«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған...» атты республикалық онлайн-мүшәйрасын өтеді

ӘДЕБИЕТ
3330

Баянауыл аудандық әкімдігі мен «Мәдениет порталы» ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болған...» атты республикалық онлайн-мүшәйрасын жариялайды.

Мақсаты

Ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыров бейнесін жырмен сомдап, қысқа ғұмырында қараңғылықтың кегіне күн болып сәуле шашқан кемеңгер тұлғаның ерен істерін дәріптеу. Рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-өрлік құндылықтарымызды ұлықтап, жастар арасында кеңінен насихаттау.

Шарттары

  • Қатысушы «Мәдениет порталына» тіркеліп, өлеңдерін өзі орналастырады;
  • Өлеңдер бұрын еш жерде жарияланбаған болуы тиіс;
  • Өлеңдер 2018 жылдың 1-шілдесіне дейін «Мәдениет порталында» онлайн түрде қабылданады;

  • Онлайн- мүшәйраға 35 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады;
  • Қатысушы ақын берілген тақырыптар бойынша 3 туындысын ұсынады;
  • Көркемдігі төмен шығармалар жарияланбайды;
  • Онлайн-мүшәйра қорытындысы мен марапаттау уақыты «Мәдениет порталында» қосымша хабарланады.

Ұсынылатын тақырыптар

1. Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған бір өлең;

2. Баянауыл жайлы бір өлең;

3. Еркін тақырыптағы бір өлең.

Жүлде қоры

Бас жүлде біреу – 200 000 теңге.

Бірінші орын біреу – 150 000 теңге.

Екінші орын екеу – 100 000 теңге.

Үшінші орын үшеу – 75 000 теңге.

Арнайы сыйлық үшеу – 50 000 теңге.

«Мәдениет порталының» Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы арнайы жүлдесі.       


Онлайн-мүшәйра қорытындысын шығару

  • Байқау қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады;
  • Қазылар алқасының құрамына елімізге белгілі ақындар кіреді;
  • Қазылар алқасының құрамы төрағадан және мүшелерінен тұрады; 
  • Қазылар алқасының жұмысына төраға басшылық жасайды, шешім шығарады және қазылар алқасының шығарған шешімі үшін жауапты болады;
  • Қазылар алқасы «Мәдениет порталында» онлайн дауыс береді;

  • Қазылар алқасының хатшысы тағайындалады;
  • Хатшы қазылар алқасының шешімі бойынша хаттаманы рәсімдейді. 
  • Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.
  • Онлайн-мүшәйра жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

Онлайн-мүшәйраға өтіңіз

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...