Проза жазуды ұнататын болсаңыз, шеберханамызға қош келдіңіз!Ольга Маркова атындағы Алматылық Ашық Әд...
ҚАР РОМАНЫ
Шөлдегі құмның көшуі,
құрғақшылыққа іштей қарсылық күресім есебінде жаздым.
Қар түскенде біз балалық шағымызға қайта оралғандай боламыз ...
Мишима Юкио
Бұл оқиға мен тумай тұрғанда болған.
Бірден, өз көзіммен көрмегендіктен, табиғат апаты дейін бе, зұлмат құбылыс дейін бе, мен оны нақты атай алмаймын.
Бұл оқиғаның дәл қай жылы болғанын қазір есіне сақтаған адам қалмады.
Сонан мен, ескілердің әңгімесіне құлақ салып естіген «Мешін жылының жұты» дегені болар деп шамалағам.
Ерекше қалың қар түскен сол қыс мешін жылы ма, емес пе, анығын мен білмеймін.
Дегенмен, мешін жылы шынымен де, қалың қар түседі деп айтады.
Бұл шығарманы мен кейіннен «Қар індетінің аңызы» деп атап жүрдім. Тағы да, сол көнелердің сөзінде айтылатын мұз індетін тұспалдаудан туған атау.
Ақырында уақыт, табиғи апаттың құрсауынан зорға құтылғандай болып, көңілім сергіп, мұнымды баспаға беруге тәуекел еткенім осы еді.
Әйтсе де, қазір сіздің оқып отырған мына атаудың өзі соңғы атауы емес болуы да кәдік.
Қалың қар еріп біткеннен кейін мен туыппын.
Кішкентай кезімде мен өзеннің суына тас жалатып ойнайтынмын.
Сәл есейген соң бұлақтың жағасымен қайыңтоз қайықтарды жарыстырып жүгіретінмін.
Қазір мұнда ешқандай бұлақ жоқ.
Бала кезімде көрген сол үлкен өзен, әлгі қалың қар суының ағып жатқаны екен.
Қар түсе беріпті, түсе беріпті, түсе беріпті. Күзден бастап түскен қар толастамастан түсіп, көктемге ұласып, алапат тасқынға айналып барып, зорға тынған дейді.
Алғашында адамдар қарды тазалап, жол шығарады екен. Үйілген қар-таудың тасасынан күн шығып, қар-таудың тасасына бататын бола бастаған тұста, біздің мекендегілер қалың қарды астынан қуыстай қазып, дәліз шығара бастапты. Соңында аспанды тауып көруден де қалыпты. Қар дәлізімен еркектер темекі будақтатып ары-бері сандалады. Қатын-қалаш, бала-шағалар шанаға әлде нені тиеп алып, шолақ дәліздермен сүйрете жүгіреді. Мекеннің орталық көшесі болған жер өзгелерден ұзын, кең дәліз екен де, үй-үйге қарай бұрылған үңгірдің ауыздарын «шолақ дәліз» деп атайды екен.
Қар астында қыстаған анағұрлым жылы болады дейді. Анда-санда бір күннің көзі ашылғанда, төбеден сүт сәуле білінгенімен, қалың қарды тесіп өте алмайды, бұлтты күндерде түннен ары қара түнек.
Толассыз түскен қардың астында хабарсыз кеткен шағын мекенді іздеп-іздеп таппаған соң, көктемге дейін ел көлемінде қаралы кейіс жарияланыпты. Ал, біздікілер қар астындағы тірлігіне әбден көндігіп, соңында «Көктем, жаз деген үлкен қатер бар» деп кеңесетін болыпты. Сары судың дүлей тасқынынан қорыққанынан болса керек.
Мекендегілер ұлыс-елден қаншалықты бөлініп қалса да, күнделікті тірліктерін тоқтатпайды. Адам болған соң, қалың қарды қуыстап, амалдаудың да айласын табады. Тіптен, қалың қар еріген кезде түгелдей суға батып өлетінін мықты түсінгендіктен, күнделікті тірліктері әдеттегіден асығыс, шапшаң ілгерлей беріпті.
Кәмелетке толған кезінде үйлендірмек болып айттырып отырған қыз бен ұлды көздері тірі кезінде үйлендіріп алады. Ұл ол кезде он алтыда, қыз он төрт жасқа толмаған болатын. Әр үйдің сандығынан аздаған сарқыт табылып, көсеу шырақ ұстаған адамдар түнімен әндетіп, орталық дәлізбен серуендеп, шамалары келгенше керемет тойлатыпты. Дәл сол сәтте күрті қардың үстіне қонып жатқан тік ұшақтағы іздеуші тобындағылардың біреуі қар астынан қалың мас адам ән салып жатқан сияқты дауысты естіп, жолдастарына айтқан екен, олар:
– Қайдағы бірдеңені айтады екен, қарға басылып жатып та ән салушы ма еді? Сөйте тұра, түгелдей мас!
– Сен де бір саққұлақтың өзі екенсің.
– Тиесілі спиртін асырып жіберген ғой... – деп келекелеп, жым болдырған дейді.
Қар астындағы мекен туралы адамның ақыл-ойына қонатындай етіп, суреттеп жазу мүмкін емес нәрсе. Адам баласы ұдайы биікке ұмтылуға жаралған ба, біздікілер орталық дәліздің әлдебір тұсынан жоғарыға шығатын түңілік қазыпты. Тапталған қар баспалдақпен көтеріліп, көк аспанды көрмекке. Бұл баспалдақты салу үшін бақандай үш айын жұмсағандықтан, мекендегілер басқыштардың әрқайсысын айыра танитын, басқыштың саны екі жүз жетпіс болған дейді.
Қарды тесті екен деп, сырттағы әлеммен дереу байланыса қалмасын бастабынан барлығы біліп жүрді. Төңіректе жүздеген қашықтыққа дейін созылған осындай қалың қар бар, тіптен түгел әлемді тұтасымен қар басып қалуы да ғажап емес. Олар осы арадан шығуға деген орындалмас арман жетегінде ғана мына биік баспалдақты салып, түңілік қазып, әуре-сарсанға түскен жоқ. Адам баласына ұдайы бір нәрсе жетіспей, жоқталып тұрады. Жалғыз басты еркекке әйел жетіспей, жоқтайды. Әйелі бар еркек көрімдеу бір келіншекпен көңілдес болсам деп тұрады. Ал, мекендегілерге аспан жетіспей, жоқталғаны анық.
Түңілікті қазып болған сәтте қар толастаған сияқты саябырлап, сыртта түн болып тұр екен. Суық қара аспаннан болымсыз жұлдыздар жымыңдап, алдан біртүрлі тасырлаған аяз үрлейді. Сол аяздан шынымен де, тарс-тарс еткен дауыс шығып тұрған дейді.
Сыртқа сығалар тұста, қар-шөлейттегі қараңғы дүние біртүрлі иен, мейірімсіз, қатыгез қуыспен қарсы алғанына еркектер «Бекер түңілік қаздық па» десіпті. Еркектердің сүлкіндері түсіп, шаршаңқы оралғанымен, олармен бірге сап таза жұпар желдің аңқыған исі ере келіпті.
Түңілікті желдің ығында болуын ойластырып, мекеннің солтүстігінен қазған және жас қыз бен жігіттің отауы мекеннің солтүстік шетінде болғандықтан, сырттағы желдің гуілі оларға ауық-ауық естіліп тұрады. Қыз бен ұл екеуі бір-біріне қарама қарсы отырып алып, аспанның желі қалай гулеп, қалай басылғанын тыңдайды. Осылай отырғандары өздеріне сонша ұнайтындықтан, күні бойы жел тыңдап отыруды қай-қайсысы қаласа да, ұдайы ойлағандарындай бола бермейді.
Күн сайын еркектер кезекпен кішкене ұлды ертіп алып, түңілікке қарай өрмелейді. Сол араға бекітіп, түрлі-түсті шүберектен құрастырып тіккен үлкен туларын байқап және аспанды қарауылдау үшін. Екі жүз жетпіс басқышпен тайғанақтай көтеріліп, қыстың сығырайған ақ күні қылтиған болымсыз саңылаудан сығалау арасында еркектер:
– Иә, інішек, әйел алу жақсы ма екен? - дейді.
Кейбіреуі тіпті:
– Өткен түнді қалай өткіздің? – деуі бергі жағы ғана.
Екі бірдей сәби тірліктің тәттілігін көре алды ма, жоқ па дегенге шынымен де олардың көңілі алаңдайтын. Әнтек, оны кішкене ұл түсінбейді, түңілікке барған сайын әлгілердің әңгімесінен қашқақтайды.
– Сенің жасыңда өзімдікі дейтіндей келіншек алып, тіптен анандай сұлу қызбен үйленіп алу дегенің сирек кездесетін оңат .
– Әй, мына боқмұрын келіншегінің қалауын қандыра алады дейсің бе?
– Әсілі, ананың омырауы өсіп қалған сияқты томпиып біліне бастапты. Әнтек, мынауың...
Кішкене ұл кейде шынымен ашуланып, кейде жылап қайтады. «Неліктен мені мұнша мазақ ете береді?». Үйіне кірерде бетіне қар басып алып, түк болмағандай күлімсіреп есігін тартады.
Олардың үйінде күні бойы шай сораптап жайланған әпкелер шәйнегін ұстап, айқасып жүреді. Және олардың да көздері еркектердікі сияқты қылмыңдап тұрады екен.
Қыз бен ұл екеуі үлкендердің оларға не айтатынын бір-бірінен жасырады. Сондығынан жас келіншек үйде қалып, күні бойы қатындардың ауызына ермек болатыны туралы кішкене ұл ештеңе сезбейді.
Ымыртта төсекке кірген сайын күндізгі түрлі әңгімені ойлап қай-қайсысы қалтырап дірілдеп, «И-и-ти-ти. Тоңып барам» деп, бір-бірін қапсыра құшақтап, үн-түнсіз жата қалады. Сол сәтте үйлерінің іргесінен қар сықырлай естіліп, бұл екеуін ақырын тыңдап жүргенін қай-қайсысы да білетін, ол тұрмақ, дәл қазір қалай сүйісіп жатқандарын мекендегілер түгелдей таңырқап қарап тұрғанын да кішкене ұл сезеді. Сүйісуді қойшы, олар қарап тұрса да, ұялмайтын болған. Есесіне, қыздың томпайған омырау, тақыр қылы енді-енді қылтия бастаған мүшесін бейпіл ауыз еркектер көріп қалмағай деп шынымен қорқатындықтан, ол келіншегінің киімін де шешпейтін, әлгілерін жамылғысының астынан ғана сипап аймалайтын.
Бір түні кішкене ұл ояна келсе, келіншегі оның мүшесін ұстап сипап жатыр екен. Болымсыз оттың алауында қыздың көзі дәл әлгі айқасып жүретін қатындардікі сияқты біртүрлі қызық қараста көрінді.
Содан бастап олар тасадан аңдыйтын қызыққұмар көздерден тайсалуды қойып, түн сайын жалаңаштанып жататын, шынымен түні бойы ұйықтамай, аймаласатын болды. Алайда, ештеңе болмайды. Таңертеңінде бір-біріне тура қараудан қымсынады.
Ұлдың түңілікке қарай барарда ұнжырғасы түсіп, сұрқы қашатын болып алды.
Ол жоқта қызын қатындар ұстап алып, емшегін, ұмайын сипалап көрген екен, қыз шыдамай шыңғырып жылап жіберіпті. Бірақ, күйеуіне ештеңе айтпады. Түнде ұмайын сипап көрген қырық жас шамасындағы әйелдің бетін ертең қалай көремін деп ойлап, күйеуі ұйықтағаннан кейін көрпесінен сурылып тұрып, тыр жалаңаш отырып:
– Е, Құдайым! Сіз оны өлтіріңізші! деп, әлгі тақыр қылтанағын сипалай, жалбарынады.
Қыздың жалбарынғаны орындалып, кешікпей әлгі әйел қайтыс болып кетті. Қар астындағы мекендегілер адам жерледі.
Жерлеуде ең көп қайғырған адам қыз еді. Оның қайғырғаны сонша, жылаудан көзі күп болып ісіп кетті.
Марқұм әйелдің күйеуі ұзын бойлы, сойдыйған қара кісі қызға таңырқай қарайды. «Байқұс-ай, ана екеуі әлі сәби қалпында екен. Әлі күнге дейін анау қыз ештеңе көрмепті» деп марқұм әйелі алдыңғы күні ғана сыбырлаған еді. Енді міне, оның өзі де жоқ. Ешқайда, қарғыс атқыр мына қардың үстінде де, қарлы дәлізде де әйелінің сөзін қайта естімейді
Ол бүгін қырық тоғызға толды. Дәл туған күнінде, өмірінде ең көп ер мен әйелдің ісін тындырған сол бір әйелін қатқақ қарға көміп жатыр.
Құшақ айқастырғаннан кейін олар көпке дейін құшақтасқан қалпы ұзақ жататын. Егер, сол сәтте оң жауырыны қышыса, әйелінің оң жауырынын, арқа тұсы қышыса, әйелінің арқа тұсын құлдилата ақырын қасыйтын. Әйелі де оны қайталаса дегендегісі. Ал, әйелі кейде қышыған жерін тура тауып, кейде мүлде басқа жерін барып қасып, одан ары қышуын қоздырып жіберетін.
Бірақ, бұл туралы әйеліне тіс жарып көрмеген. Жалпы, олар өз арасы өте сирек әңгімелесетін.
Жалғыз қызы қалада тұрады. Қыздарының кішкентай кезінде олар екі жағынан сөз айтып, сол арқылы тілдесетін.
– Менің қызым, әкесін жақсы көре ме?
– Жақсы көйеді.
– Апасы да.
Бұл сөзді естігенде ол өзін сондай бақытты сезінетін!
Қыздары жылғадағы шағын мекенге өмір сүруге обал дерлік, әдемі бойжетіпті. Суретін көрген сайын, «Ғажап, кімнің тегіне тартқаны бұл?» деп таңданатын. Оның әулетіндегілер түгелдей өзі сияқты бүкір, қара қайыс адамдар. Әйелі де жасында сонша сұлу болмаған. Сөйте тұрып, мына қыз... Жалғыз қызы етегі сүйретілген, сұрықсыз біреу болғанда ғой. Қазір осылай жалғызсырамас еді.
Осылай ойланып тұрып ол мекендегілердің ең негізгі мәселесіне айналған қар туралы есінен мүлде шығарып алыпты. Мекендегілер қалың қар ерігенде үйелменімен өлетінін, ал, қалада тұратын қызы аман сау қалатынын сол сәтте ол шынымен ұмытып кеткен болатын.
Әйелді жерлеген күннің ертеңінде жесір еркек кішкене ұлды ертіп түңілікке қарай кетіп, үйде жалғыз қалған қызға қатын-қалаштардан ешқайсысы кіріп келмеді.
Қар үрлеп түңіліктің аузын бітеп тастапты. Олар күрекпен сол маңды ғана ашып, кішкентай тесіктен жесір еркек басын қылтыйтып сыртқа қарады.
– Әп-пақ, көк-пеңбек. Көз шағылысып бекер-босқа, деп ол түсіп келді. Көзінің жасы танауының ойығына қарай домаланып қатып қалыпты.
– Кішкене ұл, сен сыртқа қарамайсың ба? Жоқ-ей, кішкене ұл дей-дей ауызымыз қалып алып кетіпті. Сен енді үлкен жігітсің. Өмір сондай қызық ғой. Дәл сырттағы аспан мен жер сияқты. Әнтек, адамдар жақсы дүниені ұзақ көруге жаратылмаған... Кәне, сен де бір сығалап түсіп кел. Мен саған бірдеңе айтайын.
Ұл жоғарыға өрмелеп, түңіліктен басын қылтыйтты. Шынымен де, әп-пақ әлем, көкпенбек аспан екеуінен өзге ештеңе көрінбейді. Көзі шағылысып, күннің қайда тұрғанын да болжай алмады.
Түсіп келгенінде жесір еркек ештеңе айтпастан, орнынан тұрды. Жасырағы «Сіз бірдеңе айтамын дегеніңізді ұмытып кеттіңіз бе?» деп сұрамақшы болды да, қоя салды. «Жоқ, мен немді айтпақпын. Бауырым, үш айға жетпес уақыттан кейін бәріміздің өлетінімізді біліп жүрсің бе? дейтін емес» деп, ересегі ойланып қалды.
Кішкене ұл үйіне кіргенде, келіншегі жылап отырыпты.
– Не болды?
– Ештеңе болған жоқ.
«Менен болып жүр» деп, ұл ойлады. Құлағына «Сен енді үлкен жігітсің» деген күндізгі сөз, одан бұрын түңіліктің ауызында естіген еркектердің өзге сөздерімен араласып, көмескілене жаңғырды.
Ертеңінде ол келіншегіне түңілікке қарай кеттім деп үйден шығып, дәлізге кіре бере солға емес, оңға қарай бұрылып, мекеннің арғы жағындағы Цэ келіншекке барады.
Цэ орнынан тұрып есігін кілттеп, оттың қасындағы төсегінің жабынып сыпырып жатып,
– Өйбүй, сәби неме, кел бері! – деді.
Әлгі іс үшінші мәрте қайталанып жатқанда да, Цэ:
– Сәби неме... сәби неме... деп аялап, тағат таппай сыбырлай берді.
– Енді шыдайсың ғой?
– Шыда-аймын.
– Олай болса, енді тұмса сұлу келіншегіңе қарай жүгір, – деп, Цэ күлміңдеді.
Кішкене ұл сұрлана күңгірттенген орталық дәлізбен жымың қағып, бұлғақтап келе жатқанда, кенет шолақ дәліздердің бірінен түскен жарықтан келіншегін көріп қалды. Жесір еркек білте шырақ ұстап қараңғы дәлізбен аяңдап, басына орамал ораған келіншегі оның артынан еріп келеді екен .
Кішкене ұл қараңғы бұрышқа жасырына беріп еді, олар тұсына келіп:
– Кәне, сен енді осылай кетіп қал, – деген жесір еркектің дауысы шықты.
– Мен ертең келейін бе? деп сұраған келіншегіне, жесір еркектің:
– Керегі жоқ. Енді қайта келме. Сен оның келіншегі екеніңді ұмытуыңа болмайды, – дегені естілді.
Кеште кішкене ұл үйіне қайтпады. Мекеннің ұңғыл-шұңғылын түгел тінтсе де табылмады. Ертеңінде еркектер түңілікке қарай барып, ту сыртта, түңіліктің аузынан жеті-сегіз аттам жерде ғана қарға батып, қатып қалған мүрдесін алып келіпті.
Қар астындағы мекен екінші адамын жерледі.
Қыз сол қаралы күні жесір еркектің үйіне кіре сала сөзге келместен еңіреп:
– Мен сіздің әйеліңізді өлтіріп тастағам, – деген екен.
Сонан күйеуі түңілікке қарай кеткен кезде қатын-қалаштар үйіне жиналып, күйеуімен ерлі-зайыптылар ісін жасап жүргенін тектеп қинайтыны туралы, ең көп қинаған адам оның марқұм әйелі болғанын, ол бір жолы етегін күшпен ашып, ұятты жерін сипап көргені туралы жылап отырып әңгімеледі. Бұған дейін бір сөз айтып көрмеген, шала таныс ер адамға әлгі мүшесінің атауын айтқан кезде екі бұтының арасы ысып кеткендей болды.
– Мен қатты ұялдым. Сонан Құдайға жалбарынып, оны өлтіріп берші деп жалындым. Жалынғаныма орай сіздің әйеліңіз өліп қалды. Менің қателігім. Егер, мен Құдайдан солай сұрамаған болсам, бүгін сіздің әйеліңіз тірі болатын еді деп, қайтадан еңіреді.
– Сен шынымен әйелімді өлсе екен деп жалбарынып па едің?
– Мен мұндай жағдай болады деп ойламағам. Оны өлсе екен, деп тілемегем. Бірақ, шынымен де солай жалбарына салғам.
Жесір еркек әне-міне дегенше, жалбарына жығылғалы ыңғайланып отырған адам сияқты ебдейсіздеу тізерлеген қыздың қасына барып отырып, көзінің жасын сөлекеттеу сүртіп беріп,
– Сенен болған жоқ, қызым. Менің әйелім ұзақ жылдан бері жазылмас дертпен науқастанған болатын. Қыс болған сайын қалаға барып, емдедетінбіз. Ол емі үзілсе, жанына қауіп төнетінін дәрігелер де айтатын. Бірақ, биыл амалсыз үзді. Әйтсе де, марқұмның көңіл күйі көтерінкі болатын. Ол екеулеріңді шын ниетімен жақсы көретін. Дүниенің кіршіксіз таза болмағын сезіп, көруден өзге қызық жоқ сияқты. Әнтек, біз бір-біріміздің көкірегіміздегі тазалықты соншалық көре бермейді екенбіз, деді.
Осылай деп айтып отырған кезде, «Онсыз да қар ерісімен біз-барлығымыз да өлеміз» деген сөз тілінің ұшына орала беріпті.
Қыздың көңілі жадырап олардікінен шықты. Жесір еркек білте ұстап есіктің алдынан орталық дәлізге дейінгі аралыққа жарық түсіріп бергенде, қыздың бар ғұмыры дәл осылай жарқырап, жайнап кеткендей сезілген еді.
Енді міне...
Оның жалындаған жас тәні күйеуіне бұйырмай жатып-ақ, жесір қалды.
Мекендегілер түгелдей іштей тынып, үнсіз жүретін болды. Сөзшеңдері шыдамай, «Аяқастынан қайғыға тап болғанын» деп, байқұс қызды аяп, мүсіркейді. Қызды аяудың сыртында, «аяқастынан» деген сөздің астарында әлгі қалайда келетін үрейлі тасқын туралы қорқыныш тұрғандықтан, естігендердің түсі қашады.
Марқұм ұлдың үйімен екі әкесінің үйі іргелес отыратын. Бірақ, қыз қуыс үйін күзетіп отыруды жөн көргендіктен, қай-қайсысы да оны жайына қалдырды. Басқа не істемек, көктемді ғана күтіп отырған ел. Үрейлі көктемді ғана!
Қыз бір түні Құдайға қарата айтқан қорқынышты жалбарынысы туралы ойлап, өзі де байқамастан тыр жалаңаш отқа қарап отырып қалды.
Ер жігітіне де еншілетпеген пәктігіне саусақтарының ұшы бара бере, сол бір күні көзінің жасын сүрткен жесір еркектің сөлекет қолдары есіне түсті. Ол өзін ұстай алмай, не пәле жабысқанын, апыл-ғұпыл киінді де, қараңғы дәлізбен жүгіре жөнелді.
– Мен де жесір, сіз де жесір. Енді сіз сүйген әйеліңіздің орнына мені алыңызшы. Мен де, оның аруағы да осыны қалайды деп, қыз жалаңаштана бастады.
Жалаңаштану – адам баласының қатынасындағы ең нәзік, ең таза дүние емес пе! Жас тоқтатқан ердің мойынына жіңішке ақ білек жете бере, дымданған ерін аузына жармасты. Әлгі еріннен айыз қандыра өпкен тұста «Әлі күнге дейін... ештеңе көрмепті» деген марқұм әйелінің сөзі есіне түсті. «Ештеңе көрмеген» сол тұсқа қарай еңкейіп, терең тыныс алды. Сол таза иісті көкірегіне толтырып терең күрсінді.
Қыз өмірге сонша құштарланып жүрген бе, немесе әлде бір ойшылдың жазғанындай, «әйел адамның бар болмыс ерекшелігі тереңіне ұрық сұйықтығы ағып енген кезде ғана айқындалатын» болмағынан ба, алғашқы кездесуден-ақ дәміне дәнігіп кетіпті. Бұдан әрі бір күн де мұнсыз тұра алмастай сезілген тұста, еркек жанының озбыр қозғалысына айыз қандыра жұлмаланып жатып, марқұм күйеуін соншалық бір аянышпен еске алып мүсіркеп кетті. Егер, олар осылай етіп жүргенде, оның өліміне мұнша қайғырмауға болар еді.
Қыз нағыз еркекпен бір дене болып сіңгенше жұптасып жатып, өзінің кеудесінен өзгенің жүрегінің дүрсілін естіп қалып, жылап жіберді.
– Мұндай нәрсе болатынын ол көргенде ғой?!
Үш айлық ғана ғұмыры қалған адамдарға ұяттың қажеті жоқ еді. Қыз жесір еркектің көрпесіне сұғынып, келе жатқан сол күнді күтті.
Еркектер күнделікті түңілікке кетеді. Жесір еркекті неліктен екенін, барлығы да қадірлейтін болады. Тіптен, қыздың қайын атасы да оған соншалықты жылы қабақпен қарайды.
Мекендегілер тым аянышты күйде күнелтіп жатты. Мұндай қалың қар туралы көне ертегі аңыздарда да айтылмайтындықтан, ешқайсысының түсіне кірмеген мына жағдайға сене алмай отырып-ақ, дүниеден біржола қол үзіпті. Қалың қар оншақты күн түскеннен кейін іргелес, сәл үлкендеу мекенге қарай арпа-астық жеткізуге кеткен үш жігіт пен бірнеше түйе қайтып оралмады. Адамдар мен түйелердің соңынан түгелі шырақ жағыпты. Бір айдан бері белдіктерін буынып, қаншалықты бекінгенімен, айтарылқтай үнем болмады. Әуелден молынан дайындаған отын, жығып жинаған үйлердің уық-керегелерімен әр шаңырақ пештері қызып, қызғарғанынша отты өртеп, есесіне барлығы ашқұрсақ күнелтеді.
– Ал, ағайын-туыстар, біз осылай қол қусырып, күтіп отыра бермекпіз бе? Ұста ағай бірнеше тақтайды сүргілеп, жалпақтау етіп шаңғы жасап беріңіз. Екі-үш қарулы жігіттерімізді жіберейік. Құрығанда, қардың шеті көріне ме екен, білейік деп, әлде бірі айтып еді, тағы бірі:
– Жоқ, рас қой. Біз сияқты қашан өлеміз деп, жайбарақат отыратын адам болмас. Ақша-пұл, қатты бұйымдарымызды6 жинап беріп, бір неше адамды жіберейік. Тік ұшақ болсын, тауып келсін, депті.
– Тік ұшағыңның өзі қарға көміліп қалған шығар. Олай болмағанда, түңіліктің ауызына байланған анау ала шүберек ұшақтан көрінбей ме? Түңіліктен шығып қараған кезде ұшып жүрген құс көрінбейтін.
– Шындығында бір алып құс ұшып жүрген.
– Жемтік іздеген тазқара шығар...
Сонымен, ақыр соңында әр адамның әмиан, әр үйдің құнды деген дүниесін тірнектеп жүріп, жиыстырып, белбеуіне орап буынып, үш жігіт түңіліктен шықты. Олар да қайтып келмеді. Олардың соңынан шашатын сүт, шырақ жағатын май да қалмаған. Сондығынан мекендегілер ақырғы күнге дейін оларды күтті...
Әлгі үшеуі ұзаса, бір айда қайта орлуларына болатын еді. Мекендегілердің ойлағанындай, түгел әлем тұтасымен қарға басылып қалмаған. Егер де, олар түңілік қазып біткен күннің ертеңінде Ұста ағайға шана, шаңғы жасатып алып, сыртқа шыққан болса, жеті күн азаптанып, қардың шетін көретін екен.
Қалың қар мекенді баса бастаған дәл сол тұста іргелес мекеннен алыс емес жерден үсіп өлген керуеншілердің өлігін тауып алыпты. Түйелері үсіп өлген иелерін айнала қоршап, қар астында жайбарақат күйсеп жатыпты дейді. Күдерідей ерлердің қайғылы өлімін көзбен көрген құтқару тобы тұтас мекеннің жағдайын осылармен салыстырып, үш айға созылған іздестірулерін тоқтатыпты. Дәл сол тұста мекендегілер де түңілік қазып бітіп жатқан сияқты.
Әжептәуір ақша мен қомақты алтын-күміс, асыл бұйымдарды беліне байлаған үш жігіт осының барлығына көз жеткізгеннен кейін, өзара не деп келіскенін ешкім білмейді. Ол үшеудің бірі турашыл, келесісі оған тікелей қарсы мінезді кісі екен. Ал, үшіншісі басы ауған жаққа қаңғып жүретіндердің қатарынан. Соңғы екеуі бірігіп, әуелгісін құртып тастағанға ұқсайды.
Сөйтіп, мекендегілердің соңғы мүлкін еншілеген екеу қалаға сіңіп кетіпті. Қар ерігеннен кейін өлгендердің сүйегін үздік-создық тауып алып жатқаны туралы телеарнадан хабарлап жатқанда біреуі өзіне бұйырғанын түгелдей сарқып, ұрылардың қатарына қосылуға мәжбүр болыпты. Ал, келесісінің көңілі қош виски сораптап отырыпты.
Кейіннен, түрмеге түскенде дәл бір туған үйіне келгендей, көңілі жай тауып, алаңсыз ұйықтайтын болған әлгі кезбе бірде өзін «адамның сан еті адамға жабыспайтының таңдаулы мысалы менмін» деп атап, жазалылардың арасында бір қолдан келесі қолға өтіп, әбден жұлмаланған газеттегі атағы зор мәнсаптының суретін нұсқап:
– Ал мынау болса, адамның сан еті адамға жабысатынының мысалы, депті.
Әлгі ұрының айтуынша, атағы зор мәнсаптының аты-жөні басқа болған екен. Шын өтірігі белгісіз, осы бір суық тарих қазір көбінесе ойдан шығарылатын түрменің ауызша аңыздарының біріне айналыпты.
– Мен түрмеден шыға сала, оған хабарласып «Сон-ау жылдың қалың қарында» деген төрт сөзді айтсам болғаны, өмір бақи жейтін тамағыма қол жеткіземін деп әредік-әредік мақтанатын әлгі жігіт жас кезіндегідей бұзықтанбай, үн-түнсіз жүріп, жазасын толық өтейді. Оны Түрменің есалаңы деп келеке қылатын. Түрмедегі адамдар бұдан да өткен есуастыққа шалынып жатады.
Босатылатын күннің алдынғы кешінде Түрменің есалаңы:
– Кәрі ағаң ертең шығам да, қайта осында беттемеймін. Менің істеген теріс әрекеттерім өзімнен емес, қардан болған, деп күзетші жігітке айтыпты.
Бұған қайран қалған күзетші жігітке,
– Иә,солай. Қыс болғанда аспаннан түсетін ақ қар бар емес пе? дәл содан болған, деген дейді.
Ертеңінде таң алдында көз жұмыпты. Жүрек талмасымен. Сөйтіп, ол бейшора да түрменің есалаңынан мәңгі құтылыпты.
Бұл тарихты мен түрмедегілерден емес, анамның халін білуге асырау жеріне барғанда, сондағы бір аурудың ауызынан естігенмін. Аяқастынан не қылған ана, не қылған асырау жері шыға келді деп оқырманым сіз де таңғалып отырсыз ба? Хикаяның соңында мен оны түсінерлік дәрежеде жазатындықтан, біртіндеп анықталатын болар. Сол үшін қарлы мекенімізге қайта оралайық.
Мұндай хикаяда айтылатын кез-келген шағын мекеннен әлемнің тұтас бет-бейнесі көрінетіні заңдылық. Кез-келген мекенде өзіміздікі дейтін әнші, палуан, бай, және құтырық есуас адамдары болады. Алайда, қар астындағы мекенде бұлардан ешқайсысы болмады. Құтырық адам да, жарыса жүгіретін, жылап бақыратын бала да болмады. Мүмкін, сондығынан да бұл мекенге әдейі сондай тағдыр бұйырды ма екен?
Жалғыз-ақ күнде қар еріп, түңілік құлапты.
Мекендегілер Ұста ағайдың үйіне жиналып жыл басын қарсы алады8.
Тым құрығанда, бірде шақша9 қалмаған. Барлығы Ұста шалға барып, сәлем беріп, әйелдер көздерін жасырын сығымдап, ақырын сыңсып жыласты.
Ұста шошаласының есігін қайырып,
– Жә, мен қыс бойы отырып, бір қайықты зорға бітірдім. Негізі үлкен қайық, онға жуық адам сиып қалуы мүмкін. Бірақ, он адам отыз адамдық жылы киім, кемінде он күнге жетерлік азық қамдауы керек болады. Олай етпесек, мына қалың қардың қашан бір шеті сөгіліп, лап қояды деп күтіп отыра бермекпіз. Қайықты түңіліктен шығарып, алыстау апарып қойсақ. Соған ең жасы кіші екі-үш адамды отырғызып, жылы киімдермен қалыңдатып жауып тастасақ, мүмкін, аман қалар ма екен. Қалың қардың еруі де тез болады дегенді естігенім бар еді, депті.
Ұста ағай албаты ауыз ашпайтын адам. Көп сөзді бір жолда айтып салғанына демігіп қалды. Мекендегілер оны ерекше қастерлейтіктен, қалайда аударылып кетпейтіндей қайық болуы керек дегенге ешқайсысы күман келтірмеді. «Иә, екі адам болса да, аман қалатын болды» деп, біреулері қуанып, біреулері,
– Жоқ, Ұста ағай сіз өзіңіз істедіңіз, сіз қайыққа отырсаңыз әділ болады, десті.
– Е, менде не келесі жылға жететіндей жас қалды ма. Балалар отырғаны жөн емес пе, деп ұста шал ашуланғандай ишара білдірді.
Мекенде он төрттегі жесір келіншектен өзге бала атаулы болмаған. Сондықтан жиналғандар жамыраса қызға қарап еді, ұялып ыңғайсызданған ол есінен танып құлап қалды.
– Бүгінгі түн сенің мекенде болатын ең соңғы түнің. Әке-шешеңмен бірге болғаның дұрыс шығар деп, жесір еркек айтты.
– Мен өзімді әлгі қайықта да тірі қаламын деп ойламаймын. Осы түн туралы келешекте сіз екеуіміз де өкінбесек екен дегендіктен, келіп тұрмын, деді қыз. Осы сөздерді айтқанда ол кәді бір кәмелетке толған қыз сияқты көрінді.
– Келешекте дей ме?
Беу, шіркін! Жалаңаштану дегенің адамдардың қатынасындағы қандай аяулы дүние еді! Денеңе қарсы жынысты адамның денесі тию дегенің, егер, болатын болса, бірінің бірі көкірегіне кіріп кетердей ынтықтықпен, тағат таппай құшақтасу деген...
Осы түнді ғана мен «Қар романы» деп атаған едім.
Демек, шағын хикаятымның атауы болуға жарайтын-жарамайтыны туралы білмеймін. Жалпы, әлде бір әлемде осындай оқиға болғанын суреттеп жазып отырудың өзі есі дұрыс адамның шаруасы ма?..
Қыз қалт еткен қимылдың өзін мәңгі ұмытпастай есте сақтап алуға бар ынтасын салып, жесір еркек қалайда мына береген балғын денені көрмеуге көзін жұмып, оны кешікпей келесі дүниеде жолығатын марқұм әйелінің атымен атай берді.
Мекенде дәл қанша адамның қарға басылып өлгенін ешкім білмейді.
Ресми тіркеу де жоқ.
Тұрғындар туралы шынайы ақпарат тұрғындармен бірге, дәлірек айтқанда, мекеннің әкімдігінің құжатымен бірге жоғалыпты. Мемлекеттің орталық мұрағатында тұрған уақыты көрсетілмеген құжатта алпыс үш адамның аты-жөні жазылған. Бірақ, мұны да қалың қар түсерден мүмкін жеті немесе одан да көп жылдың алдындағы тізім дейді. Осы жеті жылдың көлемінде Жылға мекеніндегі тұрғындар саны қалай өскені неғайбыл.
Балалар сәл есейе келе мекенін тастап кететіндіктен, тіптен неше есеге азайып қалуы да мүмкін.
Негізінен мен осы тарихқа соншалықты қызығып отырғаным да жоқ. Мен жазушы да, тілші де емеспін. Өкініштісі, бұл туралы мен жазбасам, өзге ешкім де жазбайды.
Сонау жылғы қалың қардан үш-ақ адам тірі қалыпты. Бір шал, бір екіқабат әйел. Екіқабат әйел дегенің екі адам, сонымен үшеу.
Шал осы тарихты кішкене ұлға айтып беріпті.
Бірақ, ол шал әлгі шал ма, басқа шал ма, ол ұл әлгі екіқабат әйелден туған ұл ма, басқа ұл ма оны да мен білмеймін.
Несі болса да, менің кішкентай кезімде атам маған қар астындағы мекен туралы айтып берген болатын.
Атам бір тұрғыда сол ата болған, немесе әлгі екіқабат әйел атамның шешесі болған да сияқты.
Егер, атам өзі әлгі шал болса, тасқыннан тірі қалған екіқабат әйел менің шешем, одан туған ұл мен боламын емес пе?
Атамның жасы келген, құлағы саңырау, сөзі жақсы ұғылмайтын.
Мен де кішкентай болдым.
Егер, әлгі анасының құрсағында болған сәби келе-келе менің атам болған болса, қалың қардың тарихы бізден тіпті де алыстап кетеді. Қалайда, атам тірі қалған үшеудің бірі екені анық.
Демек, қайсысы болса да, қалың қар тарихы маған қатысты болып тұрғаны жоқ па?
Атам қайтыс болғалы көп болды. Мен қалай қайтыс болғанын еске түсіре алмаймын.
Негізі, есіме түсіруге күш салсам, болатын сияқтанғанымен, толықанды еске түспейді.
Шешем бе? Одан сұрауға менде әнтек, мүмкіндік болмады. Ес білген кезімде мені шешеммен кездестіруге қашасының ішінде биік-биік ағашы бар асырау жеріне алып баратын. Жастайымнан асырау жері деп айтып үйреніп қалғаным болмаса, анығында жындыхана.
Мен оны «шеше» деп те шақыра алмаймын.
Ол анда-санда шашыраңқы сөздер айтатын бірақ, оның арасында «қар» деген сөз тіптен естілмегендіктен, мен өзімді нақты кім болмағымды жақсы білмейді де екем.
Гунаажавын АЮУРЗАНА
Моңғол тілінен тәржімалаған Жүкел ХАМАЙ.
"Жұлдыз" журналы