Жапырақтар жылайды..

ӘДЕБИЕТ
1516

Көбелектер іше ме

гүл шырынын,

Мазамды алмай бір сәтке 

тыншы, мұңым.

Жаздан қалған әуенін 

айтып жатыр,

Көкпен бірге гүлдеген

тіршілігім.


Күрсінбеші, айым- ау,

күлші күнім.

Ерініңе тосайын

гүл шырынын.

Мизам шуақ жамырап

тұрған шақ қой,

Тауға барып қайтайық

жүрші бүгін.


Жата берген бола ма

қалжырап құр,

Аспан жақтан жарық етті

тамды да ақ нұр.

Қайың төмен иіліп,

терек үнсіз,

Алматыда қоңыр күз

маужырап тұр.


Көтерілді зәу көкке

құлшынып күн,

Күз айналып басында

жүр шыбықтың.

Көктем келсе ол дағы

бүр жарады,

Әнін айтып өлмейтін

тіршіліктің.


Уақыт та, мезгіл де

тұрмайды анық,

Жүрегіңнің тұсына 

гүл байланып.

Күз туралы бір өлең

жаза қалсам,

Не ғана кетеді....

мұңға айналып?


Күз келді ме.. көңілді

жүдетеді?

Көк көйлектің төгілген

гүл етегі.

Сенің нәзік, лағыл

жүрегіңдей,

Жапырақтар жылайды

дір етеді.

Ерболат Баятұлы

author

Ерболат Баятұлы

ҒАЛЫМ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...