оу түн ортасына шейін ойға шомые-е-еп жаттым.
Ноябрьдің он үші.
Хат таза, әрі әдемі жазылған екен, әріптер маржандай тізіле қапты, кәне көрелік! Әйткенмен иттің аты ит емес пе, әрбір әріп маған шәуілдеп үріп тұрғандай көрінгені! Ал, оқылық: «Садағаң ғана болайын, сүйікті фидель!..» Әй! әй, тек! Мына қанденің қалай-қалай деп кетті-әй! Жарайды ары қарай оқиық: «Осы сенің мещандық есіміңе көндіге алмай-ақ қойдым. Саған не жөні түзу басқа ат қоя алмағандары ма? Фидель, Роза — тьфу! Қандай сөлекет, ерсі естіледі! Құдайы шыным, екеуміздің хат жазыса бастағанымызға өлердей бақыттымын, сәулем...» Не дейді-ей, мына сабалақ! Өй, шіркін-ай, ә! «С-сәулем...» Астапыралла, естімеген елде көпі Жараиды, әрі жорғалайық! Хат сауатты әрі жатық жазылыпты — үтір, нүкте, леп белгілері, тіпті ескіше жуан белгі ять харп — де орынды! Шынымды айтсам, бұндай сауатты хатты біздің бөлім нашалнігі де жаза алмас еді, бір құдайға аян, оның қалай ғана университет бітіріп жүргені! Жәррайды, әрі қарай кеттік! «Меніңше, суйіктім, біреумен хат жазысып, өмір жайлы пікір таластыру дүниедегі ең керемет нәрсе емес пе?» Не дейт? Не деп кетті? Бұл енді... біреуден ұрланған ой. Немісшеден аударылған бір кітап бар еді! Содан ұрланған ғой! Әттеген-ай, аты есімнен шығып кеткенін қарашы! «Мен былай... көп оқыдым ғой, аз-маз жинаған төжірибем де жоқ емес! Біреулер құсап тілім салақтап аула-ауланы кезген жоқпын, сонда да мен білетін нәрселер дүниеде баршылық! Менің өмірім нағыз рахатизм ғой, шірке-е-ен! Мен жақсы көретін бикешті, әкесі оны, айтпақшы, Софи дейді, сол Софи маған өлердей ғашық. Тьфу! Мынау тағы оттап кетті. Жарайды, жарайды. Тс-с, үндемелік «Ол кісі мені де қатты еркелетеді. Еркелеткені соншама, маған сүт қатқан кофе мен қызыл-қоңыр шай береді! Ах, мон шеғ! /французша/ саған айта кетер бір жайт бар — мына асхана маңынан шықпайтын Полкан деген ит бар! Қызық бір ит! Жұрт мүжіп тастаған сүйекті кеміруге құмар-ақ өзі! Көзін жұмып, бір рахаттанып кеміріп жатқаны қашан көрсең! Өй, бейшара, мақұлық неме! Сүйектің көкесі мына құстардың сүйегі емес пе! Сүйек деп міне осыны айт! Өзін ешкім мүжімеген болса-а! Ішіндегі майын епжім сілемейлеп сормаған болса-а! Міне рахаттың көкесі! Тек көк шөп араласпағаң болсын! Міне астың көкесі! Осы адамдар кейде қызық, мақұлық осы иттерге неге қамырды құрт құсатып доп-домалақ қып рәсуасын шығарып береді? Кейде бір кәкәстеу мырза қонаққа келгенде қожайынға жағынғысы келе ме, қайдам, әр нәрсені ұстаған уыс-уыс майлы қолымен әбден езгілеп-езгілеп нанды олай мыжып, бұлай мыжып, аузыңа салатыны бар, ия-и-и! Жеркенсең де қылғытып жей бересің! Бас тартайын десең — ұят, әдепсіздік болады! Амал нешік, жеркенсең де қылғыта бересің! Қылғыта бересің! Ал кылғытып болғасын...»
Әй, мынау тағы оттап кетті! Итігісің деген. Жарайды. Ит иттігін жасамаса басы ауырады емес пе! Келесі бетте не жазды екен? Соны оқиық
«Сен енді біздің үйдегі күнделікті өтіп жатқан тірлік-тіршіліктен де хабардар етуге құштарлығымның артып отырғаны! Мен бұдан бұрын біздің Софидің Папа деп еркелейтін мырза туралы айтып кеткенім есіңде болар, еңді сол туралы тоқталып жүрекжарды сырымды саған арнайын. Ол өзі, шынымды айтсам, өте бір қызық кісі...»
Әп, бәрекелде-е! Міне жеттік-ау енді! Әй, біліп ем-ау, білгенмін: бұл ит деген, жарықтық, саясат жөнінде де өз пікірін айтпаса қышымасы қышитынын білге-ем! Жар-райды, енді папаның кандай кісі екенін көрелік!..
«Папа — ол бір қызық кісі! Күнұзаққа аузына су толтырып алғандай ма, аузын буған өгіздей десең тіпті дұрыс, мылқаудай меңірейіп отырады да қояды. Ылғи да солай. Құданың құдіреті, сол Папамыз бір күні ал кеп сөйлесін! Ал кеп саирасын! Тілінің тиегі ағытылды да кетті! Өзімен-өзі жынды адамша ал кеп сөйлесін. Ал кеп сөйлесін! Екі тал қағазды қолына алып, біреуін жұмырлап жұмырығына жасырып», «Алам ба, алмаймын ба? Аламын ба, алмаймын ба?» деп күні бойы күбірледі де отырды. Бір сапар, қайырылып, менен де сұрағаны: «Меджи, қалай ойлайсың, алам ба, алмаймын ба?» — деді. Мен не деуші ем, ештеме ұқпаған күйімде етігін иіскеп, иіскеп алдым да жөніме кеттім. Алтыным-ау, достым-ау, бір күні келсем Папа жеті атасы бірдей тіріліп келгендей — екі езуі екі құлағында! Сол күні үйдің есігінде тыным болған жоқ, сарт-сұрт ашылып-жабылып, қонақтар сабылып дегендей! Дастархан үстінде де Папа аса бір көнілді отырды! Анекдот — әзілді қарша боратты! Мундирлеріне сыймай сыздап келген қонақтар қолын қысып кұттықтап жатты. Ал түскі астан соң қонақтан бір дөс арылғанда мені қасына шақырып ап: «Ал, Меджи, мынаны көрдің бе? Жақсылап, жөндеп қарап ал! — деп мені мойнымнан құшақтап өз мойнындағы бір жылтырақ жібек таспа-лентаны иіскетті. Иіскесем асып бара жатқан иісі де жоқ, шыдай алмай тіліммен жалап қалдым — тұздың дәмі бар ма, қалай?..»
Ия-а-а! Тіпті еркінсіп кеткен жоқ па бұ қанден!.. Жотасынан шыбықпен бір осып алса-а өзін! Еркелегені былай, еркінсіп барады ғой жұда, а?Жарайды бұл қылығын да жадымызға жаттап алайық...
«Хош, сау-саламат бол, мон шеғ, достым менің, сүйіктім! Мен кеттім жөнеп!.. Тағысын тағылар... Хатымды ертең ақтармын... Ия, армысың! Міне, бүгін тағы да жүздестік! Тап бүгінгі болған оқиғаны жазып отырмын. Бүгін менің Софиым бар ғой...»
А? Не дейт?! Бар болғыр! Не деп кетті-ей? Жар-райды, тағы оқиық...
«Бикешім менің Софи жақында күйіп-пісіп қарбаласқа түсті де қалды. Ойда-жоқта балға барам дедім-ау, ол сөйтіп елекке түсіп жатқанда менің қуанғанымды көрсең! Өйткені саған хат жазу үшін оңаша сәт түседі гой! Осы менің Софиям бал десе ішкен асын жерге қояды! Бірақ сол бал құрғырға барарда киім таңдап, бір киініп, бір шешініп әәбігерге түскені жаман да! Осы бал деген пәлеге осы қыз-келіншек неге құмар, осыны түсіндірші сен маған, мон шеғ, достым, сүйіктім меніңі.Балға барғаны құрысын бұл Софидың! Арып-ашып, жүдеп қайтады ылғи. Шамасы сол жерде бұған ешкім тамақ бермейді-ау, сірә! Бұндай күнді басқа бермесін! Маған ең майлы, ең дәмді жас малдың сүйегіне бал жағып берсе де бармас едім. Егер маған сорпасымен піл етін, не бұктырылған тауық етін бермесе... білмеймін не боларымды! Өліп қалар едім ашыққаннан! Ал енді соус қосқан ботқаны айтсайшы бәрінен де, ойхо-ой! Дүние-ай! Сәбіз-мәбіз, шөп-шалам қосқан тамақтың мені силасаң, атын атама!»
Қандай олақ, ойдын-шойдым жазылған хат. Әріптер бір-бірімен кызыл жиекке төбелесіп түскен қағазға. Не де болса адам жазбағандығы айдан анық. Адам құсап бас жағын тәп-тәуір жақсы бастайды да артын мыжып, итшілеп бітіреді екен! Міне, тағы бір хат шықты. Өзі тым ұзақ! Қалай ерінбейді-ей! Ия-а-а... оның үстіне айы да, күні де жазылмаған.
«Сүйіктім менің! (пау, шіркін!) Жұпар иісі аңқып, міне көктем де жетті! Жүрегім лүпіл қағып, ұйқыдан айырылдым! Құлақ шуылдап, маза жоқ. Алдыңғы екі аяғымды көтеріп, есікке сүйеніп, тың тыңдаймын. Саған бір сыр айтайыншы — әкесі өлгенді де естіртеді, менде не көп, ойнасшыл ит көп! Кейбір күндері терезеден тесіліп сыртқа ұза-ақ карайтыным да бар. Әлгілер жүреді шұбырып. Апырай, сен біле білсең ғой — солардың ішінде түр дейтін не түр жоқ, не бір "сүйкімсіз сабалақтары да бар-ау! Кейбіреуі кеспірсіз ақымақ, келесау екеуі маңдайында тайға таңба басқандай анық жазулы тұрады, соны да түсінбей, өздерінше мың бұралып, айдай сұлу, ай сұлумын деп маңғазданатынын қайтерсің арттарына қарамай! Әйт, шікінай-а! Көздеріне көзің түсе қалса, майысып, көздері бозара қалады — әйт, шіркінай, алі махаббаттың құдірет күші әлдилеп қалды деп ойлайды өздерінше! Әдіре қал-ау! Менің пысқырғаным бар ма оларға! Көз дегенде ар бар-ма. Қарау бар да, көз сүзу, көз салу бар! Ол сорлылар оны түсінбейді ғой! Мұрындары иіс сезбейді! Сезбейді! Кей-кейде терезе түбіне түсі суық бір төбет Догтың да келіп тұра қалатыны бар. Тәртіпсіз неме Егер артқы аяғына созылып тұра қалса, бірақ оны қайдан біле қойсын, сорлы неме.Сөйтіп бой жарыстыра қалса, нөкес неме, бойы менің Софиымның Папасынан артып кетер еді. Өйткені ол кісінің өзі бір кісідей бойы бар, алпамсадай кісі! Бұл төбет, шынында нағыз барып тұрған ебедейсіз, тойымсыз бір сорлы! Өй, нәкес неме! Мен бір-екі рет оған былай үріп, олай үріп ымдап көргем, босқа арам тер болма деп. ЬІмды түсінбеген дымды да түсінбейді! Оспадарсыз неме, мен оны менсінбейтінімді айтып, мазақ қылсам тіпті бетін де тыжырайтқан жоқ! Өзінше еркексымақ! Салпаң құлағы делдиіп, тілінен сілемейі шұбырып, маған қарап қапты! Өзінше еркекпін дегені! Әдіре қал! Еркектерден садаға Кет! Сен бірақ сүйіктім, мон шеғым, менің достым, осы шкірлеріме қарап мені басқаларға тіпті енжар, селсоқ екен деп әсте ойламағын! Бір ынтық сезімнен мен де ада емеспін! Обалы нешік. Осында бір көрші жігіт бар, нағыз кавалер дерсің! Аты Тезор. Ах, менің мон шеғым-ай! Жігіттің серкесі ғой, әтте-е-еңі» Тьфу! Мынау тағы не деп оттап кетті-ей! Сайтанның сапалағы. Осындай бейпіл сөздермен әп-әдемі басталған махаббат сөлемін бүлдіргенін қарашы! Бейпіл ауыз-ай! Маған адам керек! Адам! Адамды көргім келеді! Жанымды жадырататын әдемі сезім керек! Мынау былапыт бейпіл сөздер сезімді былғайды, жаныңды жүдетеді! Әттеген-ай, әттеген!.. Жарайды, әрі қарай оқиық!
«Сол күні Софи іс тігіп отырған. Мен қашанғы әдетімше терезеге тесіліп, өткен-кеткендерге қарап түр едім. Кенетген малай алқынып кіріп келді де: «Теплов келді!» деп хабарлады. Софи қуанғаннан дауысы қатгы тттығып кетті: «Кірсін!» деді. Сонсоң мені ал кеп қүшақтасьш, ал кеп қүшактасьш, аймаласын! Бүл адамдар қуанғанда қүддьі біз сияқты ғой. Ах, Меджиі Меджи!.. Кім келгенін көрсеңгой! Бүлбрюнет! Камер-юнкері Көздерін көрсеңі Көздерін! Көз емес — жайнаған шоқ қой!» Сонымен мені аймалап, сүйіп, сүиіп, Софи ішкі бөлмеге жүгіріп қойып кетгі. Шамасы үсті-басын жөнге келтіруге кетті-ау! Іле бөлмеге камер-юнкер кірді. Айна алдына тұра ғап, шашын түзеді. Бакенбардын сылады. Сосын көзімен бөлмені шолып өтті. Мен аздап үргенсідім де жай кыңсылап, өз орныма кеттім. Ішкі бөлмеден Софи шыққанда камер-юнкер өкшесін сарт-сұрт еткізіп, басын иді. Мен жорта түк көрмегенсіп, теріс айналдым да терезе жаққа қарадым, бірақ құлағым түрік, не дер екен екеуі деп отырмын ішімнен. Олардың әңгімесін естісең ғой, мон шеғ, сүйіктім! Бұл адам деген қызық қой, ойына не келсе соны оттайды-ай кеп, оттайды-ай кеп! Сондағы әңгімелерінің түрі мынадай: кешегі балда кімнің қалай билегені! Бір бикештің билеп жүріп бір фигураның орнына жаңылысып, баска фигура жасағаны! Және Бобов деген бір сылқымның бір бүрышта сосгаып түрғанда көкқүтанға үқсайтьшын, сосьш оның бір бикешпен билеп жүріп, аяғы шальшысып, қүлап қала жаздағанын, сосын Лидин деген біреудің көзі шегір бола түра, өз ойышпа көгілдір деп ойлайтынын келеке қылдым-ау, әйтеуір түкке түрмайтын нәрселерді мыжыды екеуі әңгіме қып! Анырай, дедім ішімнен, бүл адамдарда ес болсайшы! Дедім де тағы іштей мына камер-юнкерді Трезормен салыстырып көрдім. Айырмасы, өрине, жер мен көктей. Бірішшден камер-юнкердің беті бет емес, жап-жалпақ табақ дерсің! Оның үстіне анау мүрты мен қайта-қайта сылай беретін бакенбарды — бакенбард емес бет-аузын түмшалап орап алған бөкебайға үқсайды! Ал Трезордың түмсығьш айтсайшы! Әп-әдемі, сүйкімді түмсық қой, шірке-е-ен! Ал мандайьшдағы өзіне жарасып қалған ай таңбасын айт! Пай-пай, пай-ай! Трезордың қылдьірьіқтай белін камер-юнкердің белімен салыстыру! Ойба-а-ай, айтпа оны, айтпа! Сүйіктім-ау, мон шеғым-ау, осы Софи не үшін қүштар бола қалды осы камер-юнкерге?» Бүл жерде ит екеуміз бір жерден шьіқтық. Өзім де солай ойлайтьшмьш. Бүлжерде мен білмейтін бір пеле бар. Сиқырлап қойды, не дуалап кетпейтіндей қьш қойды. Жар-райды, әрі қарай кеттік:
«Осы пошымымен камер-юнкер қызға жақса, онда ол қыз бара-бара бүлініп, анау кабинетте Папамен әңгімелесіп отырған шенеунікті де ғашық отына күйдірер түбі! Сүйіктім, мон шеғым, ол шенеунікті сен көрсең бар ғой... Ойба-а-ай, бетін аулақ қылсын! Қапқа салған тасбақадай құбыжық қой ол, құбыжық!»
Қай шенеунікті айтып отыр дейсіз ғой. Оқиық...
«Аты-жөні қызық. Мінезі одан да қызық. Төбе-шашы шөмеледей шошайған ебедейсіз біреу. Мұрны пысылдап ылғи да қаламдарды ұштап отырғаны... Папа оны ылғи да жұмсамайтын жерге жұмсап қолбала қылған.»
Әй! Әй! Бұ не былшыл тағы да? Осы жексұрын ит мені меңзеп отырғаннан сау ма?! Шөмеледей шошайған төбе-шашы дейді!
«Софи оны көрген сайын күлкіден ішегі түйіліп...»
Оттапсың! Өй, атың өшкір қанден неме! Тілін қарашы өзінің! Кесіп алар ма еді! Осыдан қолыма түссе, әттең! Қызғанғаны ғой, ит екеш ит те! Ішің күйсе тұз жала, қанден неме! Білмейміз ғой, біле-е-ем бұ кімнің сасытып мені өсектеп жүргенін. Әлгі біздің бөлім бастығының өсегі! Мені иттің етінен жек көретінін өзі де айтқан баяғыда. Білеміз, біле-е-ем. Қызғаныш адамға не істетпейді! Қылатынынды қылып бақ онда! Жар-райды, мынау тағы бір хатты ашып оқылық... Мүмкін, тап бір құпияның куәсі болармыз...
Сүйіктім менің Фидель! Көптен бері хат жазбағаныма ғафу етінем! Қол тие бермейді ғой! Өмір деген қып-қызыл өрт! Қызық дүние! «Махаббат деген екінші өмір. Өмірдің айнасы» деп бір жазушы дөп басып айтқан. Оның үстіне біздің үйде көп өзгеріс-жаңалықтар бар, сүйіктім. Камер-юнкер күн қүрғатоайтын болды. Біздің Софи есі кеткен, өлердей ғашық! Папаның тақиясы аспанда. Және де мынау өзімен-өзі күбірлеп сөйлесіп жүріп, күнде еден жуатын Григорийден естіп қалғаным — жақыңда той болады-мыс! Өйткені Папамыз қызының генерал бола ма, камер-юнкер бола ма, әйтеуір оның әскери адамға байға шыққанын қалайды...»
О с-с-сайтанның сапалағы! Бұ не былшыл тағы да?! Камер-юнкер... генерал?.. Ой, заман-ай! Жылы да жұмсақ та, қыздың әдемісі де осы камер-юнкерлер мен генералдардың қанжығасында кетеді! Мен ұрлық қылған күні-ай жарық болды деп, біз байғұстар бақыт құсына енді-енді қол соза бергенде бұл қарақшылар «берсең—қолыңнан, бермесең —жолыңнан» керін келтіреді! Құдай төбелеріңнен қос қолдап ұрғырлар! Кімнің генерал болғысы келмейді дейсің? Мен генерал бола қалсам, мен қызды қолға түсіру үшін емес, алдымен мына шуылдақ, өңшең есерлерді алдыма әкеліп, тұмсығымен жер сүздірген болар едім. Сонсоң айтар едім, түкірдім анау жалпиған беттеріңе, ыржиған ауыздарыңа, анау шендеріңе! Ал әйтпесе!
Декабрьдің үші.
Оттапты! Сандалыпты бәрі де! Болмайды ол той! Болдырмаймыз! Камер-юнкер болса ше! Құсқаным бар ма шенге! Шен деген — ол не? Қолға ұстайтын қомақты зат емес. Камер-юнкер екенсің деп, саған құдай бақырайтып үшінші көз сыйламайды ғой! Не бізден артық ерекше қып мұрнын алтыннан жаратып береді дейсің бе! Айтайық-ау! О несі-ей! Адамға құдай мұрын сыйлағанда — мұрынмен тамақ ішсін демейді! Адамға мұрын сыйлағанда жаратқан АЛЛА — мұрынмен жөтелмесін дейді. Бірдеңені иіскесін деп сыйлайды. Менің осы өзгелерден қай жерім кем, олардың менен несі артық — соны білгің кеп талай таңды кірпік қақпай атқызғам. Осы мен неге тек қана титулярный советникпін? Неге? Мүмкін, әділіне салсақ мен, мүмкін тіпті ақсүйек граф шығармын? Әлде жай, жорта титулярный советник болып жүрген генералдың өзі шығармын?! А? Мүмкін, мен өзімнің кім екенімді білмей сенделіп жүрген жан шығармын? Тарихқа үңіліп қарайықшы! Түр-әлпетіне қарасаң — жай ғана бір бейшара, ал жеті атасын түптеп қарасаң — текті бір дворянин, немесе, тіпті... ақ сарайдың ардағы арғы атасынан алпауыт, патша тұқымынан болып шығатындар бар емес пе! Көздеріңе бір пәс елестетіп көріңдерші қане! Үлке-е-ен дарбаза ашылып кеп қалды деңіз! Кернейлеткен нөкерлерді соңыма ертіп, мен кіріп келейін! Оң иығымда алтын жаққан бір эполет! Сол иығымда бір эполет! Оң иығымнан төгіліп түскен көгілдір таспа-лентаны қайда қоясыз? Сұлулар сонда асылмай көрсінші мойныма! Мен менсінбей есінен таңғандарын есепке алмай-ақ қойыңыз! Сонда көрер ме еді мына Папа деп журген кісінің тұрқын! Директорымыздың тұрқын! Э-з-э, бұл сыздап, кісімсіп калған жай бір мұңдар емес пе! Түбі пшкі бұның. Масон. Нағыз масон. Жай әншейін ізетпен жүрген жансыз ғой. Мен оны баяғыда-ақ сезгем! Мәселенки, ол әркіммен әр түрлі амандасады — біреуге қос қолын ұсынат құрақ үшыт қалса, біреуге тек екі сяусағының ұшын ғана ұстата салатын кісәпірлігі тағы бар. Әй, жарандар Осы менің генерал-губернаторлар мен интенданттардан қай жерім кем? Мен неге осы тек қана титулярный советник боп жаратылдым? Неге титулярный советник боп қалдым? Неге? А?
Декабрьдің бесі.
Таң ата тесекте жатып, бас алмай бүгінгі газеттердің бәрін қарап шықтым. Испанияда қызық-қызық оқиғалар болып жатыр. Бірақ, адам түсініп болмайды. Тәжі-тақ құлапты. Енді мүрагерді қалай таққа отырғызамыз деп сарайдағылардың басы қатып жатқан көрінеді. Қызық екен! Тақ-тәжіні қалай жоққа шыгарады сонда? Щр донна таққа дәмесі бар дейме-ау... Қатын қалай патша болмақ? Тақта еркек отыру керек. Еркек адам король болмаққа керек! Король жоқ, дейді. Неге? Ондай болуы мүмкін емес! Оттапты! Корольсыз қалай мемлекет болмақ? I Король бар! Тек оны іздеу керек. Жақсылап іздеу керек! Ол алыста емес. Ол жанымызда жүр. Оны тек біз байқамай жүрміз! Ол тіпті бір жерде жасырынып жүруі де бек мүмкін. Мына көрші отырған Франпиядан қауіпті ме, әлде басқа қаптаған саяси себептерден бе — ол жасырын жүруі де әбден мүмкін ғой.
Декабрьдің сегізі.
Таңертең департаментке жөнелейн деп ойладым да бармай қалдым. Мына құрғыр Испанияда болып жатқан істер басымды қатырып, ойым онға белінсеші! Тақтан дәмелі донна да ақымақ екен! Қатын таққа отырса Испанияның күні қараң болып қалмай ма! Жо-жоқ! Бұл болмайтын берекесіз тірлік! Болдырмау керек! Ол аз болса — Англия мінез көрсетеді! Әй, қалқаларым-ау, бұл іс тек қана Испанияның ісі емес, бүкіл Европаның ортақ мүддесі емес пе, айналайындар-ау! Австрияның императоры, біздің Ұлы Ағзам дегендей... Осы ауыр ойлардың шырмауынан шыға алмай төсекте дөңбекшіп жаттым да қойдым. Тұла бойым сүлесоқ басым мең-зең. Сосын күнұзаққа екі қолым алдыма сыймай, үй ішінде әрі-бері сенделіп жүрдім де қойдым. Түскі тамақ үстінде сол піьш-пгытырық ойлардың құшағында отырып, не жеп, не ішкенімді де білмей, қолымнан тіпті ыдыстарды түсіріп алсам керек, аспаз қатын Мавра маған аңырап қарап қапты! Түс ауа тауға тарттым. Бірақ серги алған жоқпын. Содан сона-ау қас қарайғанша кірпігім айқаспай Испанияның қамын ойладым да жаттым.
Екі мыңыншы жыл. Апрельдің қырық сегізі. Бүгінгі күн мен үшін салтанат күні! Испанияда король бар! Табылды ақыры, енеңді ұрайын.Шсьі азанда естіген жаңалық! Шынымды айтсам, мен үшін бұл жай түскендей жаңалық еді.Адам деген қызық-ау — түк тусінсем бұйырмасын, мен неге осы өзімді титулярный советникпін деп жүрмін, а? Оны маған кім берді? Бұл тіпті есуастың ойына келмейтін іс кой! Құдайға шүкір, осы жаңалық үшін мені ешкім жындыханаға жетектеп апарған жоқ, тіпті қаперіне де алған жоқ. Бүгіннен бастап менің басым бос, алдым ашық! Көршкелдей күн ілгері тірлікті болжап, көріп, біліп отырам! Ал күні кеше — бәрі маған бимәлім, түсініксіз, тұманнан әрі бұлыңғыр емес пе еді?! Менің ойымша жұрт ақымақ шалыстау ғой деймін, әйтпесе олар неге адамның миы мына қауақ бастың ішінде деп ойлайды? Жо-жо-о-оқ! Ми деген желмен жеңкіп мына Каспий теңізінен келер болар!Алдымен осы ойларымды мен акырын Мавраға ғана айттым. Алдыңда отырған кісі кім деген сұрақ қойсам — түк түсінбей бір қарады да қойды. Сосын шыдай алмай мен, алдыңда отырған — ол Испанияның королі дедім. Ол кім? — дейді. Ол — мен. О, сорлы! Кезі алақандай боп, аузынан ақкөбігі ағып тыпырлады да қалды. Қорыққанынан әрине. Тірі корольді көрмеген кеще, топас неме, әрине, сөйтіп тыпырлап калады.І ЭйгРо-ой, сөйтіп мен сау басыма ақинатілеп алдым емес пе! Аузыма түскен небір әдемі сөздердің тізбегін ағытып олай жұбатам, тіпті ол кещенің кей-кейде салақтықпен менің етіктерімді шала суртетініне еш ренжімейтінімді де айтып жатырмын-нәм жоқ! О, құдайдың құдіреті! Тасбақаның сүгіреті, топас неме! Опастан топас, қара халық туады да! Оларға үлкен материя жөнінде лекция оқып, әсте бас қатырма! Мавра қорқатын бір-ақ-себеп бар. Айтайын ба? Ол былай ойлайды — Испаниядағы барлық король егіз қозыдай Екінші Филипке ұқсап туады деп! Міне, бар гәп қайда жатыр. Содан қорықты бұ қатын! Мен оған талдап, әй, айналайын-ау, мені қазанға сап, мың рет қайнатсаң да Филип екеумізден ұқсастық таба алмайсың деп жатырмын. Бәрібір түсінген жоқ... Департаментке сөйтіп қолды бір-ақ сілтедім — бармаймын, дедім. Тіпті жанып, күдері көкке ұшсын, маған десе! Жоқ, ағайындар, мені енді азғыра алмайсындар бармағаным департамент болсын! Көрмегенім де сол қарғыс атқыр қағаздар болсын!
Мартобрдің сексен алтысы.
Бүгін маған іс басқарушы — экзекутор келіп кетті. Бұл не жатыс, жұмыс қайда, департаментке бармайсың дейді. Көрінбегелі үш жеті болды, дейді. Мен барғым келмесе де, әзілге сап, байқап көрейін деген ниетпен департаментке бардым. Бөлімше бастығы мені ол енді екі бүктетіліп кешірім сұрар, жалынып, жалбарынар деп ойлап қалса керек, атасының басы! Ешкімге назар да салмай, бойымды тік ұстап, ештеме білмегендей өз орныма отыра кеттім.Сосын айналамдағы кеңсенің қағаз кеміргіш көртышқандарына қарап отырып ойға қалдым: «Әй, маубастар, сендер алдарыңда отырған адамның кім екенін білесіңдер ме? Білесіңдер ғой, деймін ішімнен, құдай ақы, қалай шу ете қаларларыңды?! Алдымен онда бөлімше нәшәлнігі жетер еді екі иінінен дем алып! Кешірім сұрар еді маңдайымен ұрып! Тұп-тура директордың кабинетіне кіргеннен ары! Қайда-а!.. Алдыма біреу қағаз әкеп тастағаны есімде. Экстракт-талқан жасасын дегені да! Мен селт еткен жоқпын. Енді бір қарасам — бәрі абыр-сабыр. Директор келе жатыр дей-ма-ау. Е, келсе келе берсін! Алдынан өре түрегеліп, бәрі әбігер болды да қалды! Бәрінің бір көрініп қалғысы келеді. Байғұстар, қайтсін-ай! Мен орнымнан қозғалғам жоқ.Ол жанымыздан өте бергенде киімдерін түзеп, түймелерін тағып қақиып қатты да қалысты! Мен онда да еш қозғалғам жоқ. Кесетінін кесіп алсын! Осы да директор ма? Осы кызталақтың алдында қақиып тұрып, мен бас иіп, тәжім етпекпін бе? Кетсін әрі! Бұл директор емес, кәдімгі бөтелкенің тығыны! Иә-иә, жай ғана тығын! Бөтелке жабагын!Менің буынып бір күлкім келгені — бәрінен бұрын біреуінің менің алдыма қағаз әкеп қойғаны! Қол қойсын дегені ғой! Ал қол қой дедіндер ғой, қойып берейін онда, деп, қағаздың ең жоғарғы жағына әдейі айдақтатып, бірақ айқын: «Фердинанд VIII» деп осырта- қойып бердім қолымды. Сондағы директордың состиған түрін көрсең! Көру керек еді! Маған қара-а-ап тұрды да: «Ешқандай ата-текті жазудың керегі жоқ еді» — деп шығып кетті. Сосын мен жұмыстан шыға директордың үйіне тарттым. Үйінде жоқ екен. Лакейі кіргізгісі келмеп еді, мен сыбырлап өзі білетін бір сөзді айта қойып ем, сұп-сұр боп кетті де жібере салды. Мен бірден бикештің шымылдық құрған отауына қойып кеттім. Айна алдында отыр екен сыланып, мені көргенде атып тұрды. Алайда мен оған, Испанияньщ королі екенімді айткам жоқ. Айтқаным тек маған қосылсаң басыңа бақыт құсы орнайды, шадыман-шат өмір сүреміз болды. О, бұ әйел қауымы айлакер, зымиян ғой! Осы бүгінгі күнге дейін бұл каншық қатынның сайтанға ғашық екенін менен басқа ешкім білмеуші еді. Жан баласы сезбейтін! Құдай шыным. Физиктер ақымақ халық емес пе - әйелдер мынадай, әйелдер анадай деп бөседі кеп. Ал бұл әйелдер болса сайтанға құштар, ынтызар! Сенбесеңіз ана-ау лоджиядағы әйелге қараңызшы! Қолындағы лорнет-көзілдірікті көрдіңіз бе? Сіз оны мына отырған арты керсендей иығына жұлдыз қадаған месқарынға қарай салып отыр дейсіз бе? Айтақ-ау! Жөндеп қара! Оның тесіліп, емініп қарап отырғаны бұның артында отырған сайтан! Әне жасырынып қалды сайтан неме! Фрактың жағасынан ішіне кіріп кетті! Әні! Ән-ні! Көрдің бе енді? Ол кімге көзін қысып, саусағымен ымдап жатыр? Анау лорнетті әйелге, әрине! Ол әйел сол сайтанға байға шықпай қоймайды әлі! Қара да тұр! Ал мына отырған мырзалар, шенеуніктер, өңшең ақымақ, мұрындары ештеме сезбейді! Бәрі де патша сарайына ынтық! Олар өздерінше жаппай патриот! Бәрі де депутаттықтан дәмелі! Оларға не керек дейсің ғой? Оларға акция керек! Оларға тиімді кредит керек! Олар сонда елім деп еңірейтін ерлер демексің бе? Кетше-ей! Оларға тиімді контракт керек! Аренда керек! Лауазым керек! Шен керек! Атақ керек! П-патриот?! Омай-ә! Олар ақша десе арын, керек болса ақша үшін лауазым-шен үшін, мансап үшін әкесін былай қойғаңда анасын жәлепханаға сатып жіберуге әзір адамдар! Құдайын ұмытып, АЛЛАны тәрік еткен өңшең жыртқыштар! Діннен безген бұл пәтшағарлардың мансап іздеп шырқырап жүрген бір-ақ себептері бар — ол тілдерінің астында. Сол тіл астындағы дәрі де бар боп тұр ғой, ұқтың ба енді? Ана-ау Гороховойдағы шаштараздың жасап берген дәрісінде бар гәп! Сол дәрінің ішіндегі түйреуіштің басындай ғана құртта боп тұр ғой, сорлағанда, бар гәп!.. Ол шаштараз қызталақтың есімі есімде жоқ. Бірақ бір білетінім, ол қызталақ, бір кіндік шешемін деп жүрген қатын екеуі бүкіл әлемге мұсылман дінін тарқатып жүр. Еңді ұқтың ба? Ұққан жоқсың ба-а! Сондықтан ғой мына көрші ел Францияның бес уақыт дәрет алып, намаз оқып кеткені! Мүхаммед пайғамбардың діні күшті, ә?!
Қайсы бір число. Күн числосыз болған.
Нева проспектісін бойлап жасырын жүрдім. Пәуескесін ағызып Ұлы Ағзам Император өтіп бара жатты. Бәрі де бас киімін алып, тағзым етіп, құрақ ұшып жатыр. Мен де ырымын жасадым, бірақ Испания королі екенімді тағы жасырып қалдым. Мына қара халықтың алдында ашылып қалуды жөнсіз көрдім. Оның үстіне танысу үшін алдымен ақ сарайға арнайы баруым керек қой. Соны ойладым. Екінші жайт тағы бар — ол үстімде ақсүйек корольдер киетін костюм де жоқ еді. Әлі күнге дейін тіктірмей — мен де бір салғырт, қыр жалқаумын ғой... Ең болмаса бір мантия болса... Бір тамаша ісмер тігіншіге тіктіріп алсам ба деп жүргем, бірақ бұ күнде бұлардың бәрі есек боп кеткен, не есектің миын жеген есер боп кеткен! Кезің тайса, лып еткізіп алдай салуға дайын тұрғаны, қазір бәрі без теріп, көше сыпырып, көшеге тас төсеп дегендей есеңгіреп кетті ғой!.. Мен өзімнің екі-ақ рет киген жап-жаңа муңдирімнің ит рәсуасын шығарды!
Числосы есімде жоқ. Ай да болған жоқ. Қай күні екенін ит білсін!
Мантия дайын! Тігіп болдым-ау, әйтеуір! Осы Мавра есалаң. Мен дайындап болған мантиямды кигенім сол, артына біреу біз тығып алғандай шыңғырып кеп жібергені! Дауысының ащысы-ай жәлептің!.. Бірақ мен, ең бастысы, ақ сарайға барып Ұлы ағзаммен өзімді таныстыруға әсте асыққан жоқпын. Ең қызығы — Испаниядан депутация әлі келген жоқ.
Депутаттарсыз болмайды. Тәртіп солай. Қазыр, қасиет ақсап қалуы кәдік. Сол депутат құрғырларды күте-күте көзім талды.
Бірінші число.
Осы депутаттардың парықсыз, сылғырт келетіні-ай! Соған таңғалам. Нендей себептермен кешігіп жатыр екен ігпркіндер? Әлде... тағы да Франция кері тартып тұр ма? Бұл Франция деген аздап кертартпалығы бар, бір тырнағы ішінде кеткен держава ғой. Поштаға тағы бардым. Испанияда депутаттар неге келмей жатыр деп сұрасам, почмейстер дегеніміз бір әңгүдік неме! Ештеме білмейд. Ешкандай Испания депутаттарын білмеймін дейді. Хат жазғың келсе мархабат, жаз. Бірақ шет елге хат жазу рәсімін қатаң қолданамыз, дейді қасқа! О, сайтан алғыр-ау, ол қандай хат? Ол не хат? Оттапсың, дедім. Хатты аптекарлар жазады. Солар жазсын! Сонымен мен Испанияға келдім. Бұл өзі көзді ашьш-жұмғанша болды. Таңертең әлі төсекте жатқам ғой керіліп, қарасам — жанымда Испания депутаттары! Әп, бәрекелде-е! — дедім де мен олармен бірге каретаға отырдым, К^нГоТр^атгы таңқалдырғаны.— бұлардың әдеттен тыс жылдамдығы болды. Аттарды сабалап отырып, әш-пүш дегенше біз Испания шекарасына де жеттік! Айтпақшы, қазір бүкіл Европа темір жолға көшкен. Параходтары желден жүйрік. Испания қызық өлке! Біз бірінші бөлмеге кіргеңде алдымен көзге ұрғаны — өңшең шаштарын ұстарамен алдырған тақырбастар еді. Е-е, бұлары тақырбас грандтар, не солдаттар ғой, деп ойладым. Өйткені олардың шашын ылғи да тықырлатып алғызып тұратын. Мені тағы бір таңқалдырғаны, мемлекеттік каішлердің мені қолымнан жетектегені! Ол мені бір шағын бөлмеге итеріп кіргізіп жіберді де «Отыр осында, енді қайтып король Фердинандпын десең, жағыңды айырамын!» — деді. Бұл мені — не тексеріп тұр, не әдейі азғырып тұр, деп ойлап мен еріс жауап бергем. Сөйтіп ем, албасты, екі рет аямай таякпен, жотамнан тартып-тартып жібергені! Жоғарғы лауазым берерде осылай рыцарьларды соққымен сынайтынын талай көргем, сондықтан да үнсіз шыдадым, тістеніп тұрып. Өйткені, Испанияда рыцарьлық салт алі күнге дейін сақталып қалған. Оңаша қалғасын іске шұғыл кірісіп кеп кеттім-м! Сол күні мен ашқан жаңалық — мына Испания мен Қытай дегеніміз бір-ақ мемлекет! Оны тек жетесіз кещелер ғана ажырата алмайды. Сенбесеңіз — кағазға Испания деп жазып көріңізші. Әні — Қытай боп шығады. Бірақ мені қапаландырып түрған бір-ақ нәрсе — ол ертеңгі болар оқиға. Ертең таңертеңгі жетіде таңғажайып оқиға болмақ. Жер айға барып қонады. Ол жөнінде атақты ағылшын ғалымы Беллингтон да жазған. Шынымды айтсам, менің жүрегім жарылардай дүрсілдей жөнелген. Сосын мына айдың өте осалдығы. Ай, әдетте, Гамбургте жасалады ғой. Осыған Англияның әлі күнге дейін назар аудармайтын салғырттығы өте танғалдырады! Бұл ай дегенді ай туралы жарытып ештеме білмейтін -ақсақ шелекші жасайды. Сиықсыз келесау неме, осы айды жасағанда оны ана жаққа арқанмен шандып тастайды екен, сосын аямай ағаш майын жағады екен — сондықган ғой мына дүниенің мүңкіп, сасып кететіні! Тьфу! Сосын да гой айдың сондай нәзік, мүбарак келетіні! Сосын да ғой онда адамдардың отырмайтын себебі. Сосында ғой ол айда тек мұрындардың каптап жүретіні! Сосында ғой біз өз мұрнымызды өзіміз көре алмай дал болатынымыз. Кенет маған бір ой сап ете қалғаны! Егер мына жер айға барып шынында қона қалса мұрын біткен. Жаншылып, езіліп қалмай ма? Сол есіме түскеңде жаным шығып кете жаздады! Жалма-жан шұлығым, башмағымды тез-тез киіп ап, дереу жерді айға қондырмауға полицияға бұйрық бергелі мемлекеттік кеңес залына кіріп бардым. Сөйтсем зал іші, құдай басқа салмасын! — қаптап жүрген қасқа бастар, тақырбастар! Өздері шетінен ақылды. Мен келе айғайға бастым, осындай да осындай, айды жылдам құтқару керек! Сабаздар, айтканымды екі еткен жоқ — бәрі де жапатармағай қабырғаға айды алуға өрмелеп кетті. Сөйтіп ыңкылдап жатқанымызда Ұлы канцлердің кіріп келгені! Бәрі тұра қашып, мен жалғыз қалғам. Тағы мен танқалғаным — канцлер келді де аямай таяқпен жонарқамнан тартып жіберіп, бөлмеге қуып тықты. Ұғып қой, ағайын — Испания халқының салты елі осылай!
Сол жылдың януары, февральден кейін туған ай.
Испания деген елді түсініп болмайсың. Өздерінің салты да сыпайылығы да қызық. Түсінбеймін, түсінбеймін, ештемені де түсінбеймін! Қаншама «монах болмаймын» десем де, шыңғыртып тұрып бүгін менің шашымды ұстарамен тап-тақыр қып алып тастады. Іле шелекпен тұрып басыма су құйғандары есімде, қалғаны есімде жоқ Апыр-ай, ,тозақта да бұндай азап балмайтын шығар. Тамағымды жыртып, құдырай шыңғырғаным есімде. Арғы жағы есімде жоқ. Осындай да салт болады екен-ау, түк түсінсем бұйырмасын! Сүйкімсіз салт қой бұл.Осындай салтты елді жоймаған король де келесау ғой. Кей-кейде мен ойлаймын — сірә мен осы инквизияға тап болдым-ау, деп. Менің канцлер деп жүргенім ұлы инквизитордың тап өзі болып шықпасын! Бірақ бұлардың корольдің өзін де аямай азаптайтынына таң қалдым, таң қалдым да түк түсінбей басым қатты! Бұл не де болса Францияның маған көрсеткен күқайы. Не де болса бұл сол франция президенті Полинияктің маған әдейі жасаған кастандығы! О, атың өшкір Полинияк! Мен өле-өлгенше кек алам деп ант берген екен еліне. Сол, сол ғой. Е, сорлые-е, түк түсінбес миғұла, сенің қолыңмен ағылшындар ғой от көсеп отырған. Ең болмаса соны түсінермісің, ей! Сорлы!.. Ағылшындар сайқал саясатшылар ғой, олардың тұмсығын тықпайтын жерлері болсайшы! Бүкіл дүниеге мәлім бір нәрсе бар — ол ағылшын насыбай иіскесе, Франция түшкіреді.
Число жиырма бес!
Әні... Ұлы инквизитордың өзі кіріп келе жатыр. Мен орындыктың астына жасырына тұрайын. Мені таба алмаған бейбақ, аңырап қалды. Әні сарспылып іздеп жүр! Е-е, сорлы! Соқыр сорлы! Айғайла, Айғайла енді «Поприщин!» Мен үнсізбін. Тағы айғайла. «Аксентий Иванов! Титулярный советник! Дворянин!» О, сорлы! Мен тағы үндеген жоқпын. «Сегізінші Фердинанд! Испания королі!» Жасырынған жерімнен мойнымды созып көрінгім-ақ келген, бірақ айнып қалдым. Сезем, сезе-ем қулығыңды сабазым. Қаншама Судырахмет болсаң да қулығыңды біле-ем! Әй, атаңа нәлет-ай. Көріп қойғанын қарашы! Көріп қойды да бас салып, таяқтап, орындық астынан қуып шықты. Басыма тағы сарылдатып су құя ма, деп зәрем қалмап еді, жоқ — таяқ астына алды. Қарғыс атқырдың таяғы қамшыдан өткір екен! Әр соққыдан бір сыйлық дегендей, мен сол соққы астында тұрып, бір жаңалық аштым, жараңдар әр қораздың қауырсын астына жасырған бір Испаниясы барі.. Ұра ұра қолы да ауырды ғой деймін, ашудан терісіне симай маған қадамдап, қоқан-лоқы көрсетіп, ұлы инквизитор амалсыз шығып кетті. Ашу деген ақылсыздың ісі. Ашу деген әлсіздіктің белгісі. Е-е, Сорлы Англияның қолшоқпары екенін қайдан білсін!
Февруар төңкерілді 349. Нүкте.
Жо-оқ бұдан әрі төзім жетпес! Құдай-ау, бұлар маған не істемей жатыр!-Басыма мұп-мұздай суды тағы да шелектеп құйып жатыр! Өңшең ақымақ, не істеп, не қойғанын сезбейді өздері. Менде қандай жазық бар еді?! Неге бұлар мені соншама кзщанды? Мен байғұс не жазып ем? Бұлар менен не тілейді? Шыдам бітті төзім таусылды, басым ысып, миым қайнап барады. Құтқар! Құтқарыңдар мені! Шығарыңдаршы мені бұл жерден! Құйыңдай ұшар үш ат жеткізіңдер маған! Огьф, жәмшік! Сыңғырла, қоңырау! Самға менің арғымақтарым! Алып кет мені бұ жерден! Алып қаш мені бұ дүниеден! Алысқа, алысқа самғап алып қаш! Көзден жас сорғаласын бір! Ештеме көрмейін! Көзімді тарс жұмайын! Алдымда әне! Көк аспан! Астымда бұлт, жөнкіген жұлдыздар да жарқырап! Қарағайлы тоғай да кетті әні зымырап! Жарықтық ай да кетті, әні қол созым жерден жалт етіп! Табанға тұман төселді, Аппақ мамық төсектей! Тұман іші толған күміс, тек тиіп кетсең өн салар! Сол жағымда Көк теңіз. Оң жағымда Италия. Ойбо-о-ой, мынау көрінген орыс үйлері емес пе? Анаутерезе алдында отырған менің анам-ау, сірә?.. Ана-а-а... Анашым менің... Апа-а... Апа, сенбісің? Жо-оқ сен емессің... Ана-а... Анашым менің... Қайдасың? Қайдасың сен, анашым менің, ана-а-а? Қайдасың сен, қайдасың? Келсеңші мына балаңа — құтқар сорлы балаңды! Көз жасыңмен жәрдем бер. Байғұс ұлыңның басын ұсташы, көз жасынды көл қылшы. Омырауыңа бас, иіскет! Қиналдым-ау қинады ғой! Қинап жатыр жыртқыштар! Қор қылды ғой сорлы жетімегіңді! Аяшы мені, анашым! Қуғын-сүргін бұл өмірден еңді кайтіп құтылам?.. Анашым-ау, қайдасың? Айтпақшы алжир бейінің танауының астыңда, дал астында бармақтай ғана шиқан бар. Соны сендер білесіңдер ме?
Аударған: Сатыбалды Нарымбетов.