Сәт Тоқпақбаев. Жаным садаға (ғұмырнамалық кітап)

ӘДЕБИЕТ
3168

Бірінші бөлім: Тағдырым – темірқазығым. Қарашаңырақ

 Күзет қызметі

1995 жылдың қарашасынан бастап 1997 жылдың наурызына дейін ҚР Ұлан әскери жасағының қолбасшысы міндетіне Президенттің күзет қызметі міндетін қоса атқарғанымды айтып өткен едім. Бұл табандатқан екі жылдай уақыт еді. Екі жыл өзіме үлкен мектеп болды. 

Олай дейтін себебім – тәуелсіз Қазақстанның өз алдына мемлекет болғанына көп уақыт өте қойған жоқ. Қиыншылық шаш етектен. Басына тартсаң аяғына, аяғына тартсаң басына жетпей жатқан тапшылық дүние. Гвардия қолбасшысы кезінде Ұланды жасақтаумен қатар Президент күзеті қызметінде де біршама игі бастамаларды бел шешіп бастап кеткен едік.

Президенттің күзет қызметінің бастығы болып тұрғандағы ең әуелі ойыма келген нәрсе – өркениетті елдерден үйрене отырып, әсіресе, алыстағы АҚШ-тан тәжірибе алмасып, мәртебелі Бас иеміздің әрі тыныш, әрі қалыпты жағдайда мүлтіксіз қызмет етуіне жағдай жасау, кездейсоқ оқиғалардан сақтандыру, сол кездейсоқ оқиғаның болып қалмауын алдын-ала болжап біліп отыру еді. Әрине барлығын бастан-аяқ өзім құрдым, өзім жөндедім, өзім аяғынан тік қойдым деп мақтанудан аулақпын. Дегенмен осы ұжымның бұрынғы қызметкерлерімен бірігіп Күзет қызметінің бірқалыпты жұмыс жасауын жолға қойдым. Мемлекеттің бірінші мәртебелі лауазымды көшбасшысын күзету, әрі қауіпсіздігін сақтау оңай шаруа емес. Ең әуелі мамандармен егжей-тегжейлі танысып шықтым. 

Әсіресе мәртебелі Президент іс сапарға шығатын болса – аяғымыздан сабылып қызмет етеміз. Ол кісінің баратын жері, кіммен жолығатыны, тіпті келіссөз қанша уақытқа созылатыны, қай жерде, қашан өткізілетіні туралы тап-тұйнақтай мәлімет жинап, Елбасының алдына қою біздің бірінші шаруамыз болып табылатын. Сосын бару, қайту сапарының қауіпсіздігін қадағалау ісі де – негізгі міндетімізге кірді. Мұндай іске жауапкершілік мойныңа жүктелген соң барынша ыждағаттылықпен қарауға тырысасың.

Президенттің күзет қызметін қайта құру үшін Американың күзет құрылымдарымен, бастықтарымен танысып, бәрін солардікіндей жаңалау міндетін алға қойдым. 

Қауіпсіздік күзет қызметіндегі негізгі қағида – егер қандай да дерек түсетін болса соны түп-тамырына дейін ұңғыл-шұңғылын егжей-тегжейлі шұғыл түрде тексеру болып табылады. 

Мәселен, басқа органдарда «мынау қылмыс жасағалы жатыр, немесе бірдеңені бүлдіргелі жатыр» деп хабар алсаңыз кей уақытта онша  асықпай тексеруге болады. 

Ал Президенттің Қауіпсіздік күзет қызметінде асықпай ырғалып-жырғалып жүретін уақыт жоқ. Егер мәселе терроризмге қатысты болса – сен ойланып жүргенде олар істейтінін істеп, ататынын атып, тындыратынын тындырып тастайды. Сондықтан оперативті түрде шешім қабылдауға, қандай жағдайда қандай қадам жасау керек, қандай жұмыс жүргізу қажет деген сияқты шараларды өте жедел жүзеге асыру керек болады. Сол себепті, соқырға таяқ ұстатқандай етіп қажетті құжаттардың бәрін даярлап, бекітіп қызметкерлерді сақадай сай әзір болуға үйретіп, жасақтап шығу міндетіне кірісіп кеттім.

Ең әуелі Президент күзетінің қызметі туралы Жарғы жазып, Ереже бекіту керек болды. КҮЗЕТКЕ АЛЫНАТЫН ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАҚЫН МАҢАЙЫНДАҒЫЛАРДЫ ДА МҰҚИЯТ ТЕКСЕРУ КЕРЕКТІГІ ТҰҢҒЫШ РЕТ ОСЫ ЖАРҒЫҒА ЕНГІЗІЛДІ.

Ол құжатты екі түн отырып өзім жазып шықтым. Мемлекеттік тілге аударттым. Осы құжаттар туралы білігі мол кісілерден ақыл-кеңес сұрап тағы біраз жерін түзетіп талқыға салдым. Ақыры Президентттің күзет қызметінің жұмысы бір жүйеге түсіп, кәдуілгідей басы бар, аяғы бар тәртіпке бағынатын, үлкен ұйымға айналды. 

Президенттің күзет қызметіндегі осы қалай деген осал тұстарды өзімше сынап шығуды жоспарладым. Елбасының қайта құру керек деп асықтыруының да өз жөні бар еді. Осыған байланысты бір оқиға әлі күнге жадымнан жуылмайды. 

Айтып өтейін. 

Қызметке тағайындалғаныма екі күн болған, ұмытпасам, жексенбі күні... дүйсенбіге қараған таңғы сағат 03:3-да мемлекет басшысының Алматыдағы Фурманов көшесінің бойындағы Резиденциясына жедел бет алдым. Келсем подъездегі де, ғимараттың ішіндегі де күзетшілер Республикалық Ұланның және Президенттің күзет қызметкерлері барлығы да ұйықтап жатыр екен. Әрең дегенде құлағына су құйғандай ғып тұрғызып алдық. Толық аты-жөндерін біліп, орнын ауыстырып, сосын Президенттің үйіне қарай беттедім. Науаи көшесінен Резиденцияға қарай бұрылмада милицияның посты бар, сол жердегі кезекші капитан тоқтатты. Әлі есімде фамилиясы Ахметов болатын. «Резиденциядағы күзет қызметінің жігіттеріне телефон шалуым қажет», – деді ол. Мен жеке куәлігімді көрсетіп, ешқандай телефон шалудың, я шу шығарудың қажеті жоқтығын мәлімдедім. Ол қасарысып: «Сіз ол жаққа баратын болсаңыз – мен күзет қызметінің жігіттерін міндетті түрде ескертуім керек. Бұл менің жұмысым», - деп қадалған жерінен қан алады әлгі қызметкер. 

Менде Мемлекеттік қауіпсізік комитетінің Төрағасы деген құжатым және бар болатын. Соларды көрсетіп, ескерттім.

Егер Президент күзеті қызметкерлеріне қазір телефон шалатын болсаң – онда қызметіңнен кетесің. Ішкі істер министрлігі тұрмақ, Қазақстанда өмір сүрмейтін боласың, ұқтың ба? - дедім. Сөйтіп оны тоқтатып, жанымда бір кісі бар, өзім тікелей тартып кеттім. 

Бірден Резиденцияға бет алдым. Жеделдетіп жеткенім сол.... Қалқан дуалдан ырғып түсіп, ептеп басып мекен-жайдың ішіне ендім, өз көзіме өзім сенбедім. Айтқандай-ақ Президенттің күзет қызметіндегі  жігіттер тегіс таңғы ұйқыға кетіпті. Мылтық атпасаң оянар емес. 

Барлығын оятып... біраздарын қызметтен босатып, біразына басқа жаза қолданып... жұмысты жедел, қарқынды түрде жолға қоя бастадым. 

Ертесіне Президент мән-жайды сұрады.

-Сен біздің үйге келдің бе? 

-Иә, келдім.

-Не көрдің?

-Жігіттер ұйықтап жатыр екен.

Сөзімді естіген Президент жайлап сөз бастады. Мән-жайды баяндады. 

- Біздер, Сара Алпысқызы екеуіміз түн ішінде сейілдеп қайтуға шыққан едік. Сара Алпысқызы: «Жігіттер, қайдасыңдар!», –деп дауыстады. Сол кезде өзім зайыбымның құлағына сыбыр еттім. «Тыныштық сақта, күзетшілер засадада! – деп сақтық жасаған болып жатырмын дейді Президент. 

- Енді білдім, жігіттердің бізді қалай күзетіп жатқанын, – деп Президент қарқылдап күліп жіберді. 

Бәрі де түсінікті болды. 

Қол астымдағы жігіттерді жинап алып, үлкен жиналыс өткіздім. Күзет мәселесін түбегейлі қайта қарастырудың жобасын ұсындым. Өркениетті елдердің Президенттері қалай жүріп-тұратынын, олардың қалай қорғалатынын түгел жіпке тізіп, баяндап бердім. Біраз кісілермен қоштасуға тура келді. Әрине сол кезеңде мәселені шұғыл шешу барысында қатал кеткен де болармын. Өйтпесе болмайтын еді. 

Темірдей тәртіп, ақаусыз қызмет, бұлжымас бұйрық біртіндеп өз арнасына түсіп нәтижесін бере бастады. Бұған кәміл сенемін! Әскери адамға ең керегі – қай кезеңде қандай бұйрық беруінде емес, түптің түбінде істің нәтижесі, бұйрықтың жемісі болады. Көш жүре түзеледі дегендей, біздің де мемлекеттік мәртебелі қызметіміз бірте-бірте оң нәтижесін бере бастады. 

Ең ғанибеті: маңайымыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында біздегідей Күзет қызметі, Президенттік гвардия ол кезде өз дәрежесінде қалыптаспаған еді. 

1997 жылы Президент гвардиясының жасағы өркениетті елдің жасағындай толық құрылып бітті. Әскери бөлім мен жеке бөлімшелер өзіне жүктелген міндетті пәрменді әрі толық дәрежеде орындап шығатындай күшке ие болды. Қазіргі заманғы әскери жабдықтармен қамтамасыз етілді. Құрметті қарауыл ротасы ойдағыдай жасақталды. Қандай елдің мәртебелі мейманы келсе де жоғарғы дәрежеде, өркениетті елдегідей Құрметті қарауылмен күтіп алатындай халге жеттік.


Браунмен болған айқас

1995 жылы күз айында менің өміріме байланысты аса бір қызық оқиға болды. Ұлттық  қауіпсіздік комитетінің Төрағасы қызметінде жүрген кезім. 

Ақмола облыстық қауіпсіздік комитеті басқармасының бастығы генерал-майор А.И. Тастанбеков облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы А.Г. Браунның жақындарының үстінен іс қозғады. Мәселе былай болған еді. 

Генерал-мойор Абылай Тастанбеков өз қызметіне өте тыңғылықты жігіт еді. Браун сол уақытта облыста әкім болатын. 

Абылай Тастанбеков маған:

- Браунның жиендері, кейбір туыстары, әкімнің орынбасары, тағы да аудан әкімінің басшысы қылмыс жасау ісінде жарысып жатыр. Бір жағынан шетелден Джон Дир дейтін комбайн алғалы жатыр. Ол жөнінде де заң қатты бұзылып жатыр, қалай қыламыз – деді. 

Сонымен қатар 1994 жылғы күзгі астық жинау науқанына байланысты біраз заңнан тыс әрекеттер жасағаны анықталды. Канадалық «Вестер комбаин» фирмасымен әлденеше миллион долларға комбаин сатып алуға келісімшарт жасалады. Енді  жеме-жемге келгенде ақша орнына астық бермек болады. Облыстағы күзгі науқаннан түскен пәленбай тонна астықты комбаин сатып алдық деген желеумен шетелге асырып жіберген. Мұның үстіне Германиядағы Карлсруэ қаласында бірнеше жекеменшік коттедж салуға құрылыс материалдарын жіберіп, жоғарғы білікті құрылысшылар жалдаған. Мұның бәрі мемлекет қаржысымен төленген. 

         - Күресу керек, құжатқа түсір. Қылмысы болса – жауапқа тартамыз, – дедім. 

Бұлардың заңға қарсы жұмыс істеп жүргенін біліп, барлығын ұстадық, әкім болып істейтін Браун қашты, оның бір жиені – Браун жұмысшыларды алып, жақсы құрылыс материалдарын алып Германияға барып үй салмақ болған екен, соны да ұстадық. Содан не керек әлгі облыстың әкімі - Браун Абылайға өшігіп маған келді:

         – 1937-1938 жылы менің әкемді НКВД атып тастап еді. Енді сендер маған ауыз салып отырсыңдар. Ана Абылайды орнынан ал, ол дұрыс адам емес, – деп талап қояды өзіме.      – Мен оны қалай  аламын. Егер ол шыныменен жазалы болса – аламыз, сізде ол жайында дәлелді деректер болса әкеліңіз жазаға тартамыз. Ал қазір мен оны ала алмаймын. Заңға қайшы әрекет жасамаған, таза. 

Браун мені біраз қыспақ болды. Не керек, Елбасына кіріп, шағым айтыпты.

Өзінің заңсыздық әрекетін анықтаған Тастанбековтің үстінен А.Г. Браун мырза Президентке: 

«Осылай да осылай, жұмыс істетпей, басқан ізімді аңдыған, жолыма қақпан қоя беретін осы қызметкерден қалдым пәлеге!.. Жұмысым алдыға бір баспай қойды, жанбай қойды. Оны қызметінен алып жазалап жіберсеңіз жөн болар еді», - деп азаматтың үстінен қара күйе жағып, арыз айтқан секілді. 

Ертесіне Президент мені өзіне шақырып алды. Тастанбеков туралы сұрады. Мен бар шындықты айттым.

Мені қыса бастады. 

         – Ол менің өкілім, – деді Президент. 

         – Ал біз ше? Біз де өкіліңізбіз ғой, – дедім.

      – Егер сен сол Тастанбеков Абылайға соншалық сенім танытып отырсаң – оған толықтай мінездеме етіп жазып бер, – деп пәрмен берді Елбасы Н.Ә. Назарбаев.

         – Жақсы, – дедім. 

       Сондағы хатым төмендегіше:



Президенту Республики Казахстан

Н.А. Назарбаеву

         В апреле 1995 года на имя Председателя Комитета Национальной Безопасности из УКНБ по Акмолинской области поступила шифрованная телеграмма, в которой сообщалась, что акционерным обществом «Гамма» (г. Акмола, руководитель Браун. И.И.) через областную администрацию оформляется выезд в служебную командировку в Германию группы строительей для строительства жилья.

         Одновременно сообщалась, Управлением оперативно прорабатывается версия о возможном незаконном финансировании этого строительства за счет валютных средств, полученных от противоправных комммерческих сделок. В частности, на тот период проверялось информация о якобы имевших место в 1994 году финансовых нарушенных при экспорте зерна для производства расчета по контракту с канадской фирмой «Вестер комбаин» и возможной причастности к ним отдельных должностных лиц области.

         О направлении в КНБ РК высшеуказанной информации стало известно акиму Акмолинской области Брауну А.Г. который воспринял данный факт чрезвычайно болезненно, как целенаправленную компанию со строны начальника УКНБ РК по Акмолинской области генерал-майора Тастамбекова А.И.

         Впоследствии Браун А.Г. пыталься отстранить начальника УКНБ от участия в работе областных органов и требуя его освобождения от должности.

         В результате дополнительной проверки установлено следующее:

         В феврале текущего года руководителем АО «Гамма», являющимся родственником Акима области (племянник), Брауном Иваном Ивановичем была предпринята попытка оформит выезд в служебную командировку сроком на несколько месяцев в Германию бригады строителей (16 человек) из числа лиц только немецкой национальности. Бригада формировалась высококвалифицированными специалистами для строительства частных коттеджей в г. Карлсруэ. Документы необходимые для оформления выездных виз, были представлены в отдел внешнеэкономических связей областной администрации с грубыми нарушениями, в связи с чем в выезде указанным лицам было отказано. Сам Браун И.И. в 1995 году выехал с семьей на постоянное жительство в Германию.

         К настоящему времени в ФРГ выехали и постоянно проживают две дочери, сестра, племянники с семьями и все родственники Акима Акмолинской области по линии жены. 

         Информация о злоупотреблениях отдельных должностных лиц области  при экспорте зерна в 1994 году в ходе проведенной проверки в мае текущего года комплексной проверки Генеральной прокуратурой подтвердилась. Выявлено, что при участии отдельных руководителей Краснознаменского района и областных органов было реализовано 30 тыс. тонн зерна в счет погашения задолжености канадской фирме «Вестер комбаин», поставившийвобласть сельскохозяйственную технику под правительственную гарантию. Однако  на момент проверки значительная часть вырученных средств на банковский счет указанной фирмы не поступила. Прокуратурой возбуждены уголовные дела в отношении должностных лиц области и проводится расследование.

         Таким образом, первичная информация, изложенная в шифртелеграмме из УКНБ по Акмолинской области, в целом нашла подтвержение, каких-либо должностных нарушений при этом в действиях начальника Управления не усматривается.

         Генерал-майор Тастамбеков А.И. за длительный период службы в органах КНБ характеризуется положительно.

         Докладывая об изложенном, пологал бы возможным ходотайствовать об оставлении Тастамбекова А.И. в занимаемой должности.

Председатель С. Токпакбаев 


Уақыт оздырмай, 1994 жылғы астық жинау науқаны, әсіресе, Краснознаменск ауданының басшылары мен облыс басшысының пәрменімен отыз мың тонна астық белгілі канадалық фирманың қисапсыз қарызына заңсыз жатқызылып жібергенін, аудан бюджетіне аударуға тиіс біраз ақшаның ұшты-күйлі жоқ болып кеткенін, орын алған өзге де заңсыздықтарды бір параққа сыйғызып, осы хат негізінде ашып көрсетуге тырыстым. Тастанбековтің әрекетінен, шешімінен мін таппас қызметі туралы толық анықтама бердім. 

Әлгі Браун болмай тағы Президентке барғанға ұқсайды. Сол кезде Нұрекең әлгінің қолына мен жазған мінездемені ұстатып: 

         - Міне Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің Төрағасы әлгі айтылған мінездемені жазбаша түрде ұсынып отыр. Қалайша сенбейін. Оны алып таста деп қалай айтамын, – десе керек. 

Содан кейін барып қана әлгі арызқой А.Г. Браунның үні өшкен сыңайлы. Арада біраз уақыт өткен соң бірақ естідім – Алманияға бір жола көшіп кетіпті. 

Өмір деген күнделікті тартыс талайымен қызық. Қызығы сол – Браун жаңағы  мінездемесі бар қағаздың көшірмесін түсіріп алыпты. Жоғарыда айтқанымдай бұл Браун Алманияға көшіп кетті ғой. Сонда жүріп әлгі А.Г. Браун мырза «Дайк-пресс» баспасынан «Менің өмірім» деген естелік кітап бастырып шығарыпты. Сол естелігін ақтарып қарап отырсам, кітаптың 256-257 беттерінде баяғы менің 1995 жылғы 18 қазанда Президентке жазған хатымды қысқаша келтіре кетіпті. Өзін судан таза, сүттен ақ етіп көрсетуге тырысып бағыпты. Қарап тұрып қаным қайнады.

Амал қайсы, мен қызметімді ауыстырғаннан кейін орныма келген кісі әлгінде жоғарыда айтылған адал қызметкер Абылай Тастанбековті орнынан алып тастады. Ол уақытта Браун әлі бар болатын. 

Осы тұста ойыма оралған жәйітті жаза кетейін. Кейінгі кезде мәртебелі лауазым басқышында отырған біраз кісілер естелік жазуға кірісті. Сол естеліктерінде өздерін халықтың қорғаны, сүттен ақ, судан таза, бәзбір уақытта Президенттен сөз естісе – тек қана жазықсыздан жапа шеккен болып, қойдан қоңыр, қозыдай жуас болып төгілдіретіні жиіледі. Ондай естелік жазушылар өз басын ғана марапаттап, биіктетіп, елінің жоқшысы етіп көрсетумен қатар  – осынау өмір тартысында, Тәуелсіздік реформасында жазықсыз жапа шеккен кісі болып көрінетінін қайтерсің! 

(жалғасы бар)

Сәт Тоқпақбаев

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...