Мөлдір Райымбекова. Қойнауында Күлтөбенiң тулайды

ӘДЕБИЕТ
956

-Бабаларым қазық қаққан кең дала,

Көк бөрiдей ұлып тұр ма, тыңдашы?!

Күмбiрлеген күй ағытып шанақтан,

Тау жаңғыртып жауһар жырмен жырлашы?!


Шиыр-шиыр тарауларды күн қақтап,

Қиыр-қиыр белдер жатыр сыр сақтап.

Керуендей дәуiр көшкен даладан,

Уақыттың уысында сырғақтап.


Мұнар күндер кiсiнейдi құлындай,

Тiтiретiп тұла бойын қастың да.

Жорық қалған құйғыта шапқан құйындай,

Тұлпарлардың тұяғының астында.


Буырқанып құмы көкке ұмтыла,

Сырын шертiп көк зеңгiрдiң бұлтына,-

Қойнауында Күлтөбенiң тулайды,

Бұлың-бұлың естелiктер бұлқына.


Түйсiгiмнiң түрiп ашып түндiгiн,

Құт мекеннiң қасиетiн бүркiдiм.

Ұлы Жiбек жолындағы Саудакент,

Тоғыз жолды тоғыстырып тұр бүгiн.


Тоғысындай кешегi мен бүгiннiң,

Мұнаралы кесенеге үңiлдiм.

Қоқандармен арпалысқан Шоқайдың,

Қасiретiн көргендей боп түңiлдiм.


Байырғының жәдiгерi тозбайды,

Қоңыр әуез көңiлiмдi қозғайды.

Ғасырлардың келбетiнен ескен жел

Қылқобыз боп қоздайды.


Күңiрентiп көн шанақтың зар-үнi,

Бiрде шалқып, шарықтатып арыны,

Тiл бiтiрген жанды-жансыз әлемге,

Ықыластың қобызының сарыны.


Буырқанып құмы көкке ұмтыла,

Сырын шертiп көк зеңгiрдiң бұлтына,-

Қойнауында Күлтөбенiң тулайды,

Бұлың-бұлың естелiктер бұлқына.

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...