Жазушы кітапты шынай етіп жазу үшін әйелін өлтірген

ӘДЕБИЕТ
2168

Әкелері бөлек болғанымен, аналары бір қарындасына үйленген голланд жазушысы Ричард Клинкхаммер (Richard Klinkhamer) бірнеше кітап жазып, елге кеңінен танылған. Оның бірінші әйелінен ажырасып, қарындасына үйленгеннен кейін жазушылық қабілеті оянған. Алайда оның жантүршігерлік қылмыс жайлы кітап жазу үшін өз әйелін өлтіргенін естіген жұрт жағасын ұстады. 

Назарларыңызға Ричард Клинкхаммер жайлы жеті фактіні ұсынамыз.

1. Ол өзінің бірінші әйелі Леонтин ван Эммерикпен бақытты өмір сүрген.

Алайда оның бір анадан туған қарындасы Ханни жазушыға сезімін мойындайды.

Өзінің 13 жасынан бері Ричардқа ғашық екенін айтқан Ханни онымен 19 жасынан бастап көңілдес бола бастайды.

Ақыр соңында жазушының бірінші әйелі бұл жайлы біліп қойып, ажырасып кетеді.

2. Клинкхаммер екінші рет шаңырақ көтергеннен бастап қылмыс жайлы кітап жаза бастаған.

Ол кітабы арқылы қылмысты қалай жасағынын егжей-тегжейлі көпшілікке баяндап отырыпты.

3. Жазушы үйінің айналасына шұңқыр қазуды әдетке айналдырған.

Ричардтың бұл ісі тіпті достарын да таңғалдырыпты. Ауласынан адам денесі сиятындай ор қазған жазушы ол жерге сыра жәшіктерін сақтайтын болған.

4. Клинхаммер Ханниді өлтіріп, өлім сәтін кітабында баяндаған.

Отбасылық ұрыс кезінде Ханни жазушыны үйінен қуып шықпақ болып, қолына лом ұстап тұрады. Алайда Ричард ол ломмен Ханнидің өзін өлгенше ұрған.

Содан кейін ол әйелінің денесін ауласындағы шұңқырға көміп, үстінен бетон құйып тастапты. Ал мұның барлығын "Среда, день фарша" кітабында айтып берген.

5. Жазушыны әйелінің өліміне кінәлаған. Алайда нақты дәлел табылмапты.

Ричардтың өзі әйелінің өлімінен үш күн өткенде полицияға арызданады. Ал көршілері олардың ұрысы жайлы айтқанда, алғашқылардың бірі болып күдікке жазушы ілігеді. Алайда үйінің бәрін ақтарғанымен, полиция ешқандай айғақ таба алмайды.

6. Ханнидің денесін үйге жаңадан көшіп келгендер тапқан.

1997 жылы Клинкхаммердің жоғалған әйелі заңды түрде қайтыс болғандар тізіміне енеді. Сол кезде жазушы үйді сатып, Амстердамға көшеді.

Ал үйді сатып алған адам ескі сарайды бұзып, орнына жаңасын салмақ болған. Сол кезде Ханнидің сүйегін табады.

Сараптама нәтижесінде оның Ханни екені анықталып, жазушы қамауға алынады.

7. 68 жастағы Клинхаммерді жеті жылға бас бостандығынан айырады.

Алайда 2003 жылы оның теріс әрекеті болмағандықтан, түрмеден босатады.

Осыдан кейін жазушы тағы 13 жыл өмір сүріп, 2016 жылы өз-өзіне қол жұмсайды.

 

alashainasy.kz

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...