Парпария деген қай батыр? (толық нұсқа)

ӘДЕБИЕТ
3607

Бұл жырда Едігенің туған атасы Парпарияның қалмақ бас-қыншыларынан елін қорғау үшін жасаған ерліктері суреттеле-ді. Едіге Парпарияның немересі екені бізге жеткен эпостық туын-дылардың арасында «Қырымның қырық батыры» циклі мен ноғай-дың «Эдиге» жырында ғана айтылады. Мұрын жыраудың айтуы-нан жазып алынған «Парпария» жыры бізге екі нұсқада жеткен. Оның алғашқысын М. Хакімжанова, екіншісін жыраудың немере-сі Д. Сеңгірбаев хатқа түсірген. Бұл эпикалық туынды фольклор-танушы ғалымдардың ерекше қызығушылығын тудырды. Ол тура-лы Е. Ысмайылов, В.М. Жирмунский, Ә. Қоңыратбаев, Р. Бердібай, Қ. Сыдиықов, С. Қасқабасов және өзге де фольклортанушы ғалым-дар зерттеу жұмыстарын жазды. Е. Ысмайылов жырдағы бас ке-йіпкер есімінің этимологиясын ежелгі дәуірдегі Парфиян атты мемлекеттің атауымен байланыстырады. Ал С. Қасқабасовтың пайымдауынша: «Қырымның қырық батыры» тарихи тұтаста-ну барысында өмірде болған адамдармен қатар жырға шежірелік сипат беру мақсатымен өмірде болмаған кісілерді де сюжетке ен-гізген. Эпопеядағы Едігеге дейінгі батырлар тарихта белгісіз, тек Құттықия туралы болжамдар бар».

Томды баспаға дайындау барысында аталған екі мәтін салғас-тырыла зерттеліп, Д. Сеңгірбаев жазып алған нұсқа ұсынылды. Түпнұсқа Орталық ғылыми кітапхананың сирек кітаптар мен қол-жазбалар қорынан алынды (673-бума, 10-дәптер).

Баба Түкті — Парпарияның әкесі. Ол мешіті бар, әулие кісі болған екен. Парпария — оның жалғыз ұлы. Арада он алты жыл өткеннен кейін — он алты жасқа келгенде, сол елден Парпарияға әйел алып бере-ді. Әкесі — Баба Түкті әулиелігін құрып тұра береді. Парпарияның жасы жиырмаға толғанда — жазда ел қыстаудан жайлауға көшеді. Сол ел-мен араласып Парпарияның да елі көшеді. Парпария әкесі Баба Түкті ме-шітте қалатын болған соң, елін көшіріп жіберіп, өзі әкесіне қайта келеді. Әкесінің жанында он күн отырады. Бір күні қой баққан қойшы әкесінің мешітінің алдына келіп, былай сөйлей бастайды.

Сөйлегенде бүй деді:

— Баба Түкті піріміз, Қашып келдім мен, — деді, — Шамақан қалмақ елге келген соң, Бүлінді біздің ел, — деді, —

Не айла сен істейсің? Шамақандай қалмақ баласы Шауып кетті еліңді, Бүлдіріп кетті жеріңді.

Қасиетті піріміз, Амалын тап сен, — деді.

Баба Түкті пірлерге Қойшы келіп сөйледі.

Сол жауапты естіп,

Түрегеліп, балаға Баба түкті бүй деді:

— Түрегел, балам, сен, — деді,— Айла жауға ет, — деді. — Шамаң келсе, жан балам, Жіберме кекті сен, — деді,— Артынан қуып кет, — деді. — Қысылған жерде мен саған, Жалынсаң, жәрдем берермін.

Сонда тұрып Парпария Құла шұбар ат мінді,

Құм сағыздай созылған Ат құйрығын шарт түйді. Жалғыз да болса, кетуге, Ол қалмаққа жетуге, Артынан қуып жесірдің, Ерлік айла етуге Сонда жөнеп кетеді. Не салса да, көнерге, Шамақандай залымның Қайратын сынап көрерге. Жолға шығып кеткен соң, Жолдасы жоқ қасында, Астына мінген Құла ат Бір жылқыдан кем емес, Жануардың баласы. Ауыздығы қаршылдап, Табаны жерге тарсылдап, Найзағайдай алмасы. Беліндегі жарқылдап, Құлаша мінген аттары — Келе жатыр жануар Құйысқаны сартылдап, Аяқта алтын тағасы, Келе жатыр жарқылдап. Аузын ашып арандай7, Құлаштап8 адым ашады, Арындап аяқ басады.

Үндістегі Парпария Екі қолы қарысты, Құйын да емес, аң емес, Жылқыдай мал емес, Дариядай тасады. Кемер-кемер таулардан Әп-сәтте басып асады. Таутеке мен бұғылар Келіп қалса қасына, Кетерін қайда ол білмей, Қысылып, жаман сасады. Үндістегі Парпария Ен далаға көзді салады. Ел қарасы көрініп, Көз ұшында қалады. Атынан түсе қалады, Елге жақын барады. Аралап келіп ол жүрді. Ат-сайманын тасалап, Жағдайын барлап қарады. Бір жерлерге келгенде Шеткері тұрған күркеден Ызың дауыс ол есітті.

Сол күркеден Парпария әйелі мен бір қыздың дауысын естиді. Сонда қызға әйел былай деп отыр екен:

— Сұлтаным менің келер, — деп, Құдай бізге берер, — деп, — Жылама, Жарқын, жылама. Атаңа нәлет ит кәпір, Дегеніңді қыла алмай,

Баптан, кәпір, ал, — деді, — Етек-жеңі кең, — деді.

Сүй дегенше болмады, Парпария келіп қалады.

Құдай қосқан жарымен Әйелі тұрып, көрісті.

Әйелі сонда сөйледі, Ұстап тұрып қолдарын, Сөйлегенде бүй деді:

— Құдай қосқан қосағым, Аман-есен келдің бе? Арып-ашып жол жүріп, Оңғарғай Алла жолыңды! Айыруға жесірді Артынан қуып келдің бе?

Түн ұйқыңды төрт бөліп, Ат үстінде желдің бе?

Сонда Парпария сөйледі, Сөйлегенде бүй дейді:

— Елден шықтым мен, — деді, Білуге жүрмін шамасын Берік, осал елдерін, Шамақан залым қалмақтың Мекендеген жерлерін Қиратуға келемін

Сол қалмақтың қаласын. Айыруға келемін

Ноғайдың жесір, баласын.

Аралап елін көрерге, Қасарысқан ер болса,

Сазасын анық берерге. Сонда тұрып сұрады Айласын анық білерге.

Осыдан соң Парпария сол елді көру үшін тағы да қалмақтың елін ара-лап жүріп кетті. Шамақанның әкесі — Шаштөбені де көрді. Оның жи-наған ерлерін де көрді. Әбден сырын біліп алып, баяғы әйеліне келіп: «Шамақанның елін шабамын», — деп, бір-екі ауыз сөз айтады:

— Алла тілек оңдаса, Жолымды менің оңғарса, Ер жігіт тая шала ма?

Желге кетер мал үшін, Жерге тамар қан үшін, Жесір-жебір жан үшін?

Әйелі сонда сөйлейді:

— Жапанда жалғыз дарасың, Сарсыған сары қалмаққа Жалғыз қалай барасың?

Барып қайрат етерге, Мұнан барып, сен өлсең, Жолығармыз біз бейшара Мұнан да жаман бетерге1. Абайла, батыр, шамасын, Алуға шамаң жетер ме Мұнша халықтың баласын?

Сонда Парпария сөйледі:

— Тәуекел етіп қарайын, Қалмаққа таман барайын.

Кәуір9 10 болмас ағайын, Ер белгісін етерге.

Қорлық бізге болмай ма, Кек жіберіп жауға кетерге? «Келдім іздеп мен» деген, Ажал жетсе, өлермін, Ажалсыз пенде өлмеген.

Қолға алған сұр жебе, Атса, өтпей қалмаған.

Атаңа нәлет ит қалмақ Үстімнен дүбір өткізіп, Менен жесір алмаған.

Астыма мінген Құлаша Шабыстан ол танбаған.

Белге буған ақ берен11, Сермесе, кеспей қалмаған.

Қанша айтса да ит кәуір Теңім менің болмаған.

Ақ сүңгіні қолға алып, Отырмайын бөгеліп, Тиейін жауға, қозғалып.

Астындағы Құлаша ат Жал-құйрығын өреді.

«Барайын», — деп оңтайлап, «Барайын», — деп жүреді, Шамақандай қалмаққа Аттың басын қаратты.

Астындағы Құлаға

Қамшыны қардай боратты. Табандатып желеді, Дөңгелентіп келеді.

«Тәңірі берген қайратты Аясын ба?» — деп еді. Аттанған қалмақ мол болды. Жиылған сондай жандарға Байқасатын жол болды.

Қарсы келіп тұрады, Сонда Шамақан сөйледі:

— Әй, ноғай, ақымақ ноғайсың, Болуға жем оңайсың.

Біздің қалмақ ерлердің Құраған мұндай қолы бар. Қаңғырып жүрген ноғайдың Маңдайының соры бар. Шамақандай ерлердің Алдыңда құрған торы бар. Шаштөбедей ағам бар, Жаңылдырар тобам бар, Ажалың бізден келеді.

«Жалғыз», — деп сендей ноғайға, Ат-тонын жұлып алыңыз, Келді сорлы оңайға.

Сонда тұрып Парпария сөйледі:

— Әй, ит қалмақ, ит қалмақ, Алмай кетпен қалаңды, Шулатпай кетпен балаңды. Алмай кетпен еліңді, Сындырмай кетпен беліңді. Танытармын бабаңды, Жаңыларсың, әй, кәуір, Сиынып жүрген тобаңды. Басыңа қылыш тигенде, Танырсың сонда ағаңды. Ұстатармын жағаңды, Тарттырармын сазаңды. Қапы қалма, қалмағым, Тістелмесін бармағың. Жеңіл емес, ит қалмақ Сенің менен салмағың.

Ноғай менен қалмақтың Дос болғанын көрмедім. Абайсызда, ит кәуір,

Елімді менің шапқаның. Бермеу үшін намысты Артыңнан қуып келгенім. Алла тілекті оңғарса, Жекпе-жекке сен шықсаң, Басыңды сенің алармын, Еріңді отқа жағармын. Астыңа мінген боз тарлан Жетегіме алармын.

Осы айтқанды қылармын, Осы айтқанды қылмасам, Атадан тумай кетейін. Артыңнан қуып мен келіп, Алмай кекті, не етейін. Сенен кекті алмасам, Қаңғырып мен кетейін!

Сонда қалмақ сөйледі:

— Менің жерім сұрасаң, Айдынды көлдің жағасы. Шаштөбедей хандардың Шамақандай, байқасаң, Соның болған баласы. Аршындатып сөйлейсің, Берілер саған сазасы, Жетеді тез қазасы.

«Қапы қалма», — дейсің сен Кісідей-ақ жеңетін, Әлің қайдан келеді?

Шамасыз жерге шарпы ұрып, Қасыңдағы дұшпанның Алынып тұр мазасы.

Сонда тұрып, алысты, Ерегісіп бір-біріне, Ақ найзасы жарқылдап, Алысып, сонда қағысты. Белдегі алды беренді, Беренменен шабысты. Шамақандай қалмақтың Қайраты сонда көп екен. «Қасыма келсе ноғайлы, Жем қып жермін», — дер екен. Үстеріне киген ақ сауыт Парпариядай ерлердің, Кете жаздады намысы, Шамақандай залымың Алты жерден шанышты.

Сонда тұрып Парпария сөйледі, Сөйлегенде бүй деді:

— Жаратқан Алла, жан ие Кетірмесін намысты, Мен қысылдым, келе көр! Баба Түкті Шашты Әзіз, Асыраған әлпештеп Өсірген балаң қысылды, Жәрдем маған бере көр! Қолтығымнан демей көр, Жәрдемдесіп, жебей көр! Атадан жалғыз баламын, Қазам жетсе жаулардан, Тұяқсыз кетіп қаламын.

Сонда тұрып Парпария, Өзіне-өзі дем берді.

«Ақырғы демім кетсін», — деп, Жесір үшін өлуге Өзіне-өзі жөн көрді.

«Балдағы алтын ақ берен, Адыра сен қалдың», — деп, Тұрып сонда сермеді.

Өлейін деп тұрса да, Батырды ашу кернеді.

Кәміл пірі жар болып, Баба Түкті пірлері Айдаһар болып көрінді.

Сонда тұрып көп кәпір Ысырылды шеткері.

Айдаһар сонда ысқырды, Ен қалмақты тықсырды. Батырлар сонда қашады, Пірлері жәрдем берген соң, Ердің пысы басады.

Айдаһарды көргенде, Парпария батырдың Көңілі сонда тасыды.

Шамақандай залымның Айдаһарды көргенде, Кетіп есі танады, Іші күйіп-жанады. Парпария сонда ол тұрып, Садақты қолға алады.

«Қақ жүректің басы, — деп, — Өлерің сенің — осы, — деп, — Ажал оқтың тұсы», — деп, Керіп алып тартады.

Сонда қалмақ құлады, Құлап қалмақ қалғанда, Нар1 түйедей бақырды. Аузынан қаны атылды, Даусы жерді көшірді, Аузынан қаны атыпты. Сүй дегенше болмай-ақ, Парпариядай еріңіз Ақ найзамен бір түйреп, Сөйтіп үнін өшірді.

Жаудың беті қайтқан соң, Кетті айдаһар жоқ болып. Шамақандай залымның Жанған оты ол қалды, Күлге таяу шоқ болып.

Сонда қалмақ қырылды, Өзіне-өзі ұрынды.

Қалаға таман келеді, Қара қандар төгілді, Қаланың ішін қан қылды, Қырды сонда сан қолды. Қалмақтайын залымға Парпариядай жалғызың Қылыш сонда үйірді. Сонда тұрып қалмақтар Шеттеу жерге жиылды. Санын санап қараса, Тек екі жүздей жан болды. Шамақанның әкесі — Шаштөбе болды бастығы, Ноғайменен бар қастығы. Сонда тұрып, қарады Парпариядай жалғызға.

Әуелі Алла, екінші Пірлері болды панасы. Жаудың бетін жапырып, Сонда кетіп барады. Шаштөбедей залым хан Қылыш, найза асынды. «Алармын, — деп ойлайды, — Парпария, сенің басыңды». Тоғыз қабат темір сауытын Алды киіп үстіне. Киімін киіп, жамылды, Шамақаннан айырылып, Парпариядан кек алғанша Жүрегі қатты қабынды. Баладан жалғыз айырылып, Қанаты қалды қайырылып. Бұрылуға шама жоқ, Отырды ханың майырылып. Екі жүз кісі қасында, Дулығасы басында. Қабағынан қар жауды, «Аударады, — деп келеді, Жетпес қол бір тауды». «Кесейін», — деп келеді Үзілмес шынжыр бір бауды. Парпария сұлтан ханыңыз Жапырылған жандардан, Өтті кешіп қандардан. Байқалмай келіп қалыпты Далдалап кәпір бір тауды. Үстінен шықты Парпария Не екенін ол білмей, Тұра қалды батырың. Күрең шұбар ат мінген, Ат құйрығын шарт түйген, Үстіне темір көп киген Көрді сонда жау ханын.

Шаштөбедей залым хан Келіп, сонда сөйледі, Сөйлегенде бүй деді: — Әй, жас бала, жас бала, Елді мұнша бүлдіріп,

Дұшпаныңды қиратып, Тарпаңдайын1 таңданба. Ерегіссең менімен, Басыңды кесіп алармын, Түсіріп жерге, аяққа салармын. Үстіңдегі ақ сауыт

Омырауын айырып, Ат артына жабармын. Қолыңдағы ақ найза Омырып оны салармын. Ұстаған қолға беренің Оны да қолға алармын.

Бар қаруды алып ап, Басыңа ойын салармын. Шамақандай қылармын, Басыңды кесіп, жоярмын.

Ақ сүңгіні бір салып, Қаныңды ұрттап, тоярмын. Қасымда менің тұрғанда, «Бармын», — деп, бала, ойлама, Жоқ етіп сені қоярмын. Қандай, бала, ақылың? Ерегіссең менімен, Қара қанға малармын.

Тұрған емес ноғай қасыма. Ерегіссең менімен,

Қылыш тиер басыңа. Жолдасың да жоқ келетін, Өлгенде сенің қасыңа.

Мықты болсаң, қайдасың, Алғанда шауып қалаңды, Шулатқанда балаңды? Қалаңнан сенің мен шықтым, Жетім-жесір шулатып, Жамыраған қойдай дулатып. Естіп пе едің сен? — деді,— Сені де алған — мен, — деді. — Жетегіме аламын,

Ұқтың ба енді сен?! — деді, — Еліңді шапқан мен, — деді. — Батыр болсаң, кел, — деді, — Ойранымды көр! — деді.

Парпария сонда сөйледі, Сөйлегенде бүй деді:

— «Балам, балам», — дей берме, Сенің балаң мен емес,

Менің әкем сен емес. Шамақандай балаңды, Шулатқанда қалаңды, Мықты болсаң, қайдасың? Жасырынып далада, Батырлық сен айтасың. Ол айтқаның жөн емес, Алла тілек оңдаса,

Әулиелер жәрдем бұл болса, Ақ сүңгіні салармын, Қара қанға малармын. Асылымды сұрама,

Мен — ноғайдың баласы! Жалғыз келген ноғайдың Еліңе бүлік бұл салып, Алғанын жауды қарашы. Шамақандай балаңның Бергенмін оның сазасын. Алдырармын мазаңды, Кісімсініп сөйлесең, Берермін өлім жазаңды.

Екі жүздей батырың, Жалғыз да болсам, алармын, Табаныма салармын.

Шамаң келсе, кел бері. Жекпе-жекке сен келсең, Соғысып сенімен қарармын. Үстіңдегі ақ сауыт

Сауырына аттың жабармын!

Шыдамады бұл сөзге, Қылышын алып қолына. Өлімге байлап бастарын, Намыстың шықты жолына. Шаштөбе де ер еді, Парпарияның қасына Іркілмей жетіп келеді:

— Әй, ноғайсың, ноғайсың, Алуыма оңайсың.

Алысалық, кел, — деді, —

Шаштөбедей бабаңның Қайратын байқап көр, — деді. Сонда тұрып алысты, Жолбарыстай ыңыранып, Қарсы қарап шабысты.

Ақ берені жарқылдап, Аттары тізе қағысты. Қолындағы ақ берен, Майысып, о да қабысты. Қылышынан айырылып, Батырлар сонда қамықты, Найзаларын алысты. Біріне-бірі итеріп, Найза сонда салысты, Серпуіне шыдамай, Аттар жата қалысты. Парпария еріңіз Найзаны ырғап ендірді. Қалмақтың ханы — Шаштөбе Сол жағына құлады, Жаны шығып сұлады. Артындағы ерлері Алдында ханы өлген соң, Өлгенін көзі көрген соң, Қолынан намыс берген соң, Тұрып сонда, жапырды. Парпария оған қайыспай, Қайрат оған қылады.

Оң келгенін оң шапты, Сол келгенін сол шапты. Атаңа нәлет қалмақтың Талайын сөйтіп құлатты. Ашуы керіп батырдың, Маңдайы оның терледі. Қызған сайын ол батыр Құлаштап қылыш сермеді. Менменсінген ерлерді Тек бұтадай көрмеді. Астындағы Құлаша Қашқан жауға жетеді. Ақ сүңгімен бір түйіп, Қасынан оның кетеді, Қалаға қарай қуады. Қалмақтан шыққан ерлердің Басына күн туады.

Тірі қалған қалмақты Қалаға әкеп қамады.

Жеткенінше қырады, Кетерін қайда ол білмей, Қамалып шіркін тұрады. Қалмақ босқын табады, Жалғыз өзі Парпария Қалмақты қуып сабады, Бәлеге қалмақ қалады. Астындағы Құлаша Найзағайдай ойнады. Қашып кеткен қалмақты Артынан қуып жетеді, Жетіп, одан өтеді, Басқа жерге кетеді. Қалаға бәрін қамады, Қашуына таппай жер, Сонда тұрып қалады. Қайта келіп Парпария, Алдына шығып қалмақтың, Сонда оған сөйледі:

— Мұсылман дінге кір, — деді, Мұсылман болып жүр, — деді. Айтқанымды қылсаңыз, Тимеспін саған мен, — деді. — Дегенімді қылмасаң, Айтқаныммен жүрмесең, Салайын ойын мен, — деді, — Ойынымды, кәуір, көр, — деді.

Сонда тұрып қалмақтар:

— Кешір, батыр, сен, — деді, — Абайсызда іс істедік,

Еліңді сенің шапқанбыз. Қасарысып, қабыспа, Дініңе кірдік біз, — деді, — Дегеніңді қылармыз, Айтқаныңмен жүрерміз. Сізге кәуір қас қылса, Кескілесіп өлерміз, «Барам» деген жеріңе. Аларсың әскер сен, — деді.

Сонда тұрып Парпария, Қалмақтар тартты сыйлықты. Ислам дінге көндіріп,

Баяғы жеріне, Әйеліне келеді. Үйдің келіп тұсынан,

Сонда сөйлей береді:

— Айналайын алғаным,

Сау-саламат бармысың,

Аманбысың, саумысың?

Сонда алғаны — әйелі үйден жүгіріп шығып, Парпарияға сөйлейді:

— Айналайын алғаным, Шырын, шекер, бал татқан. Қынай белім шешілген, Ибалықпен сөйлеп сөз, Наздықпенен қосылған. Аман-есен келдің бе? Атаңа нәлет кәпірдің Қайраттарын көрдің бе, Сазасын иттің бердің бе? Шамақандай залымды Өлтіріп, қызық көрдің бе? Әкесімен өлтіріп, Алдың ба жанын кәуірдің? Елге қашан қайтамыз, Ата менен ананың Қашан жүзін көреміз? Жолығып, жауап оларға Біздер қашан береміз? Жесірлікке түскен біз сорлы Сағындық қайран халықты. Сонда тұрып Парпария, Ата-ана еске түскенде, Ақ найзаға сүйеніп, Өксіп-өксіп қамықты. Қиындық көріп жерлері Есіне түсіп жабықты. Өзіне-өзі дем беріп, Жылауын басады. Алғанымен қосылып, Жабыққан көңілін ашады. — Тарықпашы, алғаным, Қалмақты қасқа алармыз. Ата менен анаға Біз де тездеп барармыз. Аға менен інінің Алдында жүріп көрерміз.

Қайын жұрты — халқына, Қамықпа, батыр, қамықпа, Біз де сәлем берерміз, Салтанатпен жүрерміз.

Сонан соң қатынын тастап, өзі қалмаққа барып, жолдас алып, еліне қайтпақ болады.

Қалмаққа таман барады, Сол қалмақтың ішінен, Елі дінге келген соң, Жолдас қылып қасына Жүз кісі алады.

Әйеліне қайта ол келіп, Еліне қарай жол тартты. Асты сонда белдерден, Асты және таулардан. Бір күндері болғанда, Еліне сонда кепжетті. Мешітіне атаның Парпария сонда барады. Атасы шығып алдынан, Сонда сөйлей береді, Сөйлегенде бүй деді:

— Аман-есен келдің бе, Айналайын жан балам, Айырдан19 туған нар балам? Аман-есен тұрады Мекендеген бұл қалаң. Қалмақ итті алдың ба, Еліне ойын салдың ба? Сол кәуірдің еліне Өзің жалғыз бардың ба, Еліне ойын салдың ба? Елін көндіріп, Айырып жесір алдың ба?

Сонда тұрып Парпария Атасына сөйледі, Сөйлегенде бүй деді:

— Ата менен анамыз, Аман ба, туған қаламыз, Сау-саламат бармысыз? Айырып жесір мен алдым, Шаштөбе мен Шамақан Кесіп басын мен алдым. Елін дінге көндіріп, Мұсылман болып ол қалды.

Атасы мен баласы Қойдай маңырап көрісті. Сонда бір қалмақ сөйледі:

— Мінгені Парпарияның көк-ті, — деді, — Қалмақты көк бауырдан төкті, — деді. — Кешегі Шамақан мен Шаштөбенің Сүйегін жалғыз бала сөкті, — деді.

Ноғайға салды қабарға, Халықты жиып ол алып, Той-думанды сыйларға Келді ноғай жиналып.

Тоғыз күн ұдайы тойын қып, Он екі күн ұдайы ойын қып, Кеткен анау жесір-ді, Ел-жұртымен қосылды.

Парпария ерлердің

Әуелі жауға аттанып, Айырған жері осы еді.

ruh.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...