Сая СЕРІК: Мен қаламын тамшысында жасыңның...

ӘДЕБИЕТ
2725

***


Тоқ болса да тоймайтұғын көңілі,
 Қайран шағым, 
«сүт емем» деп жылаған.
 Ана өзіңнен алыс қала өмірі,
 Жолы қиын, тайғақ әрі бұралаң.

 Мейірімге қанып өскен балаңның,
 Байқалама көрсеткені жат мінез?
 Ана мынау адамдары қаланың,
 Тасбауыр ма, әйтеу
, білмейм қатігез.

 Мынау жолым сынақ па екен төзімге,
 Сенсіз маған қиын өмір сатысы.
 Қиындықты есептеймін, өзіңе,
 Қарсы шыққан күндерімнің ақысы.

 Күлмейтұғын, бәрі ашулы, біртүрлі,
 Мына адамдар сұсты, ағаштай қураған.
 Айналаңа шашып нұрлы күлкіңді,
 Аман жүрші, Мама, сенен, сұранам!


***

Мен сізді бəлкім ұмыттым дермін,
Ұмытқан болып алдыңда.
 Біртіндеп үзіп үміт гүлдерін,
 Жеңілдеп соған қалдың ба?

 Ұнатып қатты тұрғанмен қанша,
 Білемін сізге қош дедім.
 Сағыныш хатын жазған болсаңда,
 Кім білед, мүмкін дос көрдің?!

 Көнсемде үнсіз жүруге қазір,
 Сенген ем сізге алаңсыз.
 Іздемей ғұмыр сүруге əзір,
 Сезімсіз қандай адамсыз?

 Білмеймін əйтеу сезімнен бе екен,
 Көңілім қалып барады.
 Кездесу бізге кезі келмеген,
 Тəңір де соны қалады..

***

Түнмен жалғыз қалдырмашы мені Күн,

Өз ойымнан өзім қатты жерідім.

Күннен-күнге кеміп бара жатқандай,

Адамдарға деген менің сенімім.


Неден үміт күтіп жүрмін білмедім,

Қаңыраған құмырадай күйдемін.

Жүрегімде гүл тұрғанда жайқалып,

Мен біреуді үнсіз ғана сүйгенмін.


Білсемдағы қиналарын жанымның,

Келмейді еш заңдылыққа бағынғым.

Айналама білдірмейін десемде,

Шынымды айтсам ол адамды сағындым.


Таусылары болатындай төзімнің,

Келеді екен кезі қалар көңілдің.

Өз ойыммен жеке қалғым келмейді,

Түнмен жалғыз қалдырмашы мені Күн...


***

Сізді күткен күнді кім толықтырады?

Неге уақыт тағы бір жолықтырмады?

Сіз жылытқан қолдарым сол күннен бері,

Тоңып тұр әлі.


Бақытымды сұраймын енді мен кімнен,

Сіз деп талай түндерде егілгем білем,

Сізге қарай қамқорлық іздеген болып,

Ентіге берем.


Сізді көргім күн сайын келседе қанша,

Қайтам жолмен үйренген теңселе баса.

Мен ештеңе жасайда алар емеспін,

Санам аңқау жүректі еңсере алмаса...


***


Тағдырыма жазған адам кім дермін,

Бәрін тастап келіп кетед сізге ергім.

"Маxаббатты жоқ" деген соң адамдар,

Сізденде мен күдерімді үзгенмін.


Сезім отын өзім үрлеп күл еттім,

Жасырамын бір шетіне жүректің.

Енді маған өзім үшін ғұмырда,

Қатігездеу жанға айналу керекпін.


Сіз ендігі дұғамдасыз жасырын,

Мен қаламын тамшысында жасыңның.

Ұшқыны боп қала берем дұрысы,

Қатал, суық "Жүрек" дейтін тасыңның.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...