Миллион кімге бұйырады?

Жаңалықтар
1412

Астана қаласы «Қазанат» ипподромы аумағында орналасқан "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің концерттік залы 22 маусым 2018 жыл, сағ.: 16.00

Бүгінде мемлекеттік тілді насихаттап, тілге қатысты өзекті мәселелерді көтеріп, оны нәтижелі шешуге арналған арнайы зерттеу жасап, үнемі аянбай еңбектеніп жүрген журналистер қаншама? Осындай жан-жақтылықтарының арқасында қазақтың тілін дамытуға және насихаттауға зор үлес қосып келе жатыр. Олардың еңбектері де еленбей қалып жатқан жоқ. Әсіресе, жыл сайын дәстүрлі түрде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің мемлекеттік тапсырмасымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауы өтеді. Байқауға қатысушы журналистер 4 номинация бойынша марапатталады. «Үздік мақала», «Үздік телебағдарлама», «Үздік радиобағдарлама», «Үздік сайт мақаласы» бойынша үздік танылған журналистердің еңбегі бағаланатын болады. Осы номинациялардың ішінен үздіктердің үздігі атанған журналиске 1 млн теңгенің сертификаты табысталады. 1-орынға 500 000 тг көлемінде, 2-орынға 350 000 тг, ал 3-орынға 150 000 тг көлемінде ақшалай сыйлық беріледі.

Үздік деп танылған мақала, телебағдарлама, радиобағдарламаларды елімізге белгілі қаламгер журналист мамандардан құрылған арнайы қазылар алқасы сараптады. Республикалық конкурсқа үміткер журналистерден 200-ге жуық материал келіп түсті. Ережеге сәйкес ел аумағындағы БАҚ-та жарияланған журналистік еңбектердің мазмұны мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту, мәртебесін нығайту, тілдік ахуалды талдау және оған мониторинг жүргізуге бағытталған.

Осыған орай, Үстіміздегі жылы 22 маусымда Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күніне орай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының қатысуымен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» атты республикалық байқаудың қорытынды салтанаты, сондай-ақ 2018 жылғы мәдениет, спорт, туризм, тіл салаларын бұқаралық ақпарат құралдарында жан-жақты насихаттауға үлес қосқан журналистерді марапаттау рәсімі өткізіледі.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті және «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруда. Марапаттау рәсімі Астана қаласы «Қазанат» ипподромы аумағында орналасқан "Этноауыл" ұлттық-мәдени кешенінің концерттік залында өтеді. Мемлекеттік тілді тірек еткен журналистердің үздігін бірге анықтайық. Келіңіздер, көріңіздер!

Байланыс телефоны: 8 (7172) 74-04-97, 74-14-97, 27-98-36, 8-702-478-97-03, 8-701-897-50-47.

tilalemi.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...