Сайлауалды көзбояу (әзіл әжуа)

ӘДЕБИЕТ
3404

Президенттік сайлау алдында, сайлауға үміткер болған кандидат көкем кенеттен қайтыс болып, о дүниеге барыпты. Жәбірейіл қарсы алады да: "Сіздей қадірлі адамды қайда жіберерімді білмей тұрғаным, бір-бір күннен тозақ пен жұмақты аралап көріңіз, ұнағанын таңдарсыз?!" - дейді. Марқұм көкем келіседі. Бірінші лифтпен тозаққа түсіреді. Құлпырған жазықта кіл галстук таққан шенеунік шулап, құшақ жая қарсы алады, гольф ойнатады, шарапқа тойдырады, той жасайды. Ол тойға ібілістің өзі асаба болып, президенттен үміткер ағамызды жер-көкке сыйғызбай мақтайды. Көңілі тасыған көкетай бір күннің қалай өткенін байқамай қалыпты. 

Жебірейіл келіп, лифтпен жұмаққа алып кетеді. Онда барса сарқыраған кәусар бұлақ, сыбызғы сызылтқан хор қыздары, мәуелі ағаштар, өте сыпайы, сабырлы адамдар... Бірде бір танысын таба алмаған дөкең зерігеді. 

Бір күн өткеннен кейін Жебірейіл келіп:

 - Қайсысын таңдайсыз? - дейді.

- Жұмақ жанға жайлы, әдемі екен, бірақ, тозақта көңілдірек, соған барайын,- депті. 

Періште жымиып:

 - Қалағаныңыз болсын - деп қайтадан лифтпен төменге түсіріп жібереді. 

Лифтің есігі ашылып қалса, күйіп кеткен дала, кепкен жердің топырағын бұрқыратып қазып жатқан, үсті-бастары кір-қожалақ шенеуніктер... Кандидат көкемнің алдынан ыржиып ібіліс шығады.

 - "Бұл қалай, кеше ғана бұл жер керемет еді ғой - деп, сасқалақтаған ағама, ібіліс:

 - "Е, кешегі ме, ол сайлауалды шара болатын, соның арқасында сен бізді таңдадың" - деп, желкесінен сүйрей жөнеліпті7

Ася Асеткина

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...