Топан су жөніндегі аңыз және Қазығұрт тауы

ӘДЕБИЕТ
3344

Біз кітабымызды өте көне, «топан суға дейінгі» деп аталып кеткен заманнан бастайық деп отырмыз. Дүние жүзін топан су басқанға дейін жер бетінде не болды екен?.. Адамзаттың ертеректегі тарихының бұл кезеңі зерттелмеген, ол туралы нақты айғақтар жоқ. Топан суға дейінгі адам өмірі туралы аздаған мəліметті ХІХ ғасырдағы американдық ғалым Игнатиус Донелли «Топан суға дейінгі əлем» кітабынан табуға болады…

Археологтардың жиған деректеріне арқа сүйей отырып, Қазақстан жеріне тұңғыш адамдар бес жүз мың жыл бұрын қоныс тепкендігін білеміз. Оның дəлелі болып еліміздің түкпір-түкпірінде: Қызылтауда, Бөрікқазғанда, Шақпақ-Атада, Семізбұғыда, Ботайда жəне т.б. жерлерде табылған көне адам қоныстары табылады. Кейбір, əсіресе көне кітаптарда топан су астында қалған көне қалалардың атаулары сақталған. Осыған сүйенсек, топан суға дейін жер шарында орасан зор су тасығанда көбі қаза тапқан, біз сияқты адамдар, біздің ата-бабаларымыз тұрған. Бұл қайғылы оқиға мен əлемдік топан су салдары туралы бүкіл жағалау кенеттен су астына кетіп, талай адам қырылған Жапониядағы 2010 жылғы цунамиді бейнелейтін деректі кадрлардан көріп біле аламыз…

Аңыздағы əлемдік топан су бірнеше мыңдаған жыл бұрын орын алған, нақты күнін ешкім атай алмайды. Ол жайында баяндайтын ең көне жазба құжатты шумерлер қыш тақталарға алты мың жыл бұрын жазған. Бұл көне поэма «Атрахасис жайлы рауаят» деп аталады. Вавилондықтар бұл поэманы иемденіп алып, біздің дəуірімізге дейінгі үшінші ғасырда Берос атты тарихшы Атрахасис жайлы поэманы Вавилон тарихында жариялады. Берос грек тілінде жазып, соның кітабынан əлемдік топан су жайлы аңыз дүние жүзін шарлап кетті. Əлемдік топан су жайлы аңыздың (мифтің) таралуы жайлы толығырақ деректерді ағылшын ғалымы Д. Д. Фрэзердің «Көне Өсиеттегі фольклор» кітабынан табуға болады, М. 1985 ж. 

Міне, осылайша əлемдік топан су жайлы аңыз жер бетіндегі көптеген халықтардың ауыз шығармашылығында бар. Əлемдік топан су жайлы аңыздардың ең танымалы болып көне яхудийлік (інжілдік) табылады жəне ондағы тақуа-пайғамбар, жаңа адамзат негізін қалаушы Інжілде Нұх-пайғамбар, оның кемесі Синай тауының басына тоқтаған. Кавказ халықтарында Нұх кемесі Арарат тауына келіп қонған. Əлемдік топан су жайлы аңыздың қазақи нұсқасы бойынша Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұрт тауына келіп төс тіреген. Қазығұрт тауы қазіргі Шымкент қаласына таяу жерде, Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Қазығұрт тауына аспан құдайы Тəңір енін салған. Оның бастапқы атауы – «Шармық», яғни шарбақ, дуал. Қазығұрт тауы басқа таулармен салыстырғанда соншалықты биік те емес, биіктігі шамамен бір мың жеті жүз метр. Мысалы, көне грек Олимпі де екі мың метрге жетпейді. Бірақ əлемдегі ешбір тау киелілігі жағынан Қазығұрт тауымен бəсекеге түсе алмайды. Бүкіл жер бетін əлемдік топан су басқанда Қазығұрт тауының батыс жағында шағын алаңшаға Нұх пайғамбардың кемесі келіп төс тіреп, онда су қайтқанда жаңа өмірді бастайтын əр жануардан бір жұптан барлық жануарлар мен аңдар тасыған судан жан сауғалаған. Солардың арасында көшпелі түркі ата-бабамыздың тұрмысына қажетті жануардың төрт түлігі: түйе, жылқы, іріқара мен қойлар аман қалған.

Қазіргі таңда адамдар Қазығұрт тауының басына келіп, өзінде Нұх пайғамбар аз да болса тұрақтауы əбден мүмкін киелі үңгірге барып, құдайдан өздері мен жақындарына шапағат тілеп, ауруларын аулақ қылуды тілеп, дұғалар оқиды. Көне заманнан бері қазақта Қазығұрт тауы жайлы мынадай əн сақталып қалған:

Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол «əулие» болмаса, неге қалған?
Жетім бота үстінде жатып қалып,
Ойсылқара жануар содан калған.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол «əулие» болмаса, неге калған?
Қыршаңқы тай үстінде жатып қалып,
Қамбар ата жануар содан қалған.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол «əулие» болмаса, неге қалған?
Тышқақ тана үстінде жатып қалып
Зеңгібаба жануар содан қалған.
Қазығұрттың басында кеме қалған,
Ол «əулие» болмаса, неге қалған?
Қотыр тоқты үстінде жатып қалып,
Шопаната жануар содан қалған.

Орынбай Жанайдаров.

"Қазақ жерінің жүз аңызы" кітабынан

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...