Жазушы әрі ғалым Мұхтар Мағауин сексен жасқа толып жатыр. Менен бір курс жоғары оқыған онымен дос-жа...
Самуэл Барклай Беккет: Мерфи (I бөлім)
1703
Самуэл Барклай Беккет (13 сәуір 1906 жыл – 22 желтоқсан 1989 жыл) — Ирландиялық жазушысы, драматург, ақын. Әдебиеттегі модернизмнің белді өкілі. Абсурд театрының негізін қалаушылардың бірі (Евгений Ионескомен бірге). Ол 20 ғасырдағы әлемдік драматургиядағы атышулы туындылардың бірі «Годотты күту» пьесасының авторы ретінде дүниежүзілік танымалдыққа ие болды. 1969 жылы Нобель әдебиеті сыйлығы берілді. Беккет бірнеше тілді еркін біліп, бірнеше тілде еркін жазған әлемдік әдебиеттің ең ықпалды тұлғаларының бірі.
Күні қашнда тек жалқы дүниеде нұрланып, жарқырайды, себебі оның басқа әлемі жоқ. Күн астында да күйбеңнен басқа жаңа ештеңе жоқ. Мерфи бүгін өзін соншалық еркін сезініп, Лондонның Вест Бромптон маңындағы Бала-Иса даңғылындағы тар бөмеде қапырық күн ыстығынан қорғалақтап отыр. Ол ұзын-ырғасы алты ай бойы осында, Оңтүстік-шығысқа бой созған ғимараттарға төбеден қарайтын, Солтүстік-батысқа көсіле жайылған орташа биіктіктегі ғимараттардың төрт қабырғасы ішінде жеп-ішіп, жатып-тұрып, әдеттегідей өмір сүріп жатқан. Көп ұзамай жаңа тәртіпке көшуі керек, себебі бұл өмір сүріп жатқан мынау тұйық соқпақ (көше) қиратылмақ. Енді бұған өзіне мұлде жат бір әлемде жеп-ішуді, жатып-тұрып, ұйықтап, киінуді үйренуі керек-ті. Тербелгіш арқалы орындықта жалаңаш отыр. Нағыз тик ағашынан жасалған орындық сықыр-шиқылдан, әлденендей құрылыс ақауларынан да ада, қауіпсіз. Өзіне тәуелді, айырылмас досындай. Бұл отырған бұрыш-алаңқайға тыстан жылтыңдаған бейшара күн сәулесінен қорғау мақсатында перделер тартылған. Осы бір арқалы орындықта ағашқа оратылған жыландай сіресіп қана отырған. Ілезде өн-бойынан тер бұрқады. Тек баяу тыныстағанын сезді. Шағаланікіндей ғана суық, қимылсыз жанары карниздің қаңылтырында әлсіреп, бұлдырап көрінген ала даққа қадала қарап қапты. Бөлменің әлде бір тұсынан жиырма-отыз рет шырылдаған көкек (дауысты) сағаттың үні біртіндеп саудагердің айғайының жаңғырығына айналды. Бірден жаңғырық тоқтап, айқай күшейді, тұйық көшеге жетті әрі Мерфи мына сөздерді анық естіді: Quid pro quo! Quid pro quo! Әдетте, ол мұндайды ұнтата қоймайтын. Күн көзін көлегейлеген не, анау көшеде сатылып жатқан сірә не деп өзіне сеніміз сұрақ қойды. Сенімсіз, соншалық әлсіз кейіпте ернін жыбырлатты. Орындықты осылай отырған бұған рахат сыйлайтын. Әсіресе денесін рахаттандыратын. Сосын миын, ақылын жайландыратын, өзін еркін сезіне бастайтын. Тәні рахаттанбай, ақыл-ойы да еркінсіне, өмір сүре алмас еді. Сонда ғана қиялындағы өмір оты да оған тыныштық сыйлайтын. Мерфи осыдан біраз бұрын Ирландияның Корк атты қаласында Нери есімді біреуден білм алды. Ол кезде Нери жүрек қағысын қалаған уақытта тоқтатып, өзі белгілеген уақытқа дейін соғуын тежеп тұра алатын. Тіпті, бірде, "қарыншалар" «Габанда тұрыңдар! Құлақшалар, сендер Аялон маңында тоқтайсыңдар», деп әмір бергені есінде. Үндістанда көп жылдық тәжірибе нәтижесінде ие болған осынау ерекше қабілетін шарап ішкісі келіп ішпеген кезінде, немесе Ирландиялықтардың арасынан қашып құтыла алмай қалған кезде, болмаса жыныстық құмарлықтан зарар көрген сәттерінде ғана, яғни шарасыз, қиын жағдайлар болмаса, әдетте қолдана бермейтін. Нериды айналсоқтаудағы мақсаты, оның осы қабілетін меңгеріп, иелік ету үшін емес еді; себебі мұның Мерфи сияқты біреуге тек зарар берері анық болатын, тек сол уақытта пифагоршылар ағымындағы Неридың біртектілік деп атаған ізгіліктің бір бөлігіне қол жеткізуге үміттенді. Мерфидың ет жүрегі де ерекше боп шықты, ешбір дәрігер атаулы қырына барып, сыр аша алмады. Барлап-бақылап тексергенде, рентгенография, кардиографяға түсірігенде де сап-сау көрінген. Бірде кенеттен қағысы барынша әлсіреп, тоқтап қалғандай әсер берсе, бірде атқалақтап, жарылардай боп Мерфидің өзін де шошытатын. Неридың меңзегені де осы қалыпсыздық еді. Нери Мерфидың жүрегіндегі осынау қарама-қайшылықтарды түсіне бермейтін. Айырылсар сәттерін де ұмытпаған. Бірден Нери ұйқылы-ояу атып тұрып былай деді: «Мерфи бүкіл өмір – бір күрделі күресін және осы үйіндіден өзіміз көріп, таңдап алған кескіндерден (суреттерден) тұрады». «Ұзақ айналым», деді Мерфи жайдақтап. «Алдымыздан қақ жарылған қарақұрым топ, кескіндер үйіндісінен таңдайтынымыз да ондаған, жүздеген қиындыдан құралған бүтін. Тап қазір Дуйер ханым есіме түсіп отыр». Мерфи де Кунихан есімді бір ханымды есіне алды, Нери жұдырығын түйді де қос қолын бұлғақтата жоғары созды.Сосын «Дуйер ханымның махаббат-ықласына тіпті бір сәтке болса да бөлену, мені соншалықты бақытты қылар еді», деді. Аппақ, тарамысты терісінің астындағы тамырлары әдеттегідей анық көрінді. Артынан қос құлашы екі жаққа айқара ашылды: бұнысы бірдеңеден бас тартртақандағы әдеті. Бұл Мерфиге кездейсоқ бір қарекеттің хабаршысындай келді. Нери жұдырығын қатты түйіп, бар күшімен кеуде тұсына қайта түсіргенде Мерфидың бір түрлі жаны жүдеп қалды. «Жарты сағат. Он бес минут». «Иә, сосын?», деді Мерфи. «Жалғасты жолыңмен жүре бересің ба?». «Күліп, қылжақ санарсың, бірақ мен үшін тап қазір Дуйер ханымға қатыссыз басқа ештеңенің де мән-мағынасы жоқ», деді Нери. «Пішінсіз, іші бос, бір сүркейлі кеңістікте қамалған жалғыз бейне!». Пассагелдегі Вест есімді ханымға деген ыстық көңілін жасырмаған Баллинкклашеттік Педер Фитте Рингсакиддилық Фаррене ханымға да ғашық, әуе лейтенанты, механизатор Эллиманы сүйген Дуйер ханымға деген Неридың сезімі де осындай еді. Нери: «Өзара сүйіспеншілікті бас-басына қалып, оңаша тұйықталумен салыстыра аламыз». «Жиіркенішті формадан ада дей алмаймыз», деп қарсылады Мерфи. «Адамды үзіп, азаптайтын махаббат; ғашық тілін ынтықтыра түсу үшін уланған саусақ ұшын аңсаттыратын махаббат сізге мүлдем жат, Мерфи». Мерфи, «Бір Грек тәрізді жат», деп сабақтады. «Басқа бір тұстан жанап келіп, шулы қараңғылықты тесіп өтетін жалқы, жарқын, қою дақ», - деді Нери. «Дақ – ең дұрысы атау». «Солай, солай», деп Нери сөзін сабақтады: «Енді мені мұқият тыңдағайсың. Ғашық болмауыңның себебі не болса, о болсын, өміріңде Кунихан есімді бір ханым бар емес пе, Мерфи?». Шынымен де Кунихан есімді бір сұлу барды. Шаттана «Тамаша» деді Нери. «Енді, осы Куниханмен араларыңдағы байланыс хакында не дейсің». «Алып бара жатқан ештеңе жоқ, енді. Әдеттегі нәрсе ғой. Коркта болған жағдай». «Жақсы. Мен сияқты сүйіп, ғашық болмауыңа мынадай жүрек қағысының әлденедей әсері бар ма, әлде басқа бір кілтипан бар ма, қалай...». Мерфи, «себеп болғанда, енді», деп қипақтап қалды. «Сен үшін не істей алмын, қолымнан бірдеңе келер ме». «Жанымзды құдай жарылқасын», деген Мерфи. Орындықтың тербеткіш жібін жетерінше тартты да, отырғыш тақтайдың төріне шөге қалды. Quid pro quo-лар базарланатын, күн бір пішінде екі рет бата алмайтын мынау алып әлем біртіндеп қараңғылық қымтанды, соңынан өзін барынша еркін сезіне алатын өз мекеніне (алтыншы кеңістікке) жайғасты. Құлағының түбінен баж еткен телефон дауысы келе қалды. Бірден тұтқаны көтеру керектігін түсінді. Егер қазір тұтқаны көтермесе, үй иесі болмаса басқа бір пәтер жалдаушы жетіп келуі мүмкін. Есігі құлыптаусыз болғандықтан мұны осы күйінде қарсыламақ. Шындығында, есікті құлыптаудың да пәлендей мәні жоқ-ты. Онсыз да бөлме қирап, есік топсасымен бірге билеп тұр. Басқа, тағы бір телефон да бар. Әрі үй қожасы бірнеше рет ескертсе де Мерфи оған құлақ асапаған. Соңғы рет мұнда баяғыда-ақ сұлулығының дәурені көшкен бір жезөкше тұрған. Шашын қызылға бояған. Жастық шағында қолданған мынау телефон да соның көз қуанышы болатын. Тек баяғыдан таныс бір тұтынушы қонағы (клиенті) хабарласқанда ғана қалтасынан ақшаның ұшы қылтиып қалатын. Сондай сәттерінде тірліктегі кересіз қажеттіліктерінің төлемін жасайтын. Мерфи әлдеқандай азаптың шеңгеліне түскендей жайланып отыра алмады. Баспалдақтан үй иесінің немесе бір "қарақшы" жалдаушының сумақай аяқ тықылын естігендей сезінді. Телефонның да жайлап ұлығаны – мұны мазақ еткендей. Ақыры қолын созып, тұтқаны бас салды да, жерге тастай бергеннің орнына кенет құлағына апарып тынды. «Құдай сазайыңды берсін», деп жауап қайырды. «Берсін»,деді. (Ар жағындағы Селияның дауысы еді) Тұтқаны тізесінің үстіне қойды. Тәні Селияны ынтығып аңсаса, жаны әйел ойына оралағанда бұзылып, іріп сала берген. Әйел дауысы бүтін тәні, ой-бойына жайлай еніп, лаулаған жалынша шарпыды. Біраз тыныстап, тұтқаны қайта қолына алды. «Қайтып келмейсің бе, енді? ». «Сұрағаныңды алдым». «Ұқтым». «Оны емес, маған тапсырғаныңды... ». «Нені меңзеп тұрғаныңды білдім». Әйел, «алғаш реткісі сияқты деймін саған, бүгін ақшамда көшенің бұрыш-алаңқайна кел, апарамын», деді. «Қашан? » Селия, «тура алғашқы кездегідей», деді. «Болмайды, бір досымды күтіп отырмын». «Досың жоқ қой сенің». «Иә, досым дей алмаспын, шахмат ойнайтын қартаң бір адам. Келіскен бір кәрі ағай. Бейкүнә, саңырау әрі мылқау». «Онда үйіңе барамын», деп үстеледі Селия. «Жоқ, болмайды деймін саған». «Мені не үшін көргің келмей қалды, соңғы рет бір ауыз, бір ойдан табысып едік қой». «Айттым саған себебін, бір...». Селия, «Тыңда деді, сенің бұл келісті ағайың қызық емес маған. Себебі мұндай біреу жоқ та, тіпті». Мерфи үнсіз қалды. Селия: «Ақшам үйіңе барамын, сұрағаныңды да апарамын, егер үйде болмасаң... ». «Әлбетте, сыртқа шығу қажеттілігі туа қалмаса». «Қайыр хош!». Біраз уақыт қоңырау гуілін тыңдады, соңынан тұтқаны орнына қойды, қолымен арқалықты сипалап тауып алды да, өзін орындықтың ашамайына тастай берді. Бір-біріне қайшы келмейтін, құбылып бір-біріне ауыспайтын, тартылып солмайтын, артық сәулеленіп қызбайтын жарық пен түннің қалыптаған шексіз бір еркіндігі ішінде өзін сондай рахат сезіне бастады. Орындықтың тербелісі барынша тездеп барып, тербеліс аумағы жайлап қысқарды, карниздегі ала дақ та солғындап, жоғалыпты, тұйық көшедегі айғай, жаңғырық да басылыпты, енді аздан кейін мұның тәні де тыныштық таппақ. Нысандар әуелі баяулап, соңынан тоқтайды. Тербеліс те шарықтап барып, соңынан толастайды. Аздан соң тәні тынышталып, өзі де еркіндігіне қауышады.
Аударған Естеміс Шәкіржан