Бауыржан Момышұлы. "Қазақ тілі туралы пікір"

ӘДЕБИЕТ
7506

Бауыржан Момышұлы 1944 жылы Дубровка деревнясының маңында болған ұрыс кезінде қатты жарақаттанады. Өзінің айтуынша құйымшақпен жерден шығып тұрған темірге құлаған екен. Алайда жараланғанын елемей жүре бергендіктен, жарақатын асқындырып алады. Осылайша Алматыға госпитальге жіберіледі. Госпитальде жатқанда біраз адамға хат жазады. Соның ішінде арнайы Мұхамеджан Әбдіхалықовқа "қазақ тілі туралы пікір" атты көсіліп жазған хаты бар. Сіздерге сол хаттан қысқаша үзінді ұсынамын:
"25.02.1944 ж. Алматы.
Мұхамеджан Әбдіхалықовқа!

Февральдың 15 күні кеселханаға (госпиталь) түсе салысымен, көңілімді сұрағалы көптен көріспеген бір таныс орыс әйелі Сахарова дейтін келіп отырып, қазақша жазылған бір парақ қағазыма көзі түсіп:
— Бауыржан, почему Вы пишете по казахски? — деп таңғала сұрақ қойды.
— Вы меня удивляете, Нина Александровна, почему я не должен писать по казахски на родном языке? — дедім мен.
— Ведь многие казахи не пишут и не разговаривают, потому что не выразишь свои мысли — то что хочешь сказать не скажешь... До того говорят Ваш язык бедный... — деп түйеден түскендей ұялмай-қызармай айтып отыр…
Не дерсің, сөзі өңменімнен өтіп кетті. Ол кісіге, әлімнің келгенінше, теріс ұғымын дұрыстап түсіндірдім. Кейіннен білдім, Сахарова осындағы бір халық комиссарының бірінші орынбасары екен. Қазақстанға келгеніне он жылдан асқанын бұрыннан білуші едім. Жай орыстың шүйкебас қыздарының көзқарасы, ұғымы қазақ тілі туралы осындайлығына ішімнен қапаланып "жарыған екенбізді" дедім.
Қазақстанның нанына семіргеннен басқадан хабарсыз, ел басқарушылардың қатарына кіріп қалған (не арқылы екенін Құдай білсін), надан, хабарсыз "замнаркомша" елдің сорына біткен кейбіреулердің уәкілі болған соң, оларға сондай ұғым тудыруға алдымен өзіміз жазықты екенімізді мойынға ала отырып, бүгіп қалуды қажетсіз деп тауып мысалға келтіріп отырмын.
Осы кезде аздап орысша білгеніне мәз болып, төбесі көкке жеткен, ана тіліне көңіл бөлмей, оны әліне қарамай менсінбей, не орысшаны, не Қазақшаны дұрыс сөйлей алмай, балдыр-батпаққа бөленіп жүрген келбетсіз тіл азғынын, масқараларды Алматының жауапты деген қазақ қызметкерлерінің арасынан да кездестіруге болады.

Б.Момышұлы.

Әсет Ақмолданың фейсбук парақшасынан

author

Бауыржан Момышұлы

ЖАЗУШЫ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...