«Тоғысу/Сближение» атты қос тілді әңгімелер жинағының тұсаукесері өтеді

ӘДЕБИЕТ
1788

2022 жылдың 24 қыркүйегіндесағат 17.00-де Алматыда «Тоғысу/Сближение» атты әңгімелер жинағының тұсаукесері өтеді. Бұл жинаққа биылғы Жастар әдебиеті шеберханаларында қазақ және орыс тілдерінде жазылған үздік шығармалар және әдеби аудармалар енді.

13-21 жас аралығындағы қазақстандық авторларға арналған Жастар әдебиеті шеберханалары Қазақстандағы АҚШ Дипломатиялық Миссиясы және «Шеврон» компаниясының Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі аясында Ольга Маркова атындағы Алматылық ашық әдебиет мектебінің ұйымдастыруымен өткізілді. Әдебиет семинарының басты мақсаты – жасөспірімдерге жазушылық дағдыларды үйретіп қана қоймай, қазақ және орыс тілінде жазатын бастаушы авторлар арасындағы байланысты нығайту. 

Жас авторлардың екі тобы – бірі қазақ, екіншісі орыс тілінде білім алып, үш ай бойы бірдей бағдарлама бойынша қатар оқып жүріп, бірдей үй тапсырмаларын орындаған. Бірлескен кездесулер мен топтық талқылаулардың арқасында екі бөлек тілде жазатын жас авторлар әңгімелесуге ортақ тақырыптарды тауып алып, сүйікті жазушылары туралы пікірлерімен бөлісіп, әдебиет пен шығармашылықпен әуестенетін құрдастарымен дос болды. Қазақстандық әдебиеттің бөлінбейтіндігі мен ауызбірлігін көрсету үшін шеберханалардың нәтижесінде жарық көрген бірлескен жинаққа «Тоғысу/Сближение» деген ат қойылды. 

«Соңғы онжылдықтарда Қазақстанда қазақтілді және орыстілді әдебиеттер бір-бірімен тоғыспай дамып отырды. Сондықтан жас авторлардың жазушылық дағдыларын қалыптастырып қана қоймай, оларға басқа мәдениеттің құндылықтарын, өзге тіл және сол тілге тән ойлау жүйесін құрметтеуді үйрету маңызды. Олай болса, бір күні бастаушы авторлар қаламы қарымды, аты әлемге мәлім кәсіби жазушыларға айналып, өздерін қазақстандық бірегейліктің иесі ретінде, қазақстандық қаламгер ретінде санайтын болады», – деді Жастар әдебиеті шеберханасының оқытушысы Дина Махметова.

«Иә, қазіргі таңда адамдар уақыт сынағынан өткен жазушылардың шығармаларын ғана оқиды. Алайда мен сияқты жасөспірім жазушылардың әңгімелерін оқу – бұл да маңызды тәжірибе. Мен жүйелі түрде жазуды үйрендім, қандай жағдай болмасын, аптасына бір рет жазуға отырамын, бұл менің әдетіме айналды. Біз қазақтілді шеберхана студенттерімен Алматыда бетпе-бет жүздесіп, шығармаларымызды бір-бірімізге оқыдық», – деді 16 жастағы Шеберханаға қатысушы Расул Касымбеков оқудан алған әсерімен бөлісе отырып. 

Өткізу орны: Байзақов көшесі, 280, Almaty Towers БО, SmartPoint, 1 қабат, American Space Almaty.

Өткізу уақыты: 2022 жылғы 24 қыркүйек, сағат 17.00.

Тұсаукесер кешіне қатысу үшін байланыс ақпараты:

  • жинақтың тұсаукесерінің үйлестірушілері Ксения Рогожникова, Дина Махметова
  • тел.: +7 701 717 79 33 (Ксения), +7 705 192 2130 (Дина)
  • е-mail: litshkola@gmail.com 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...