Жүкел Хамай. Желдің исі

ӘДЕБИЕТ
3818

Желде өткен-кеткен, қара жерде болғандардың барлығының сызығы, сызықты қуалаған иісі болады.

Осы сызықты сезген екі жылқы Ветнамнан Моңғол үстіртіне қарай жосып, біреуі жолай атылып, біреуі аман-есен кіндігін үзген жеріне жетіпті. Жаңағы кіндігі үзілген жерден көтеріліп, айналған жел-сызығы оны туған жұртына дөп əкелген. Шыр айналған дүние - көзге көрінбес толған сызық, толған иіс. Дүние - иіс пен сызықтан қүралады. 

Жуықта Бұлғыннан /Байқалдың оңтүстік беті/ Дорнот /Шығыс - қазір Владивасток, шығыс шегі деп, орыстар атап жүрген, ежелгі наймандар мекені!/-қа қарай жағал қарагер, ноқталы дөнен туған жер иісін алып жүгіріпті. Жылқының осылай босуын "жүгіру" деп атайды. Жүгірген атты тоқтатпайды. Ол нəр татпайды. Əлгі танауына келген иістің кіндігіне жеткенше, босып, жүгіре береді. Оны тоқтату - Ғұн дəуірінен бері жаман ырым. Жолына сүт шашып, Тəңіріден жетуін қалайды.

Жуықта осы күліктің иесі, атының түсін түстеп, ноқта шылбырына дейін айтып, "Бұлғынның қойнауынан Дорнот /Шығыс/-қа қарай ноқталы жағал жүгіріп /жосып/ барады. Ұстап алып, маған хабар беріңіздерші, үлкен сыйлық беремін, ", деп, телефонын жазыпты. Осы хабарға төрт мыңға жуық адам əртүрлі пікір жазыпты. Соның ішінде біреуі: ", Ей, моңғолын ұмытқан ақымақ, қай ақымақ жүгірген күлікке тосқауыл болушы еді. Өзгені қой, атам Шыңғыс қағанның жарғысына да қарсы емес пе?!", деп, пікірлепті...

Адам да солай. Жел сызығымен жүгіреді!..

Көп əңгіме, көпіртпейін.

Мен де Ендіртіде жатқан анам - Зəмзəмнің иісіті жел сызығы танауыма келіп, делбеңдеп, жүгіріп барамын. Анамммен екі апта бірге боламын!

Жүкел Хамай

author

Жүкел Хамайұлы

ҒАЛЫМ

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...