Парсы прозасы

ӘДЕБИЕТ
3814

Ең алдымен дүниегетанылған – әйгіліпарсы поэзиясы еді, проза артынан қалыптасты. Проза тақырыбыжағынан «саяхат», «әйелдер қулығы», «сарандар мен жомарттар», «ғашықтар жайы» болып бөлінді, бірақ, бұл – ғылыми классификацияға жатпайды.

«Мың бір түннен» алынған ертегілер, ХІ ғасыр перзенті Насир Хосроудың «Сафарнамасы», ХІІ ғасырда аз-Захири Самарқанды жазған – «Синдбаднаме» туындысы, Дакаикидің «Бахтиярнамесі» – өрнекті, оқиғалы проза санатына кіреді. Парсы прозасы – қабаттасып, бірінен соң бірі кезектесіп туып жатады, бұл жағдай «Мың бір түн» хикаяларын еске түсіріп отырады. ХІІІ ғасырда Нахшаби өңдеген «Тотынама» – шығысқа кең тарап кеткен шырайлы, оқиғалы, қызықты шығармалардың бірі. Дакаики жазған «Бахтиярнаме» де – Бахтиярдың басынан өткен алуан реңді оқиғалардың тізбегі, Бахтияр мен уәзірлер арасындағы тартыс, шиеленістерді баяндайды.

Таяу Шығыста «он уәзір жайлы хикая» нұсқалары халықарасында мол тараған. Ортағасырларда ғұмыр кешкен авторлар кейде оқиғаны ұлғайтып, қосып-алып, кейде қысқартып, әдейі шиеленістіріп созып, қым-қиғаш соқпақтарға салып отырған. Әлбетте,мұндай әдіс- амалдардың тәрбиелік, тәлімдік астары тереңде жатса керек. Шығыс әдебиетінде ерте замандардан келе жатқан «Моназере» (айтыс) дейтін жол бар. «Күн мен Түннің айтысы»,«От пен Судың айтысы» және т.б. боп кете береді,ол оқырмандар мен тыңдаушыларға арналады.Бұл әдіс – «Бахтиярнамадан» берік байқалады, мұнда әңгіме ортасына сыналанып, еніп отырады. Кейде мұндай шығармалар белгілі бір адресатқа, сұлтанға, әкімге, патшаға тікелей арналып жазылатын. Сондай әдеби ескерткіштердің біріне парсы жұртының«Кабуснама» атты үлгілі шығармасы кіреді. Ініге өсиет айтып, үлгілі ғұмырларды, адамгершілік істерді уағыздайтын қолжазбалар тарайтын.

Осындай әдеби ескерткіштердің авторлары өздерінің алдына үздік талаптар қоя білетін. Өйткені,олар шығарманың алдағы ғасырларда халық жадында сақталып қалуын, мәңгі ұмытылмауын, адам тәрбиесінде айшықты,айбарлы құралға айналуын қадағалайтын. Сондықтан да қалап алған сюжеттерінің шиырланып, шымырланып сан иірімдерге баруын, араласуын қарастыратын, бұл да болса – шеберлікке апаратын жазушы әдіс-тәсілдерінің бірі еді. Сағдидың «Гүлстаны» – әрі қысқа, әрі нұсқа, көңілге өрнекті ой тастайтын, фәлсафалық ойларға толы, терең шығарма. Мольер, Пушкин, Толстой Сағди шығармашылығын ерекше бағалап өткен. «Гүлстанның» дүниенің көптеген тілдеріне тәржімаланып кетуі – содан болса керек.

Дидактикалық сарында жазылған «Бахтиярнама» кітабы да – диалог, диспуттан құралады, сол орта ғасырлардағы оқырман мен тыңдаушының талғамынан шығу үшін сондай деңгейдегі проза, поэзия қажет еді. Ол кездің авторлары өздерінің қарасөзбен, өлеңмен жазылған күрделі туындыларын ұшатын құсқа немесе ұзатылатын қалыңдыққа теңейтін. Себебі, жазған дүние өтеледі, тәуір болса – ол халық арасына тез сіңіп кетеді, сөйтіп, лайықты бағасын алады. Керексіз, қажетсіз нәрсе болса – ұмытылып кетеді, өміршең көркем дүние өз орнын ұзақ уақытқа сақтап қалады.

Орта ғасырдағы парсы әдебиетіне әдемі өрнекті әшекей, айшықтау тән екені хақ, этикент соны талап еткен, ал тақырып болса өзгеріске ұшырамай, бір кезеңнен екінші кезеңге, бір ғасырдан келесі ғасырға көше берген. Дәстүрі, ережесі өзгермеген Еуропалық әдебиет үшін бұл бір іш пыстыратын, жалықтырып жіберетін жол еді. Бірақ, Шығыстың аты – Шығыс, Батыстың аты – Батыс деп Редьярд Киплинг айтқандай: «Шығыс өзінің қәдуілгі дәстүрін сақтап, әрі қарай дамыта берді, әдеби әдісінен бұлжымады, бұзбады».

Әдеби канон болғасын, әрине, бұрыннан қалыптасып келе жатқан тәсіл, үрдістерден мойын босата алмайды. Мәтіннің ішінде цитаталар кездесіп отырады. Әсіресе, Құраннан немесе басқадай бір діни жәдігерлерден алынған мысалдар, тіркестер, жолдаржиі ұшырайды. Егер автор немесе айтушы Құраннан мәтін келтіретін жағдайда Құранды өте-мөте жетік меңгеріп, жақсы білуге тиісті еді. Өйтпейінше, қасиетті кітаптан алынған қысқаша бір-екі ауыз үзінді шығарманың өнбойына сыналанып, еніп кете алмайтын. Құраннан кейін, мысалға жиі ілінетін – белгілі әдеби жәдігерлер еді, жыр, өлең түрінде мысалға тартылатын. Мұның өзі шығарма иесінің білімпаздығын, жан-жақтылығын, көп білетіндігін паш ететін.

Мұнда сондай сұлу, орынды келтірілген мысалдар – сұлу әйелдің мойынындағы алқалы айшық тастардай алқаланып, тізіліп, көз бен көңілді біріктіріп, тартып тұратындай болып шығатын. Сөйтіп, Шығыс шығармасы – әшекейлі теңеулерге, метафораларға, жарқын бейнелерге тұнып тұратын. Ескі заманда туған туындыларға сол уақыттың, сол ғасырдың көзімен қарасақ, бәрі солай болуға тиісті, бүгінгі критерилер, мәселен, Дакаикидің «Бахтиярнамесіне» қанша күштесең де жүрмейді.Ол замандағы оқырманның көзі, көкірегі басқаша бір қалыптасқан жайларды, күйлерді қабылдап үйренген еді. Парсы прозасында дидактикалық жанр поэзиямен қатар дамыды, 950 жылы АбульФаварис Каноризидің «Синдбаднамесі» дүниеге келді. Құран парсы тіліне аударылды. «Марзбаннаме» кітабы Х ғасырда жазылды.1114 жылы Газнада«Калила мен Димнаның» жаңа нұсқасы пайда болды, ал 1160 жылы Самарқанда Захиридің «Синдбаднамесі»жазылды. ХІ ғасырдаХамидидин Балхидың «Макамат-и-Хамиди» шығармасы туды, бұлар новеллалардан құралатын, мақал-мәтелдермен өрнектелетін, 23- 24 мақамнан құралатын, әр біреуі бір-бір новеллаға жататын. «Саяси-наме» деп аталатын Низамаль-Мүлктің саяси трактаты жарияланды.

Тарих сахнасынан кеткен Саманидтер жайын қозғайтын Бейхакидің «Тарих-и Бейхаки» шежіресі– көптеген аңыздармен, мысалдармен көмкерілген еді, араб тілді әдебиет үлгісіне жақын болатын, тарихи аңыздар, әпсаналарға тұнып тұратын. Автор халықтың мақал- мәтелдерін, әзіл әңгімелерін орынды пайдалана білді.

Мұндай шығармалардың жеке тұратынбір тобы – халық кітаптарына айналып кетеді. Ең алдында жазбаша жазылғанымен, әр түрлі жиындарда орындаушылар таратып айтып жүреді. Бұл тақілеттес туындылардың қайнар көзі үш арнадан: ежелгі иран фольклёрынан, үндіден келген аударма әдебиеттен және мұсылман аңыздарынан, оның ішінде Мұхаммед туралы Хадистерден тұрады. Сонау ІІІ-VІІ ғасырлардағы Сасанидтер империясын- даравилер мен декламаторлар болған. Орта Азия мен Иран қалаларының ертегішілері өзара цехтарға бірігіп, қала қол-өнеркәсіпшілерімен, яғни жаванмард, айяр атты ұйымдарменбайланыста болған еді. Осыдан барып «Самаки Айяр» (ІХ ғ.) деген қызық оқиғалы шығарма өмірге келеді, кейінірек ол ертегі-романға айналып кетеді. Бұлардың басты кейіпкерлері – жаванмардтар еді, олар өздерінің жойқын іс-әрекеттерімен еуропаның романдарын еске түсіретін, мысалы, ескі иран эпосы «Қаһарман- наме» соған ұқсап тұратын.

Өтеген Күмісбаев

"Шығыс шайырлары" кітабынан

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...