Түркістанда Низами Гәнжауидің 880 жылдығына орай алқалы жиын өткізілмек

ӘДЕБИЕТ
1187

2021 жылдың 27 қыркүйек күні Түркістан қаласында Халықаралық Түркі академиясы Низами Гәнжауидің туғанына 880 жылдығына орай «Шығыстың шоқжұлдызы» атты алқалы жиын ұйымдастырады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Халықаралық Түркі академиясына сілтеме жасап

Фараб кітапханасында өтетін басқосуға Әзербайжан Милли Меджлисінің Спикері Сахиба Гафарова,  Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі,  Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы  Төтенше және өкілетті елшісі Агалар Атамогланов,  Әзербайжан  Милли Меджлисінің  депуттары, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекрва, сондай-ақ,  бауырлас елдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысады. 

Келелі кездесу барысында Түркі Академия дайындаған Низами Гянжауидің  «Жеті ару. Лейлі-Мәжнүн» кітабының қазақ тіліне аударылған жинағының таныстырылымы өтеді.

Айта кету керек, биыл Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев 2021  жылды «Низами Гәнжауи жылы» деп жариялаған болатын. Ақынның жауһар туындылары Шығыс пен Батыс  поэзиясының  дамуына орасан зор ықпалын тигізді.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...