Анамыз Сәуле Майшинова, қыз кезіндегі тегі – Мәметова, 1925 жылы 1 қазанда дүниеге келген. Әке...
«Сақиналар әміршісінен» «Тақтар таласына» дейін: әйгілі жазушылардың сүйікті кітаптары
Сіз Эрнест Хемингуэйдің қай авторды жақсы көретіні немесе кімнің шығармасы Стивен Кингтің жұмыс үстелінде болатыны туралы ойланып көрдіңіз бе? Біз сияқты атақты жазушылар да кітап сатып алып, оларды бір емес бірнеше рет қайталап оқиды. Қалай десек те, оқыған кітаптары жазушылардың қаламгерлік мәнеріне, сюжеті мен баяндау ерекшеліктеріне әсер етпей қоймайды. Тіпті өз жазған шығарманың оқыған кітаптарынан еш айырмасы болмай қалатын кездер де көптен кездеседі. «Мәдениет порталы» бірнеше атақты жазушының сүйікті кітаптарын жинақтадық.Бәлкім сіз бұл шығармаларды оқып, ұнатпаған болсаңыз, онда қайта оқуға себепші болып көрелік. Мархабат!
1935 жылы Хемингуэй Esquire журналына әр оқыған сайын бейне бір бірінші рет оқып жатқандай сезім сыйлайтын 17 кітап туралы айтты. Солардың ішінде Хэмингуэй өзінің әдеби кумирі Лев Толстойды ерекше атап өтеді. «Соғыс пен бейбітшілік» романы жайлы: «Мен соғыс туралы Толстойдан артық жазатын ешкімді білмеймін» дегені бар. Ендеше атақшы жазушының сүйікті кітаптары мынандай: Лев Толстой «Соғыс пен Бейбітшілік» және «Анна Каренина», Томас Ман «Будденбруктар», Эмили Бронте «Түнерген өткелдер», Гюстав Флобер «Бовари ханым», Иван Тургенев «Аңшының жазбалары», Федор Достоевскийдің «Ағайынды Карамазовтар», Марк Твенн «Геклберри Финнің оқиғалары», Шервуд Андерсон «Вайнсбург, Огайо», Стендал «Парма монастырі», Джеймс Джойс «Дублиндіктер», Уильям Йейтстің «Өмірбаян», Александр Дюма «Королева Марго», Ги де Мопассан «Буаз үй», Стендаль«Қызыл және қара».
Әйгілі «Лолита» шығармасының авторы Владимир Набоковтың сүйікті кітаптары көп емес. 1650 жылы америкалық телеарнаға берген сұхбатында В. Набоков ұлы әдеби шығарма деп есептейтін төрт-ақ шығарманы атайды. Олар, Франц Кафка «Құбылу», Джеймс Джойс «Улисс», Андрей Белий «Петербург», Марсель Пруст «Жоғалған уақытты іздеу».
Рэй Брэдбери болса көпке дейін өзінің сүйікті кітаптары жасырып келіпті. Тек 2003 жылы, 83 жасында ғана оқырман ретінде әңгіменің ұшын шығарған көрінеді. Америка жазушысы Эдгар Райс Берроуз болмаса,Рэйдің «Бақбақ шарабы», «Қош бол жаз», «Меланхолияға ем» және басқа шығармалары жазылмайтынын әлем оқырмандары сол кезде бір-ақ білді. Қария Рэй Берроуздың «Марс мырзасы» романы оған ерекше шабыт сыйлағанын, бір емес бірнеше шығарма жазуға арқау болғанын айтады. «Мен (романды оқып болғаннан кейін) көп ұзамай жаза бастадым. Еш тоқтаусыз жаза бердім. Барлығы, әрине, Берроуз мырзаның арқасында», - деді ол. Сондай-ақ оның сүйікті кітаптарының тізімінде: Лорен Ислидің «Джордж Бернард Шоудың эсселер жинағы», Герман Мелвиллдің Моби Дик шығармалары бар.
Стивен Кингтің сүйікті кітабы - Уильям Голдингтің "Шыбындар әміршісі". Философиялық астарлы әңгіме, яғни елсіз аралға түсіп, махаббат пен мейірім туралы ұмытқан баланың жанымен не болатыны туралы алалаушылық роман Кингке қатты әсер еткені сонша, ол оны өзі жазғысы келетінін бірнеше рет мойындады.Тіпті «Атлантидадағы жүректер» жинағында Голдингтің еңбектеріне сілтеме жасайды. Сонымен қатар автордың тағы бірнеше шығарманы сүйіп оқитынын айтады. Олар, Уильям Голдинг «Шыбындар әміршісі», Марк Твенн «Геклберри Финнің оқиғалары», Салман Рушди «Шайтани өлеңдер», Чарльз Диккенс «Суық үй» және Кормак Маккарти «Қан меридианы».
«Тақтар таласы» шығармасының авторы Джордж Мартин «Сақиналар әміршісі» кітабын өзінің сүйікті туындысы деп атайды. Алғаш рет мектеп қабырғасында оқыпты-мыс. Бірнеше жыл бұрынғы сұхбатында жазушы өз шығармашылығына әсер еткен тағы бір кітап туралы: «Мен «Он бірінші станцияныә көпке дейін ұмытпайтын шығармын» деп бөліскен болатын. Сонымен Джордж Мартиннің сүйікті кітаптары: Джон Рональд Роэль Толкиеннің «Сақиналардың әміршісі» және Эмили Сент-Джон Манделдің «Он бірінші станциясы».
Сонымен шолу мақаламыздың ең соңғы кейіпкері, әлемге әйгілі Гарри Поттердің авторы Джоан Роулинг. Оның сүйікті кітабы қандай деп отырсыз ба? Онда сіздің тағатыныңызды тауыспай бірден айтайын. Ол – Джейн Остиннің Эммасы. Бірнеше жыл бұрын Роулинг бұл жұмысты өзін басты кейіпкермен байланыстырғаны үшін жақсы көретінін айтқан. Бірақ бала кезінде ол Эдит Несбиттің «Қазына іздеушілерін» жақсы көргенін де тілге тиек еткен. Осы британдық ақын туралы ол: «Бұл мен өзімді ең жақсы танитын балалар жазушысы», - деген болатын.
Дайындаған madeniportal.kz