Сұраған Рахметұлы. Қамыс (Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Асханұлы Смайыловтың назарына)

ӘДЕБИЕТ
1123




Қамыс қазынасы  – алыс қала бере ме!?

Жансызда қамыс, жанды да жайын...

                                                                – Мақалдан


Қоян өлтірген – қамыс: қоға емес

«Қамыс тыныш тұрайын десе де жел тыныш тұрғызбайды...» дегендейін енді бір сәті келген кезекте – қамыс туралы жазуға кіріссем бе!? «Ерді намыс, қоянды қамыс өлтіреді...» – һәм жел қозғаған қамыстан шошынған қояндай емес – ердің намысына серт дейік! Дейтұрғанмен  – «қамысты бос ұстасаң қолыңды қияды...» деген тәмсілден сәл жүрексінетін секілдіміз!? Сыр бойының әйгілі ақыны Қомшабай Сүйеніш Есіркепұлы – «...Қанатын қамыс қиған қаршығадай...» – деп қоңторғайды қуып келіп қопадағы аранға түсіп, қанатын қиғызған қомағай қаршыға құстың қасыретін еске салады!? Қамыс біз үшін – бейтаныс ұғым емес.  Баяғыдай аңыздағы – «...қау қамыстың арасынан (жалғыз көзді, жалмауыз басты, от тынысты, көк құрышты, дию текті жезтырнақ... – Есенғали Раушан) шыға келе ме...» деп те іштей қауіптенесің!? Ежелгі диюлар Синантроп (Homo erectus pekinensis)  бұдан 500-200 мың жыл бұрын өмір сүрген. Питекантроп (Pithekos) немесе Ява аралындағы маймыл баба, Неандерталь (Homo neanderthalensіs) адамның дауысы сықылды гуілдеген ышқынған қамыстың үні!? Тәуекел, нар қамыстың боздаған үнімен аз-кем сәтке өткен өмірге шыр айналып қарап, біршама әуеленіп, әлденіп алайық!? Расым осы! 


Қазақтың бір есімі – Қамысбай гәп

Қазақтың бір аты – Қамысбек, Қамысбай, Қамысгүл т.т.с. болса – Жер, су аттары – Қамыстыкөл (БҚО Ақжайық, Көнеккеткенде), Қамысөзек (Ресейде), Қамыскөл (Атырау, Ақтөбеде) т.т. Тұлғалар атына қойылған белгі – «Қамысбек мұнарасы» – ортағасырлық қарауылдар тұратын биік бекін, шоң түб шамамен ХІІІ ғ. һәм шеткейі Шу өңірінде бар. Маңғыстаудағы – «Қамысбай қорымы» ХІХ ғасырдың екінші ширегінде жаңғыртылған көне тарғыл ұстын.


Қауылдырық һәм қамыс

Қамыс hragmites) – қарапайым ғана су жағалай өсетін астық тұқымдас шөптесін өсімдік һәм – қауылдырық. Тамыры тереңдеу, жер қыртысынынан нәр алып қайтатын, қалың борықтағы жаңқайым өскін. Қысқасы – «сусыз жерде қамыс жоқ». Қамысты өлкелер аз емес – Қазақ жерінде. Дүниежүзінде Антрактика мен Арктикадан өзге материктерде қамыстың 650 тұқымдасы мен 10 мыңға жуық түрі бар дейді қамыстың. Қазақ жерінде нәй қамыстың 250 тұқымдасы 14 түрі байқалған. Өзен, көлдің көбесі мен сағасында өсетін – қамыс жалпы ылғалға төзімді. Биіктігі адамның бойынан екі есе ұзын 6 метрге дейін баратын сұңғақ бойшаң. Осы  қамыстың екі бірдей сапалы сорты осында өседі. Ұшындағы үлбірең күлтесі – үлпілмәлік.  Мүмкін қамыстың майлылығын сақтайтын дәнегі осы да!? Көл қамысы – қоға. Ол май осы ғажап қамыстың жақын туысы. "Қоғалы-ай қоңыр салқын Ай малға жай!" – деген қара өлеңде көп айтылады. Қоға мен құрақтың «туыстығы» көнеден көпке аян әңгіме.


Бау қамыстың қақырасы

Абайдың екінші қара сөзінде: «Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан...» дегені бос сөз бе!?

Ну қамыс малға т.с.с. хайуандарға жабу, жатар орын жайлы пана. Қу қамысты – «қу көт» деп отынға да қолданған қазақ. Қамыстан үлкенді, кішілі себетке – тоқыма өрім, құрылысқа – қамысты ұнтақтап батпаққа араластырып қау кірпіш соғады. Бау қамыс қорыс, қора-қопсы,  кигіз үйге ыңғайлы ши мата, іргешек, қамыстан шоң қамсау, қамыстан сом қоршау жасайды қазақ. Әуелі қақыра, жертөленің төбесіне жабатын жабынды қамыстан жасалады. Данышпан Абайдың екінші қара сөзінде: – «Арқадан үй төбесіне саламын деп, қамыс артқан...» дегені бос сөз емес!Ішіне тобымен енген үлекті нар түйе көрінбейтін бітік қамысты – нар қамыс деп атаса керек. Нарқамыс деген – жердің атауы (Қиылдың бойы – нар қамыс) болу керек!? Баяғыдан қалған бір маңызды тәмсіл мен ескі кепте: – «өне бойы – нар қамыс, іші толған жолбарыс» деген аңызды тіркестер де бар.


Сары қамыс – саралжың 

Сары қамыстан бағыздан бері – қамыс жиһаздар төсек, өрмелі төсеніштер жасап қолданады. Қазақта қамыстан тоқылған  түрлі өнімдер – ірілі, уақты шыпта секілді бұйымдары тек қана қолөнершілердің месекерлігі арқылы өндірілетін-ді... Ши тоқу, ши мата деген есе үлкен өнердің түрі – Моңғолия қазақтарында күні бүгінге дейін тоқыма ши жасалады. Өр Алтайдағы Құлыстай көлінің сағасында өсетін қурай қамыстан сарала қамшының сабын зерлейді. Моңғолдарда құлыс сапты қамшыға (хулсан ташуур) қатысты өлең жолдары болады. Көрханаға табыт кебежесін өріп, мәйітті шірітпес үшін бетағашына қамыстан саралжы жаппа салып бекемдеп көмген. Қабірдің сыртын қамыстың ұсақ түйіндісін қосып сылап тастайтын үрдістер де болған.


Қамыс – қалқыма қайық, сал – күзер

Садақтың зері мен сәнін оймыштап, жебенің саппасын қамыстан жасап қолданған. Шөже ақын Қаржаубайұлында (1808-1895) – «қарға жүнді қамыс оқ» деген аса керемет атау тағы бар!?  «...Қамыстың басы майда, түбі сайда, Жәнібек Шақшақұлы – болат найза!» деген өлең жолдары әйтеуір ермек үшін айтыла салмағаны белгілі! Қазақтардың аңшылық дәстүрінде кең далаға ор қазып, қамыстан аран жасап киік секілді қоңыр аңдарды қамап ұстау тәсілі болған. Бүгінге дейінгі қолданыста – «арандалып қалма, аранға жығылма» деген сақтандырушы атау сөздері жадымызда. Қамыстан жасалатын – «қаза» дейтін балық аулайтын құрылғыны да қазақ бабам өте ертеден ойлап тапса керек. Тіпті өткелсіз өзендерге қамыстан күзер салып, қалқыма қайық жасап, дөңбектен сал ағызып мал-жанымен аман түгел өзен өткелден өткендер де қазақтар. Қазақта қамыстан жасалған қалқыма көпірдің атауы – қамыс сал. 



Қамыстың сүті

Қамыстың бал нәрі өзгеше, көктемеде құнарлы болатындықтан жылқы мен сиырға таптырмайтын жем. Оны – ақ оты деп атайды. Үй тұрмысына – қамыс үстел, қамыс орындық секілді жиһаздар, жеңіл қамыс қаптама, сәнді торкөз қамыс сөмке, қалта қапты жәукем қолданды. Тілеуке Құлекеұлы «Шал ақын» (1748-1819) меңзеген «қамыс қалам» өз алдына! Қамыс сапты қылқаламымен сызған Леонардо да Винчидің (1452-1519) бүткіл қолтаңбалары ғаламға аян. Қылыштың қынабынан бастап, қылқаламның сабағына дейінгі бедер мен зерлер тек қамыстан. Қамыс күнқағар, қамыс бас киім, қамыс тарақ,  т.с.с. қат бұйымдар жасайды. 


Қамыс сырнай – қурай сыбызғы

«Қарайғаннан қарайып қамыс қалды,

Ауылы қалқатайдың алыс қалды...»

Қамыс – сырнай үрмелі аспап, қурай сыбызғы – қара қурайдан жасалатын болса: саз аспаптарының (инструмент) көбінде қамыстың бедерлі әдіптері бар. Қазақтың қара өлеңі мен сары әуезінде қамыстың сүлдер сүгіреті көп. Қамыс құлақ ат мінбеген, қамыс қаламымен  өлең жыр жазбаған ақын мен хакім өте аз болуы мүмкін!? Махаббаттық сағыныш ғажайыптарында: – «Қарайғаннан қарайып қамыс қалды, Ауылы қалқатайдың алыс қалды...» немесе  қаймана ел-жұрттың тағдырлы тауқыметтерінен туған зар мен шернамелерде – «Шилі өзен – қамыс – ай, бізді ойлай таныс – ай!» секілді таңғайып қайырымдар жадымызда қалған. Поэзия падишаһы дана Абай Құнанбайұлында – «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ...» деген керемет көркемдеу сүгіретті жылқының сырт сынына қатысты орамдар тұр... Ақан сері Қорамсаұлы (1843-1913) ең соңғы мекені – Қамысақты. Қамысақтының  атына  сәйкес  жағасы жайсаң  – құйқалы құрақты ну  қамыс. Қамысақты атауы Ресейде Астраханда да бар. КВН-нің сойқан жұлдызы Азамат Тахирұлы Мұсағалиев – Камызяктікі.  Қазақтың алып ойлы, талантты жазушыларының бірі Тәкен Әлімқұлов (1918-1987) ертеректе жариялаған бір өлеңінде – «Қойнауың қамыс – сары ұя...», замананың хас дүлдүл ақыны Мұқағали Мақатаевта – «...қайда кеткен қамысы мен талдары...» деген шумақтар бар. Сабыр Адай ақын әйгілі «Бәдік бағбан» өлеңінде: – «...Бағбан шал баяғыдан сенгеніміз, Орман от, осы-ақ еді енгеніміз. Ит жуа, қарға тұяқ, желбас қамыс, Күл болды боз тікенек, шеңгеліңіз. Қалыпты қамыс аман, қайың құлап, Орманның кім біледі жайын бірақ...».


Қамыс – қыруар қаржы көзі

Біраз күндердің алдында Астана маңында қамыс өртенді!? Оған жаны ашыған ешкім болмады. Сол кездегі Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Болатқызы Сүлейменова көрсе көзінің жасын аямай төгер еді!? «Бітісі жаман қамысты су ішінде өрт алар...» – деп ат үсті қарауға болмайтын жайыт бұған!? Осы ну қамысқа әредікте әдейі от қоятын дарақы қылықтар да бар деп естіледі... Бұл деген өсіп тұрған жасыл долларды әдейі өртеумен тең нәрсе! Алғашқы қамыс зауыты Шиелі ауданындағы орман-тоғай мекемесі жанынан ХХ ғасырдың 30 жылдардың аяғында ашылды. Бүткіл советтік тауарлардың қамсауы – картон қағазын осы жерде өндірді. Керемет еді дейді, рас болса!?  «...Дарияның толқындарын тартып ала, ағады көше бойлап сарқырама. Батыстан бой көтеріп келе жатқан, бір өзі комбинаттың – жарты қала!» деп Мақмұтбай Әміреев ақын өлең арнаған алып өндіріс осында – «Қызыл-Орда» вальсіне де арқау болған-ды. Енді қазақтың қамысын батыс Еуразия елдері экспортпен алатын болды. Үндістанда қамыстан – қант өндірітін технология қолданылады. Жан саны бүтін бір  млард-тан асқан елге – қамыс шикі заты әрине қажет. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіндегі шенеуніктердің құлағына – «алтыннан яки қамыстан сырға»!


Қамыс – жағалауда қаулап өсетін қаржы 

Қамысты шикізат ретінде экспортқа беруге талас жоқ. Алайда сол қамыс – соңғы өнім болып өзіңе қайтара соғады. Қамыс қайсы бір елдерден соңғы өнім болып қайта оралса – халықтың қалтасының соры! Қамысты арзанға беріп, қымбатқа сатып алу еш тиімсіз. Мынау түстіктегі қыпшақтар Венгерияда ағаштың жапырағынан қағаз жасайтын жаңа технология тапқан – ды бір кезде. Ендеше бақыт пен базардың бір бөлігі табиғи ну қамыста жатқан жоқ па!? Қазақстанда қамыстан қағаз-картон жасайтын мүмкіндік толық емес пе!? Сонымен қатар қамыстан үй шатырының жаңа жабылғысын жасауға болады. Тіптен неміс инженері Юстус Бурдиннің тәуменді тәжірибесін қолдануға да еш кедергі жоқ.  Түрлі соны ұрымтал тәсілдер, тиімді технологиямен ұнтақталған қамыс сығындысынан жеңіл «кірпіштер» жасап қолданатын сұраныстар тұр!? Қамыстан емдік дәрі жасайтын қазақы үлгі де табылуы керек. Бұрын қамыс арасында «қарақұрт» деген зиянкес улы құрт болған. Қазақы қарғыста – «қарақұрт жесін!» дейтін қарғыс та бар. Сол қарақұрт шаққан адамды, малды қамыстың нілі қосылған керемет дәрмекпен емдейді дейтін аңыздарды да кездейсоқ біреуден  құлағымыз шалса керек. Бұдан бірнеше ғасыр бұрын британдық бактериолог Александр Флеминг (Alexander Fleming 1881-1955) пенициллинді кездейсоқ тапқаны бар. Мүмкін бізге қамыстың кейбір беймәлім қасиеттері де ашылмаған жұмбақтарды білетіндер болуы әбден мүмкін. Үндістанда қамыс қанты экономикасына қисапсыз қаржы, олжа түсіреді. Қазақстанда соның шикізаты – қамыс екені даусыз!?


madeniportal.kz


author

Сұраған Рахметұлы

ҒАЛЫМ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...